«ЖАҢА КӘСІП БАСТАУҒА ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ӘЛЕУЕТІ МОЛ»

Экономика Қоғам
140 Views

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардараауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік нысандарын аралады. Жергілікті кәсіпкерлермен жүздесіп, оларға мемлекеттік бағдарламалар беретін мүмкіндіктер туралы айтты. Ауданда тамшылатып суаруәдісін пайдаланып, жүгері егуге ниет білдірген түрік инвесторларымен кездесті. Облыс әкімі инвесторлармен зауыт ашу мәселесін талқылады. Мемлекеттен қолдау болатынын айтып, Түркия елінен келген кәсіпкерлерге негізгі талаптардытүсіндірді.

– Бізге ең керегі– халықты үйрету. Жаңа кәсіпті дамытудың жолдарын, оның қыр-сырын жергіліктітұрғындарға үйрету керек. Жаңа кәсіп бастауға Түркістан өңірінің әлеуеті мол. Зауытты Түркістанда ашуды ұсынамын. Қолдау болады. Өңірде су үнемдеуден технологияларын ендіру жұмыстарына күш салынған. Шаруаларға қолдау көрсетіледі,– деді өңір басшысы.

Аймақ басшысы Жаушықұм ауылдық округінде орналасқан «Тұрар» шаруа қожалығында болып, қожалықтың тамшылатып суару әдісін пайдалану бойынша жұмысымен танысты. Егістік алқабы 286,5 гектарды құрайды. Биыл шаруа пияз және бақша дақылдарын еккен. Шаруа қожалығы тамшылатып суару әдісі арқылы өнімдерін өсіруде.

Дархан Сатыбалды Шардара қаласындағы «Шебер» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тігін фабрикасында болды. Киім-кешек, көрпе-төсек, аяқ-киім, әскери киім, мектеп киім үлгісі, арнайы киімдер тігіп шығаратын цехта 50 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Бұл жобаға кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен 200 млн теңге инвестиция тартылған. Кәсіп иесі Бақтыкерей Омар мемлекеттік қолдау арқылы жылына өндіретін өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.

Кәсіпкерлермен кездескен өңір басшысы аудан әкімі мен басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды күшейтуді тапсырды.

«ОЙДАҒЫДАЙ ӨНІМ АЛУ ҮШІН СУ ҚАЖЕТТІ МӨЛШЕРДЕ ЖЕТКІЗІЛУІ КЕРЕК»

Аграрлы өлкенің ең өзекті мәселесі – ағын су. Соңғы жылдары Жетісай ауданындағы егістік алқаптарға «Достық» магистральды каналы арқылы келетін ағын су мөлшерінің жетіспеушілігі мен каналдардың, арық-атыздардың дер кезінде тазаланбауы шаруалардың мол өнім алуларына кедергі келтіріп отыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында «Достық» магистралды каналы арқылы келетін ағын су жеткіліксіз болған жағдайда Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру арқылы қосымша ағын су алу мақсатында салынған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналында болып, ағын су беру маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.

Аталған су арналарына жауапты «Қазсушар» РМК басшыларымен бірге жергілікті шаруалармен кездесіп, өзекті мәселенің шешу жолдарын түсіндірді. Облыс әкімі шұғыл түрде тиісті сала мамандарын тарта отырып, аталған каналдардың су өтімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Өткен жылы мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша су сорғы станциясындағы 3 дана су сорғы агрегаттарын жөнделген. Су сорғы станциялары арқылы жеткізуші каналдың тығынды аумақтарында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы жалпы 8 дана насос агрегаттарын жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осы мақсатта мердігерді анықтау іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

– Шаруалардың ойдағыдай өнім алуы үшін ағын су уақытылы және қажетті мөлшерде жеткізілуі керек. Бұл ортақ мәселе. Ағын судың тиісті көлемде шаруаларға жеткізілуіне каналдарды қалыпты жағдайда ұстау және орын алған ақауларды дер кезінде қалпына келтірілуі маңызды. Егістікті әртараптандыру бағытындағы жұмыстарға, су үнемдеу технологиясын ендіруге күш салу керек. Өкінішке орай, бұл салада маман тапшылығы бар. Жалпы барлық жерде білікті маман қажет. Бұл салаға жаңашылдық, даму жетіспей тұр, – деді Дархан Сатыбалды.

Осыдан 13 жыл бұрын салынған каналдың сыртқы факторлар, яғни жер асты ақаба суының әсерінен каналдың ішкі жақтаулары құлап, каналдың ұлтаны толып су өткізу қабілеті төмендеуіне әкелуде. Өткен жылдың вегитациялық кезеңінде жалпы 12 насостың 5 данасы іске қосуға мүмкіндік болып, канал арқылы 22 м3/с ағын су берілген. 2024 жылдың суармалы кезеңіне су сорғы станцияларындағы агрегаттардың саны артады. Машиналық канал кешеніне түбегейлі жоба шешім қабылдау мақсатында, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы мамандарымен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінге аталған нысан бойынша жоба әзірлеуге зерделеу жұмыстары атқарылуда.

Нәтижесінде Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру нысан кешенін қайта құру арқылы бастапқы жобадағы ұзындығы 29 шақырымды құрайтын каналдан 86 700 гектардан 120 мың га суармалы жерге ағын су тапшылығын жоя отырып, кепілді ағын сумен қамтамасыз етіледі. Биылғы жылдың вегитациялық кезеңіне 12 насостың 10 данасы іске қосылуға дайын. Сонымен қатар жалпы 16 мың га суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз етуге арналған К-30, К-28 каналдарының құрылысы 2010-2012 жылдар аралығында басталып, аяқталмаған жобалардың құрылысын қайта жүргізуге «Су шаруашылығы комитеті» тарапынан бірқатар іс-шаралар атқаруда.

Атап айтқанда, К-30 каналының сметалық жоба құны бағамын ұлғайтуға ҚР Қаржы министрлігінің бюджеттік комиссиясының оң шешімі алынды және бүгінге жабаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Әзірленген жобаға сәйкес, құрылыс жұмыстары іске асырылады. К-28 каналының қалған жұмыстарына түзету жобасы жүргізілуде. Дайындалған жобаға сәйкес, құрылысты іске асыру жұмыстары «Қазсушар» РМК тарапынан атқарылатын болады.

Айта кетейік, экономикасының басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласы құрайтын Жетісай ауданының егістік алқаптарына ағын су жеткізетін жалпы ұзындығы 1553 шақырымды құрайтын 781 канал бар.

«ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСЫП ЖАТҚАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАРЫНША ЖАҒДАЙ ЖАСАЙМЫЗ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды отандық инвесторлармен кездесіп, өңірде өндіріс зауыттарын ашу бойынша келіссөздер жүргізді. «ЕвразияТранзитГрупп» ЖШС Байқау кеңесінің құрылтайшысы және Төрағасы, «Қазмехлитпром» ЖШС-нің өкілі Серік Уәлиевпен кездесуде бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Бұл компания Түркістан облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін арнайы ашылған. «Қазмехлитпром» көлік-экспедиторлық қызметтер көрсетеді және Қазақстан мен ТМД елдерінің бүкіл аумағы бойынша жүк тасымалдайтын вагон-цистерналар мен вагондар ұсынады.

– Біздің өңір –Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Осы орайда, Қазақстанныңлогистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Түркістан облысында Орталық Азиямен Еуразиялық Экономикалық Одақ арасындағы экспорт пен импортты кеңейтуге мүмкіндік беретін құрғақ портты енгізу жоспарлануда. Инвестиция тарту, өндірісорындарын ашу – біздің басты бағытымыз. Отандық компаниялардың бизнесті дамытужөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымызұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз. Жаңа бастама өзге де инвесторлар үшінүлгі болады деген сенім бар. Түркістан өңірі еңбек ресурсына бай, халқымыз өтееңбекқор. Ауа райы қолайлы. Кәсіпкерлер үшін қолайлы инвестклимат қалыптасқан.Түркістанды түлетуге үлес қосып жатқан кәсіпкерлерге барынша жағдай жасаймыз, –деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Жоспар жүзеге асқанда жаңа кәсіпорын 20 гектар аймақта орналасады. Онда вагон бөлшектері, тау-кен, металлургия кешені үшін, құрылыс және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға арналған жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығарылмақ. Тараптар Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыт ашу бойынша бастаманы жан-жақты пысықтады. Отандық инвестор бұл мақсатта 20 млн АҚШ долларынан астам қаражат құюға дайын. Жобаның қуаттылығы жыл сайын артпақ. Ауысымына 200 тонна болат құятын зауытта 100-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Инвестор түркілер ордасында еңбек етудегі таңдауын түсіндіріп, бұл жобаның рухани маңыздылығына тоқталды.

– Түркі әлемінің алтын бесігі – қасиетті де киелі мекенде еңбек етіп, Түркістанның дамуына үлес қосудың біз үшін рухани маңыздылығы зор. Жаңа бастаманы абыроймен атқаруға, елге қызмет етуге келіп отырмыз. Жобамыз жүзеге асқан соң, оны әрі қарай кеңейтуді көздейміз. Бұл бағытта қолдау білдіргендеріңізге алғыс айтамыз, – деді Серік Уалиев.

Түркістан облысында инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу бағытында жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Биыл агроөнеркәсіп, өнеркәсіп, құрылыс және туризм және өзге де салалар бойынша ірі жобалар жоспарланған.

ЖІБЕК ӨНДІРІСІ – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАБЫСТЫ КӘСІПТЕРДІҢ БІРІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірде жібек кластері пилоттық жоба ретінде дамиды. Жетісай ауданындатұт өсіру арқылы жібек құртын өндіру ісі қолға алынып, өткен жылы көршілесӨзбекстан елінің Әндіжан қаласынан әкелінген жапондық «Ашима» сортының алғашқы10 мың данасы егілген болатын. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, жібек кластерін дамыту мақсатында тұт ағаштарын отырғызуға болатын ауданныңтеңгеріміндегі 31,8 гектар жер қарастырылып отыр.

Жібек – жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Оны өндіру – аудан экономикасын ары қарай дамытуға мол септігін тигізеді.

Жібек өндірісін дамытуға қызығушылық білдірген 6 кәсіпкер анықталып, қолдағы 52 гектар жердің бүгінгі таңда 25 гектар жеріне «Шапағат Нұры-2» шаруа қожалығы тұт ағашының «Мархаба 2017» сортынан 250 мың түп көшет отырғызуда.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жауаптыларға тапсырма берді. Биыл жоспар бойынша Жетісай ауданында 400 га жерге тұт өсірілмек. Алда тоқыма өндірісін дамыту көзделген.

– Бұл өте ұтымды жоба, сондықтан осы саланы дамытуымыз керек. Жаңа істің пайдасын диқандар әлі білмей жүр. Бұл ағаш өсіріп, оны ұрпаққа мұраға қалатын кәсіп. Суды аз қажет етеді, шығыны да көп емес. Экологиялық тұрғыдан да қолайлы. Жібек өндірісі – әлемдегі ең табысты кәсіптердің бірі. Жібек талшығы жібек құртынан алынады. Ал жібек құртының негізгі азығы ол тұт ағашы. 1 гектар тұт бауынан орташа есеппен 50 тонна жапырақ алынады. Осылайша, шаруа ұтады. Одан жіп, мата шығару ісін дамыту керек. Іс дамығанда жұмыс орны көптеп ашылады. Сондықтан жібек өндірісін жолға қою – табысты арттырудың тиімді тәсілі, – деді шаруалармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жүзеге асыруға «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығынан 100 млн теңге несие алынған.

Мамандар тұт ағашын егу арқылы отбасылық кәсіп ашып, табиғаты қолайлы өңірде 1 гектар жерге егілген тұт ағашының жапырағынан 2 млн теңгеге дейін, ал, жібек құртын өсіру арқылы 1 гектар баудан 4,5 млн теңгеге дейін пайда табуға болатынын айтады. Егер бұл өлкеде осы кәсіп жаппай қолға алынатын болса өнімдерді Шығыс Еуропа мен Жапония, Оңтүстік Кореяға, Қытайға еш кедергісіз сатуға болатынын алға тартады.

Жібек құртынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшықты өндіру – өнім экономикасын ары қарай дамытуға мол септігін тигізеді. Өндірілген өнімнің келісін көршілес өзбекстандық инвесторлар 600 теңгеге дейінгі бағада сатып алуға ниет білдіріп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін де отандық және Өзбекстан елінен шақырылған тұт шаруашылығы мамандары жергілікті шаруалармен бірнеше рет кездесулер мен семинар-кеңестер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде Жетісай ауданында жібек кластерін дамытуға арналған жалпы жер қоры 83,8 гектарға жеткен.

«КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙМЫЗ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласы, Ащысай ауылына барды. Жергілікті тұрғындармен, қоғам белсенділерімен кездесіп, ауылды дамыту мәселесін талқылады.

Бүгінде ауылда 1 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектеп, 1 Мәдениет үйі, 1 кітапхана, 2 спорт алаңшасы, 1 почта байланыс бөлімшесі бар.

Облыс әкімі Мәдениет үйінде болып, жай-күйімен танысты. Жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар ауылға газ тарту, жол салу, туризмді дамыту мәселелерін көтерді. Мәдениет үйін жөндеуден өткізу жөнінде өтініш айтылды. Сонымен бірге балалар лагерін ашу, демалыс орындарын көбейту, инфрақұрылымды жақсарту туралы ойлар қозғалды.

Одан кейін«Ащысай» дәрігерлік амбулаториясы мен «Сәуле» балабақшасына барды. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі сараланды.

Дархан Сатыбалды «Ащысай» түсті металл комбинатының Ащысай руднигіне қарасты металлургиялық цехының қалдықтар қоймасы мен ауыл шетіндегі өндірістік шахтаға да барып, қазіргі жағдайымен танысты. Өндіріс орындарын ашу бағытындағы ойлар айтылып, ұсыныстар тыңдалды.

– Ащысай ауылындамыту мәселесін жан-жақты қарастырамыз. Егер жұмыс орындары болмаса, тұрғындаркөшін шектей алмаймыз. Сондықтан бірінші кезекте жұмыс орындарын, кәсіпорындарашу мәселесін шешуге күш саламыз. Жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлердің бастамаларын қолдаймыз. Тау-кен орындарын барлап, зерделеу жүргізу керек.Жауапты басқармалар өздеріңізде бар мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларарқылы қолдау көрсетіңіздер. Екіншіден, туризмді дамытуға инвестиция тартужолын қарастырайық. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Кентау қаласының әкімімен басқарма басшыларына Ащысай ауылын дамыту бойынша жоспар әзірлеудітапсырамын. Осы аймақтан түлеп ұшқан азаматтар да туған жерді түлетуге үлесқосады деп ойлаймын, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға уақыт берді.

Кезіндеөндірісімен танылған Ащысай ауылында қазір 2 мыңға жуық тұрғын бар. Ауылдажалпы 15,12 шақырым жол болса, оның 11,7 шақырымына асфальт төселген. Тұрғынүйлер саны 336 болса, мемлекеттік мекеме ғимараттары – 13. Ал жеке кәсіпкерлер ғимараттарының саны – 5. Ауыл электрмен, ауыз сумен қамтылған. Ащысай тау-кенөндірісі мүмкіндігін зерттеу, қазбаларды кәдеге жарату бойынша жауаптыминистрлікке ұсыныс хат жолданған.

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРУ МҮМКІНДІГІ БАР

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдықытайлық инвесторлармен кездесті. Облыс әкімі көрші елдің ірі компаниябасшылығымен бірге бірнеше жаңа жобаларды талқылады. Ауыл шаруашылығы саласындамытуға бел буған компания облыс аумағында талдау жұмыстарын жүргізіп, жобаларын пысықтайды. Сондай-ақ тараптар инфрақұрылым дамытуға инвестиция тартумәселесін де қарастырды. Кездесуде инвесторлар облыс әкімін Қытайдағызауыттарының жұмысымен танысуға шақырды.

Түркістаноблысында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар ауылшаруашылығы, азық-түлік өндірісі секілді салаларды дамытуда бірлесе жұмысжасауға дайын. Жаңа зауыт, фабрикалардың іске қосылуы өңір халқының әл-ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады.

Мемлекетбасшысының тапсырмасы бойынша елімізде іске асырылып жатқан барлықинвестициялық жобалардың бірыңғай пулы қалыптастырылған. Көптеген жобалардыіске асыру 5 жылға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Түркістан облысында қытайлық компаниялардың қатысуымен өңіраралық кооперацияны дамытудың әлеуеті жоғары.Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары –индустриялық аймақтар және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы туралы айтыпберді. Аталған алаңдар инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады.

Түркістан облысыбойынша дайын инфрақұрылымы бар 9 индустриалды аймақ орналасқан. Сонымен қатар42 шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы жүргізілуде. Биыл 9 шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы аяқталады деп күтілуде.

– Мемлекетбасшысының екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, Қытайдың «Бірбелдеу, бір жол» мегажобасын толығымен қолдайтыны белгілі. Озық технологиясаласында зор табысқа жеткен аспан асты елінің мүмкіндіктерін әлем мойындап отыр. Біз үшін біздің бірлескен жобаларымызды дамыту, жаңа жобаларды жүзегеасыру – аса маңызды. Инвесторлар үшін жеңіл өнеркәсіп саласында бірлескенкәсіпорындарын құру мүмкіндігі бар. Агроөнеркәсіптік кешен саласында облысымызауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ел көшбасшыларының бірі болып табылады.Бұдан басқа, өңірде жеміс-көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін тереңөңдеу басым бағыт болып табылады. Сондай-ақ біздің еліміз тауарлардың,қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігі қамтамасыз етілетінЕуразиялық экономикалық одақтың мүшесі екенін атап өткен жөн. Осылайша, біздіңоблыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар. Әр инвестормен менөзім жеке байланыстамын. Түркістаннан инвесторларға арналған кеңсе ашудыжоспарлап отырмыз. Әр жобаны бірге ақылдасып, жүзеге асыруға шақырамын,– дедіДархан Сатыбалды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының тауар айналымы ҚХР-мен 135 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 84 млн. АҚШ доллар, импорт – 51 млн. АҚШ долларынан асты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *