ЖАЗУШЫ МЕРЕЙІ

Мерей
330 Views

Биылғы көктем белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы үшін табысты болып отыр. 1969 жылы Қиыр Шығыстағы Даманск аралы үшін қақтығысқа қатысқаны үшін Президентіміздің жарлығымен Ұлы Отан соғысы ардагері атанған болатын.

Жуырда Алматыдағы Офицерлер Үйінде осыған байланысты арнайы жиын өтіп, оған ардагерлер, шекарашылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Осы жиында Даманск оқиғасы ардагерлерінің республикалық ұйымының төрағасы Н.Қапалбекұлына «Даманск оқиғасына – 55 жыл» атты мерекелік медаль тапсырылды.

Алматыдағы Офицерлер үйінде және Астанадағы Қорғаныс министрлігі музейіне оның кітаптары мен фотосуреттері қойылды.

Сондай-ақ Н.Қапалбекұлы жақында халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты атағын алды. Қор директоры Б.Батыр арнайы төсбелгі мен куәлігін тапсырып, көрнекті жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Махамбет» және «Жұмекен» журналдарының ақылдастар алқасы мүшесі болғанын жеткізді.

Жазушылар Одағында өткен бұл салтанатта Одақ төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы, жазушы-әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыш, т.б. сөз сөйлеп, Н.Қапалбекұлының жазушылық әрі қайраткерлік саладағы игі істерін сипаттап атап өтті.

Көктемнің тағы бір қуанышты хабары Чувашия Республикасынан жетті. Бұл елдегі Жазушылар Одағының құрылғанына 100 жыл толуына орай Н.Қапалбекұлы арнайы мерекелік медальмен марапатталды. Ол бұған дейін Чувашия Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері болып, осы елдің халық батыры атағын алған еді.

Жазушының таңдамалы бір томдық жинағы чуваш тіліне аударылып, биыл жарық көрмекші.

Ардақ КАКИМОВА,

Жамбыл атындағы филологиялық зерттеулер Ғылыми орталығының маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *