БЕРЕКЕ БЕЙНЕТПЕН КЕЛЕДІ

Қоғам
208 Views

Өткен жылы Қарасу ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында қызанақ және қияр өсіретін ЖК «Валиев» жылыжайы ашылған.

Басшысы Валиев Селимхан.

Кәсіпкердің айтуынша, 5 гектар аумақты ұзақ мерзімді пайдалану құқығымен алып, кәсібін дөңгелетіп келеді. Осы жердің 60 соттық бөлігі жылыжай, қалған 2,5 гектары ашық суармалы жер. Жерлеріне көкөністің дақылдарын егіп, көшеттерін өсіріп, өнімін шығарады.

Жылыжайда бірінші айналымында қиярдың «Семеренко» сорты егілген. Екінші айналымында «Умагна» голландиялық сортынан 13 мың түп қызанақ егілген, жақынарада жемісін бермек.

Ал, ашық суармалы жеріне картоп, қияр, қызанақтың бірнеше сорттары, болгар бұрышы, жүгері, бақша өнімдерінен қарбыз өсіруде.

Кәсіпкер шаруашылығын дамытуға 120 млн. жуық қаржы жұмсаған.

Қаржы есебінен жылыжай және қойманың құрылыстары жүргізілген. Электр жарығы тартылған. Қыс маусымында жылыжайды көмірмен жылытып, бірқалыпты жылуды ұстау үшін тәулігіне 2-2,5 тонна көмір жаққан. 4 айдың ішінде 280 тонна көлемінде көмірді пайдаланған.

Сонымен қатар, су ұңғымасы орнатылған. Жылыжайдың жеріне тамшылатып суару әдісін қолданады.

Биылғы жылы қияр өсірілген жерінен 7 терім жүргізген. Жалпы 40 тоннаға жуық қияр өнімі терілген.

Өндірілген өнімдері облыстан бөлек, Қарағанды және Астана қалаларына сауда орындарына шығарылады. Жергілікті көкөністі қайта өңдейтін консерві цехтарынан да сұраныстар көп.

Көкөністі түрлі зиянкестер мен аурудан қорғайтын, өсімін жақсартатын «Ягуар» тыңайтқышы, кальций, магний, жапырақтардың күтіміне арналған бірнеше дәрумендер беріледі.

Осы шаруашылыққа 25 адам жұмыспен қамтылған. Жылыжайдың жұмысшыларына 3 мезгіл, ал ашық далалы жердің жұмысшыларына 1 мезгіл тамақтандыру мәселесі және тасымалдау қызметі қарастырылған. Олардың орташа есеппен алатын жалақылары 100-120 мың теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы жылыжайды 2 гектарға ұлғайтып, қызғалдақ гүлін өсіруді жоспарлап отыр.

Аудан әкімі аталған шаруашылықтың жұмысымен танысып, шаруашылықты дамыту арқылы өнімділікті арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау көрсету қажеттігін тиісті сала басшыларына тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *