ЕЛІМІЗГЕ КӨПІР ИНСПЕКЦИЯСЫ ҚАЖЕТ-АҚ!

Мәселе
316 Views

Қазақстан тәуелсіз ел болса да, әлі күнге дейін отандық өндірушілер көпір құрамаларын жасау мен монтаждау сапасын тексеруде Ресейдің көпір инспекциясының қызметіне жүгінуде.

«Көпірлерде және жол өтпелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу құнын оңтайландыру, Қазақстан нарығына өнімнің жаңа түрін енгізу жолдары» деп аталатын бұл шараны биыл құрылғанына 60 жыл толып отырған Алматы көпір құрамалары зауыты (АКҚЗ) ұйымдастырды.

– Көпірлер ұлттық қауіпсіздік нысандарының қатарына кіреді. Оған ерекше талаптар қойылады. Бүгінде мемлекет көлік инфрақұрылымына қомақты қаржы жұмсауда. Бізде өз қызметін жақсы атқарып жатқан Сапа орталығы бар. Алайда көпірлер ерекше бақылауды қажет етеді Мәселен, Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасы басталған кезде көпірге еш қатысы жоқ және оның қарапайым талаптарын да білмейтін зауыттар көпір құрамаларын жасай бастады. Сондықтан бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешу керек. Қазақстандық көпір инспекциясы керек сапаны бақылайтын, – дейді «АКҚЗ Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Шардинов.

Сарапшылардың бағалауынша, жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздегі авто және темір жол көпірлері мен жаяу жүргіншілер, су және өзге де өтпелердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі орасан зор. Әзірге мұндай жағдай соңғы 30 жылда көктемгі қарғын су мен жауын-шашын әсерінен болатын селдер кезінде ғана байқалып жүр. Сондықтан зілзала, қар, топырақ көшкіні, өрт секілді өзге табиғат апаттары орын алған жағдайда ахуалдың қаншалықты күрделі болатынын Түркиядағы зілзала көрсетті. Мәселен, азқабатты үйлердің құрылысы бойынша ғылыми монография жазып жүрген, жобалау компаниясының басшысы, архитектор Ақмырза Тұрсынбайдың сөзіне қарағанда, республика аумағының 40 пайызы сейсмикалық жағынан белсенді аймақтар саналады. Бұл Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағы. Онда тұрғын үйлерден бастап, өзге де инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық тұрғыдан да маңызды.

Ұлттық статистика бюросының есебіне қарағанда, республикада тұратын 17,9 млн халықтың жартысынан көбі немесе 9,7 млн-ы сейсмикалық жағынан қауіпті аймақтың тұрғындары. Атап айтқанда Алматы қаласы мен Түркістан облысында 2,1 млн-нан, Алматы облысында 1,5 млн, Жамбыл облысында 1,2 млн, Шымкент қаласында 1,1 млн, Қызылорда облысында 833 мың, Шығыс Қазақстан облысында 730 мың халық бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *