ЕЛІМІЗДЕ КӨМІР ҚЫМБАТ ПА, ӨМІР ҚЫМБАТ ПА?

Қоғам
306 Views

Моңғолияда көмір сату коррупциясымен ұсталған шенеуніктерді Қытай жағы ату жазасына осылай кескен. Бұл ақпарат қытай және моңғол баспасөзінде ресми жарияланды.

12 миллиардты қолды еткені үшін халық көтеріліп, үкімет үйін басып кірді. Ал қазақтың отыз жылда көмір түгілі мұнайы, ураны, мысы ұрланып, 300 миллиард «далаға» кетті. Қаңтар қырғынында қазақтың қыршын жастарының өмірі қиылды.

Осыған жауап берген, жазаға тартылған бір шенеунік бар ма бізде? Жазаға тартылмақ тұрмақ, керісінше елден бытырай қашты емес пе, мемлекет басшысы — сол кездегі үкімет басы Маминды арқадан қағып, алғысын айтып шығарып салды.

Бізде бәрі керісінше!

Ұландықтар ұясында тыныш отыра алмады. Жер шарындағы ең тыныш ел деп танылған Моңғолияның тыныштығын бұзған жемқорлар екендігі анықталды. Жемқорлыққа толы біздің ел ме десек Моңғолия жұртшылығы да пайда болғаны ма. Кейбір дерек көздерге көз салсақ, бұл істі Моңғолиядағы қылмыстық топтың жасағандығы олардың құрықталғаны жазылған. Олар көмірді көлеңкелі бизнеске айналдырғандар шенді шекпенділер екендігі дәлелдеген. Қытай кеден бақылау қызметі анықтаған бұл жайтты Моңғолия жұртшылығының ашу ызасына әкеп соқтырды. Монғолдардан тиелген көмір вагондары қытайлықтарға жетемін дегенше азайып жол бойы тоналып отырған. Тонаушылықты әдетке айналдырған Моңғолиялық шенділер ел алдында өз жазаларын алуда. Қытайдың қатал жазасы Моңғолдардың басты байлықтары көмір екендігі сол көмірмен қалтасын қалыңдатқан шенділерді үкімет үйіне қуып тыққандығы оқырмандарға таңсық жағдай. Вагондап көмір, құбыр-құбыр мұнай ұрлап жатқан біздің ұрылар туралы айтайын дегенбіз. Біздің елде не кіріп нелердің шығып жатқандығы бей мәлім. Әйтеуір атқа мінерлердің ауыз толтырып айтары процент көрсеткіші. Сөйттік бүйттік әйтеуір жауаптары дайын. Моңғолияға қараған елімізде алтын астаудың ішінде аш жалаңаш отырған елміз. Моңғолдар қанша көмір тоналғанын біледі.

Ал біз қанша байлығымыз сыртқа шыққандығын білмейміз. Білетініміз Менделеевтің кестесіндегі элементтер байтақ даламызда жатқандығы. Қанша ма мұнайымыз Қытайға кетті. Алтынымыз АҚШ тың төрінде жатыр. Қарағандының қара маржаны қаңғып қанша елге кетті десеңші. Кімдер отыз жыл бойы елдің байлығына иеленіп жүргендер? Уран,газ басқаларын айтпай-ақ қояйық. Сәтбаевты сапырып, Қазақмысты билеп, қазақтың мысын басқандар кімдер? Сөздің төркіні көмірден басталды ғой. Ендеше осы тақырыпты талқылап көрейік. Еліміз жыл бойы 20.6 миллион тонна көмірді шет елдерге шығарады.

Біздің қатты отынды сатып алатын Үндістан, Еуропа, Оңтүстік Корея Қытай сынды алпауыт елдер тұтынады. Биылғы жылдың өзінде Үнділерге 16.2 мың тонна, көздері сықсиған кәрістерге 42 мың, тіпті Мароккоға 33.6 мың тоннаны есіктерінің алдына жеткізіп бердік. Еліміз көмір қорынан алдыңғы қатардағы елміз. Осылай ғана көкірегімізді керіп қана айта аламыз. Ондағы пайданы мемлекет көріп отыр ма деген сауал туындайды. Моңғол жұрты ұрланған көміріне жауап тапты. Бізше жоғымызды жоқтап, елден шыққан қара маржанымыз, баррельдеп сатылған мұнайымыз, асу асқан алтынымыз, құрлыққа кеткен темірмен мысты құнын кімнен сұрап дауларды? Әлде сұрауға құқығымыздың жоқтығы ма? Көл-көсір байлықтың үстінде тырдай жалаңаш отырған халықпыз. Күлетін жағдай емес. Жегеннің ауызында ұстағанның қолында қаншама қазақстанның байлығы кетті? Отыз жылда көмірімізді емес өмірімізді ұрлағандар жауап берер мекен? Сұрайтын кез енді келіп жетті.

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев енді елден шыққан активтерді елге қайтарамыз деп ұрылардың ұйқысын быт-шытын шығарды. Елімізде енді заң күшіне енеді. Ұрының арты бір тұтам. Елдің байлығына иеленіп жүргендердің ісі май шаммен қаралатын болады.

Мәди ӘШІМБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *