ҚАРЫЗҒА МИКРОНЕСИЕ БЕРГЕННЕН ГӨРІ ШАРУАҒА ЖЕР МЕН ТЕХНИКА БЕРГЕН ТИІМДІ

Саясат Қоғам
141 Views

Еліміздің 40 пайыз тұрғыны ауылдық жерлерде қоныс тепкен. Білесіздер, ауылда мектепмұғалімдері мен медицина қызметкерлері, ауылдық әкімдік қызметкерлері жалақыменкүн көріп отыр. Басқа ағайын мал және егін шаруалығымен айналысады. Шындығында ауыл шаруашылығын жүргізу жұмыстарында көп қиыншылықтар кездесетіні шындық.

Мемлекет тарапынан микрокредиттер мен субсидиялар берілмей жатқан жоқ, барынша төмен пайызбен берілуде. Алайда субсидиялардың талабы ауыр екенін айта кетейік. Мәселен, жүзімдік алқабын егуге субсидия алу үшін он гектар жерің болуы керек. Ауылда көп шаруалар осындай шарттың кесірінен мемлекеттік жеңілдіктен қағылып отыр.

Егер Үкімет ел экономикасын арттырғысы, ауыл шаруашылығын дамытқысы келсе қара жерге белі еңкейіп еңбек еткен әрбір шаруаға, мейлі оның жері бес гектар болсын, мейлі бес сотық болсын, субсидия міндетті түрде берілуі керек! Өйткені, біздің елімізді табысқа жеткізетін осы секілді ұсақ шаруа иелері. Голландия тек қызғалдақ егіп, сырт елдерге импортқа шығарумен атағы да шықты, табысы да артты. Агромемлекет ретінде біз де аграрлық шаруашылыққа көп көңіл бөлсек екен. Шаруалар ұзақ жылдар қатарынан жалға болсын егістікті алқаптармен және жайылымдық жерлермен қамтылуы керек!

Тағы бір екінші мәселе, микрокредит қаржылай емес, техника түрінде берілгені абзалырақ болып тұр. Себебі, бұған дейін қаралған қаржы, бөлінген несие, субсидия… тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. Ауылға деп бөлінген миллиардтардың тек тамшысы ғана таматын, тіпті ол да жоқ, суға сіңген судай жоқ болды.

Сол себепті, егінге трактор, комбайн секілді су жаңа техникалар ұзақ жылдар бойы бөліп төлеуге, яғни шаруа аяққа тұрғанша қарыздан құтыла алатындай деңгейге жетуі керек. Мал шаруашылығы да осылай, ұсақ мал (ешкі, қой), ірі мал қолға берілсе құба-құп. Әрбір ауыл тұрғыны ақшалай емес, заттай алғандықтан оны игеріп кету әлдеқайда оңай.

Үшіншіден, жылыжай өнімдерін, даладағы егістіктің өнімдерін сақтайтын ортақ қойма, тасымал қызметі, дайын өнімді шаруаның қолынан сатып алып кету қызметі мемлекеттік бағдарлама арқылы ұйымдастыруы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *