ТАУАР ТАҢБАСЫ ЖӘНЕ КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІММЕН КҮРЕС

Экономика Қоғам
521 Views

Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 4 бабының 4 тармағына сәйкес, тауар таңбасының иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен оған иелік етудің айырықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1025 бабының 2 тармағына сәйкес, тауар белгiсiн кез келген айналымға енгiзу: дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, тауар белгiсiн немесе осы белгiмен белгіленген тауарды сату, маңдайшадағы жазуда, жарнамада, баспа өнімдерінде немесе өзге де іскерлік құжаттамада пайдалану — тауар белгiсiн пайдалану болып саналады.

Осы Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының талаптарын бұзған жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабына сәйкес, бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма (20 АЕК), шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз (30 АЕК), орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық (40 АЕК), iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне – сексен (80 АЕК) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тауар таңбасы заңмен қорғалады және оны тауар үшін Тауар таңбасы ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге Тауар таңбасының иесі (лицензиар) Тауар таңбасының пайдалану құқығын лиценз. келісім бойынша басқа тұлғаға (лицензиатқа) беруі мүмкін. Тауар таңбасымен қатар белгілі бір фирманың тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі депте атайды) мен шығарылатын өнімге емес, шығарушы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған Тауар таңбасы, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған латынша R әріпімен – таңбаланады. Тауар таңбасын иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айырықша құқығы болады.

Зияткерлік өнеркәсіп меншік нысандарының бірі-бұл тауар таңбалары және тауардың шыққан жерлерінің атаулары. Аталмыш объектілер ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауардың шыққан жерлерінің атаулары» туралы заңнамамен реттеледі.

Статистика бойынша, қазіргі таңда әрбір адам күніне үш мың тауар белгісімен бетпе-бет келеді. Дүкен сөрелерін айтпағанның өзінде телевидение, радио, ғаламторда, көшелерде тауар таңбаларын көруге болады. Бүгінде олар бизнестің маңызды бөлшігіне айналды.

Тауар таңбасына заңда былайша түсінік берілген: тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы-заңға сәйкес тіркелген немесе ҚР қатысатын халықаралық шарттардың күшімен тіркеусіз-ақ қорғалатын бір заңды және жеке тұлғаның тауарын келесі бір заңды және жеке тұлғаның біртектес тауарынан ажырататын белгі.

Осы аңықтамадан тауар таңбасының өнімді, қызмет түрін айқындайтын қызмет атқаратынын түсінуге болады.

Бірақ «тауар таңбасы» атауының өзіне тоқталып, оның тек айқындағыш құрал емес, құқықтық күші бар, мемлекеттік қорғауындағы тіркелген белгі екенін атап өту керек.

Контрафактілік тауарларды сатып алу қауіпін болдырмау үшін өнімдердің мынадай белгілері бар-жоғын есте сақтап, тексеріп алу қажет:

Тіркелген тауар белгісі — тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, көлем белгілері және өзгеде белгілер кез келген бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін. Тіркелген әрбір тауар белгісіне заңды иесі тауар белгісі пайдаланатын өнім толық сипатталатын куәлік алады. Тауар белгісін қорғау белгісі — латынша «R» немесе латынша «R» әріпі шеңберге алынған болуы тиіс. Әрбір тіркеуге алынған тауар белгісінде құқықтық қорғау мен сақтау белгісі болады, ол тауар белгісінің жанына орналастырылады және бұл белгі аталған тауардың қорғалатынын білдіреді. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз оның тауар белгісіне ұқсас белгілерді, тауар белгісін дараландыру үшін тіркелген тауар таңбасын немесе біртектес тауарларды пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ, себебі осылайша пайдаланудың нәтижесінде олардың араласып кету мүмкіндігі туындайды. Тауар белгісін пайдалануға рұқсат беретін құжаттар. Құқық иеленуші заңмен қорғалатын және тіркелген тауар белгісін басқа тұлғаға пайдалануға бере алады, алайда ол тиісті құжаттармен (тауар белгісіне берілетін айрықша құқықты иеліктен шығару туралы келісім-шарт немесе тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық келісім-шарт) расталуы тиіс.

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Түркістан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы,«Қазақстан Заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *