«ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2018» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Білім Қоғам
1 635 Views

Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, үнемі қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсіріп, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын.

Осыған орай «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы Қазақстан жастар Конгресінің қолдауымен «Үздік студент – 2018» республикалық жобасын ұйымдастырды. Осы жоба аясында студенттік «Жас Қыран» кітап жинағының екінші шығарылымына жариялануға құжаттар қабылдау басталған болатын. Құжаттар ғылым, өнер, спорт саласында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттерден қабылданды.

Осы жобаға ғылым бағыты бойынша «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының жетекшісі, PhD Алуа Алтынбекқызының жетекшілігімен, 5B030100 — «Құқықтану» мамандығының ІІ курс студенті Мақсат Талғатұлы Шегебаев қатысқан болатын. Ол өзінің ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын Ленгір қаласындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп — гимназиясының тоғызыншы сыныбында оқыған кезден бастаған. Мектепте оқып жүрген кезінде бірнеше рет қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен профильдік олимпиадалардың жеңімпазы атанды. Университеттің курсынан бастап студенттік ғылыми конференцияларға қатыса бастады.

Мәселен айтар болсақ, ШҚО, Өскемен қаласының «Inn&Science Asia» Ғылыми-білім беру орталығының бастауымен, «Құқықтану» мамандығының студенттері арасындағы «Цивилист» атты республикалық деңгейдегі ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференциясында бірінші орынға ие болып, студенттер конкурсының ғылыми жұмыстар жинағына енді.

Қазіргі кезде Мақсат Шегебаев өзінің жан досы әрі ғылыми әріптесі Нұрбол Қойқараевпен бірге болашақта өткелі отырған «Жас Тұран-2019» атты жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына (ғылыми жетекші – PhD Алуа Алтынбекқызы) дайындалғалы отыр.

Осы секілді соңғы бес жылдықтағы ғылыми жетістіктерінің дәлелдемелері арқасында Мақсат «Үздік студент – 2018» жобасының жеңімпазы атанып, арнайы тағайындалған «Үздік студент» төсбелгісін, Алғыс хатын иеленіп, студенттік «Жас Қыран» кітап жинағының екінші шығарылымына енді.

Бұл кітап жинағының негізгі мақсаты – елдің барлық жоғары оқу орындары арасынан ғылыми-зерттеу жұмысында, шығармашылықта, студенттердің өзін-өзі басқаруында, спортта, студенттік жасақтар қозғалысын дамытуда және басқа да оқудан тыс әрекеттерде өздерін аса белсенді көрсете білген студенттерді анықтау, марапаттау болып табылады.

Жалпы, конкурсқа қатысуға біздің республикамыздың барлық облыстары мен аймақтарындағы студенттерден 5306 өтініш түсіп, олардың ішінен кітапқа енгізу үшін 180 үздік студент іріктеліп алынды.

Кітап жинаққа республика көлеміндегі ЖОО студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енді.

Осы мәртебелі жүлдеге сәйкес біз өзіміздің студентіміз – Мақсат Талғатұлы Шегебаевты және оның ғылыми жетекшісі – PhD Алуа Алтынбекқызын жобадағы жеңісімен құттықтай отырып, келешекте өзге де осы секілді шығармашылық табыстарды тілейміз!

«Тұран» университетінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *