ЕЛГЕ БАРЫП, ҚУАНЫП ҚАЙТАМЫН

Уақыт Қоғам
330 Views

Әлі есімде, Тәуелсіздігімізді алған алғашқы жылдардың бірінде сол кездегі Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, ақын Мырзахан Ахметовтің 50 жылдығына арналғаншығармашылық кеші болып, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза бастаған бір топ жуалылық ақын-жазушылар қатысып, елдің мерейі бір көтеріліп қалды.

Бір кезеңнен екінші бір кезеңге өтіп, экономика атаулы тәлтіректеп, мәдениет, әдебиет, өнер өгей баланың халіндей болып тұрған қиын кез. Клубтар, кітапханалар жабылып, социализм дәуірінде өте қымбатқа салынған зәулім Мәдениетсарайлары болмашы тиын-тебенге сатылып кетіп, ақша қуған саудагерлердің қоймасына айналып жатты.

«Жаңабаевтар» халықтық отбасылық ансамблі.

Мырзаханның шығармашылық кешінде көсіле сөйлеген талантты жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза:

«Ашынған қарын тойынар, жыртылған етік бүтінделер. Біз рухани жағынан ашболмайық. Егер рухани жағынан аш болсақ, нағыз аштық сонда басталады», – депүлкен ұлттық көкейтесті мәселе көтеріп еді. Қазақ халқын сүйетін, әдебиеті менөнерін, мәдениетін қастерлейтін қаламгердің осы бір қанатты сөздері ешкімдібей-жай қалдырған жоқ. Сол бір қиын кездегі Жуалы ауданының басшыларыШерағаңның сол бір сөзіне ерекше назар аударып, бірде-бір мәдениет ошағының жарығы сөнбей, ең шалғай деген ауылдарда клубтар, кітапханалар жұмыс істеп,рухани іс-шаралар жүріп жатты.

«Жуалы» Халық театры. «Шатыр астындағы екеу» комедиясынан көрініс.

Бүгінгі таңда Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамытубөліміне қарасты 1 аудандық халық шығармашылығы және мәдени орталығы, 9 Мәдениет үйі, 12 ауылдық клубтар, аудандық орталықтандырылған кітапханаларжүйесі (25 кітапхана, аудандық өлкетану музейі бар. Барлығы – 48), мәдениетнысандары халықты рухани жағынан байытып, игілікті шараларды жүзеге асырып келеді.

Сондай-ақ Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығына қарасты Халықтық атағы бар бес шығармашылық ұжым жұмыс істеп, көп көңілінен шыға білуде.

«Бөкейтау» вокалды аспапты ансамблі, «Қызғалдақ» ән-би ансамблі, «Жуалы»,«Мыңбұлақ» халық театрлары және «Жаңабаевтар» отбасылық ансамблінің өнердегіқол жеткен жетістіктері бір аудан ғана емес, Жамбыл облысына, Қазақстанғабелгілі. Өнерлі жандар облыстық, республикалық байқауларда талай рет топ жарып,қол жеткен жетістіктерімен қуанып жүр. Жаңа жылдың қарсаңында «Жаңабаевтар»отбасылық ансамблінің жетекшісі Күнімбала Жаңабаева 70 жасқа толып, аудан мәдениетінесіңірген еңбегі үшін Жамбыл облысы Мәслихатының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, білікті маман Ғазиза Естаева келгелі бері көп көңілінен шығатын мәдени шаралар жандана түсті.

Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы Бауыржан Момышұлы саябағында Жуалы ауданының 95 жыл толуына орай «Мәдениет – асыл қазына» атты аудандық фестиваль және облыстық мәдениет, өнер күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтарға «Елдіктің, ерліктің мекені Жуалы ауданына – 95 жыл», «Мәдениет пен өнер – рухани өмір мәйегі», «Ұлы Жібек Жолындағы Жуалы» және басқа да тарихи шығармашылық көрмелер ерекше әсер етті.

Әсіресе, «Дәстүрім – асыл қазынам» деп аталатын қазақ ауылының этникалықкөріністерін көргенімізде таң-тамаша болып, Жуалыға ежелгі Түркі дүниесі көшіпкелгендей әсерде болдық. Ақсақалды аталар мен ақ кимешекті аналар келгенқонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, жаңадан пісірілген бауырсақ, қазы-қарта, жент пен ірімшік, қымыз бен айран ұсынуда.

Ежелгі Түркінің қаруын асынған батырлар ізетпен сәлем беріп, қазақтың ұлттық киімін киген қыздар мен келіншектер кілем тоқуда. Кимешек киген әжелердің бір тобы алдарындағы жүнді сабап, екінші тобы енді басылайын деп жатқан текеметке түр салуға кірісіпті.

Балуан денелі жігіттер отқа қыздырған болатты темір төске қойып, кезек-кезек соққылауда. Қолындағы қыранын баптаған бүркітші де, жанындағы тұлпарға сынай көз тастаған атбегі де осында.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Шақпақ ата асуында 1966 жылы орнитолог-ғалымИ.А.Долгушиннің басшылығымен Қазақстанда құстарға сақина салып, зерттеуменайналысатын арнайы ғылыми орталық ұйымдастырылды. Оңтүстік шығысында 1000 шақырымға созылған Тянь-Шань тау жоталарынан асып өте алмаған жыл құстарыШақпақ ата асуы арқылы ұшуға мәжбүр болған. Шақпақ ата асуы күзде құстароңтүстіктегі жылы аймақтарға қайта ұшып кетер кезінде аялдайтын бірден-бірқолайлы орын болып саналады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай қоныс аударатын қараторғай, шәуқара, тағанақ, торғай, тағы басқа құстардың осы Шақпақ ата асуыарқылы өтетіні оларға сақина салу арқылы анықталып отыр.

Жуалы ауданының 95 жылдығына орай, «Мәдениет – асыл қазынам» атты аудандық фестиваль аясында «Құс жолы» көрмесі өткізіліп, атқарылған мәдени шараларды кеңейте түсіп, жиналған халық риза болып жатысты.

Өткен жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Жуалы ауданының 95 жылдығына орай, 14 аудандық округінде «Жуалы – құт мекенім» фестивалі өтіп, өз жалғасын тапты.

Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев бастаған еліміздің Қаһармандары мен ҚазақстанныңЕңбек Ерлері Жуалы жеріне келіп, «Мен өз Отанымның патриотымын» атты шараның аясында өткен «Аналар аллеясының» ашылу салтанатына қатысты.

Аудандық Мәдениет үйінде «Туған жерге тағзым» атты тәрбиелік-тағылымдықмәні зор кездесу өткізіліп, Алматы қаласында тұратын белгілі жазушы-ақындар Талғат Айтбай, Мырзахан Ахметов, есімі Қазақстанға белгілі өнер қайраткері КүмісПармашқызы, ғалым, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі Сәбит Дүйсебаев және тараздық ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик ИсанСапабеков жерлестерімен қауышты.

Өткен жылы белгілі жазушы Алпысбай Шымырбаевтың 70 жылдығына орай шығармашылық кеш өтіп, аудан жұртшылығы, Алматыдан, Тараздан келген қаламгерлер қатысып, кешөте әсерлі өтті.

Таразқаласында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, дәстүрлі дала мәдениетін дәріптеумақсатында мамыр-қазан айлары аралығында өткен «Мәдениет – асыл қазынам» атты облыс аударының мәдениет күндерінің қорытынды марапаттау салтанаты өтті. «Еңүздік әдістемелік кабинет» облыстық байқауында 1 орын – Жуалы аудандық мәдениетүйі иеленді, Халықтық атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдарының «Өнер көзі –халықта» облыстық фестивалінде 2 орынды – «Бөкейтау» вокалды аспапты ансамбліжеңіп алды.

Облыстықхалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен, мемлекет және қоғам қайраткері, Т. Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына орай «ТЕАТР – ӨМІР АЙНАСЫ» әзіл-сықақ фестивалі Байзақ ауданында өтті. Фестивальге жалпы облысымыздан 15халықтық театр ұжымдары бақ сынады.

Жуалыауданынан «Жуалы» және «Мыңбұлақ» халықтық театрлары табысты өнер көрсетті.«Мыңбұлақ» халықтық театрының режиссері – Е. Бекжанов «Күлмейтін әзіл»интермедиясын өз орындауында ұсынса, «Жуалы» халықтық театрының режиссерыЕ.Каттебековтың «Шатыр астындағы екеу» комедиясы үздіктердің қатарынан табылды. Нәтижесінде, «Мыңбұлақ» халықтық театры Алғыс хатпен марапатталып, «Жуалы»халықтық театрының «Шатыр астындағы екеу» комедиясындағы басты рольді сомдағанҚуаныш Сүйінбай «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын иемденді.

Сан тарау Мыңбұлағы

Жуалым – жер жұмағы.

Рухы бар бабалардың

Ұрпағы даналардың, – деп ақын жырлағандай, өткен жылы ғана өзінің 95 жылдығын атап өткен Жуалының қай салада болса да қол жеткен жетістіктері мен табыстары айтарлықтай. «Мәдениет – өмір мәйегі» деп данышпан халық тегін айтпаса керек. Осы орайда Жуалы ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері орасан жұмыстарды жүзеге асырып, ел рухын асқақтатып жүр.

Ел игілігі, халық игілігі жасалып жатқан рухани шаралар жүректі шаттық сезімге бөлейді. Елге барып, қуанып қайттым.

Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК,

жазушы-режиссер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Алматы қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *