Е. АЙТАХАНОВ – ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА ӘКІМІ

Билік
895 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Осыған дейін бұл қызметті Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов атқарған.

Ерлан Қуанышұлы Айтаханов 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Отырар ауданында туған. Еңбек жолын 1994 жылы «Alem Bank Kazakstan» несие беру департаментінің экономисі болып бастаған. 1995-2012 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит беру департаментінің бас маманы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бөлімінің бастығы, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы болып қызмет еткен.

Бұдан кейін Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының кеңесшісі, Алматы қаласы тарифтер жөніндегі басқармасының бастығы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Ақмола облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бастығы, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2014 жылғы қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы әкімінің орынбасары, 2106 жылдан бастап Отырар ауданының әкімі болған.

Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің ұжымы Ерлан Қуанышұлы жаңа лауазымдық қызметімен құттықтап, оның тәуелсіз де егемен еліміздің үшінші ірі мегаполисінің гүлденіп, көркейіп, дамуы жолында жемісті еңбек етуіне шынайы тілектестігін білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *