ҚР «Білім туралы» заңы 8 бабының 7 тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілергешығу» міндеті қойылған. Жаңа ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттықбілім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортағаенудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім берудіақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық-коммуникациялықтехнологиягы енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім берудісапалы деңгейге көтерудің алғышарты.
Ақпараттық жүйелер бойынша мамандарды даярлау тікелей компьютерлік, ақпараттық технологияларға байланысты. Қоғамның жаһандануы жағдайында қазіргі ақпараттық қоғамның қалыптасуы адамның түрлі салаларды жаңарту қажеттіліктері туындайды. Сондай–ақ, адам біртіндеп ақпараттық қоғамда өзі-өзіне баға беруде және оны өмірмен байланыстырып құрастыруда ерекше қызмет атқара алады.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін арттыру болып табылады. Студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда оқытушылардың біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі негіздерінің бірі болып білім алу саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны белгілі. Міне, осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады:
· қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында студент тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
· студенттің ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
· оқу-тәрбие ісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми-педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану;
· студенттің ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.
Білім беруді ақпараттандыру – оқыту процесіне жаңа ақпараттық технология құралдарының енуі – қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесінің бағыттарының бірі.
Қазіргі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қолданылады.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, оқыту процесіне түрлі ақпараттық технологияны ендіру қажеттілігі артуда. Ақпараттық технологияның түрлеріне интернет желісін, телекоммуникацияның түрлерін (E-mail, Web-форумдар, электронды конференциялар, чат-конференциялар тағы басқалар) пайдалану жатады.
Ендігі кезекте компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан жеке адамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшу қажет. Сонда ғана білім мекемелері ақпараттық қоғамда өмір сүре алатын жан-жақты дамыған қоғам мүшесін дайындап шығара алады.
Әсел ӘШІРБАЕВА,
Шымкент политехникалық
колледжінің электроника және ақпараттық жүйелер кафедрасының арнайы пән оқытушысы.