БІЗБЕН БІРГЕ БІЛІМІҢДІ БЕЛСЕНДІР

Білім
132 Views

Бүгінгі күннің басты талабы – келешекте бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлау. Бұл кезек күттірмейтін мәселелердің бірі айналып отыр. Сондықтан заманның талабына сай еңбек ететін болсақ, келешегіміздің жемісі мен жетістігіне куә боламыз. Ал жақсы жұмысқа орналасу үшін жақсы маман болу керектігі айдан анық.

Қазіргі кезде біліктілікке көшу дағдысы ең маңызды мәселе. Яғни, бәсекеге қабілетті болу үшін жұмысқа қатысты дағдыларды дамыту керек. Сондай-ақ еңбек нарығында жыл сайын тың өзгерістер болатындықтан, күнделікті ізденіп отыруды талап етеді. Негізгі мақсат – халықтың ішінде өмір бойы білім алу қағидасын енгізу.

Мектеп жасынан бастап зейнеткерлікке дейін адам өзінің кәсіби және адами тұрғыдан дағдыларын барынша ілгерілетіп және дамытып отыру қажет. Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз.

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика,мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден денұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек біліммен тәрбиеге ғана тән. Осы орайда болашақ жас мамандарды өзінің 25 жылдықтарихына ие болып отырған Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің білікті профессор-оқытушыларының терең білімдерінен сусындап,озық тәжірибелерін үйренуге шақырамыз. Аталмыш университетімізде бакалаврдәрежесіне даярлайтын жалпы 34 білім беру бағдарламасы және 13 мамандық бойыншамагистратура, сондай-ақ 3 мамандық бойынша докторантура (PhD) дәрежесінемамандар даярлайды. Қазақ халқында өмірде «Жар таңдау мен мамандық таңдаудаадаспау керек деген» жақсы бір аталы сөз бар. Осыған орай тағы бір айтарымыз «Ұстазыжақсының – ұстамы жақсы» дегендей университетіміздің білікті мамандары ментәжірибелі ұстаздарының білім алушылар үшін жылы құшағы әрқашан да ашық екенінмақтанышпен айта аламыз. Сондықтан білім алушы жастарға бізбен бірге біліміңдібелсендір демекпіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *