ЕСКІ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Қоғам
105 Views

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Ақпан батыр көшесінде су құбыры желісін қайта құру жұмыстары басталды. Құбырды жаңарту Жібек жолы мен Иляев көшелерінің арасында д- 500 мм құбырды ауыстырумен жүргізіледі. Жалпы алғанда тозығы жеткен су құбыры желісінің 300 қ. м. ауыстырылады.

Ақпан батыр көшесінде екі жолақтық автокөлікті қозғалыс жүреді. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қиындық туғызбау үшін су құбырын қайта құру жұмыстары ашық тәсілмен емес, көлденең бағытталған бұрғылау қондырғысының көмегімен жүргізіледі. Бір-бірінен 60 метр қашықтықта бірнеше жерден асфальт тесіледі. Осылайша, көшедегі жол төсемі мүлдем зардап шекпейді. Бұрғылау қондырғысы осы типтегі механизмдердің соңғы буындарынан екенін айта кету керек.

Ақпан батыр көшесіндегі су құбырын жаңарту жұмыстарын 2024 жылдың күзінде аяқтау жоспарлануда. Одан басқа «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС балансындағы су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту Шымкент қаласының басқа аудандарында да жүргізілуде. Осындай жұмыстарды жүргізу туралы сұрақтар туындаған жағдайда, сіз кәсіпорынның әлеуметтік желідегі аккаунттарына немесе whatsapp +77057581111-ге жаза аласыз.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің

қоғаммен байланыс бөлімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *