АЛАШТЫҢ АҚСЕЛЕУІН АРДАҚТАЙЫҚ!

Білім Тұлға
1 022 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарына!

АЛАШТЫҢ АҚСЕЛЕУІН АРДАҚТАЙЫҚ!

Шымкент қаласындағы №80 мектеп-лицей ұжымы Сіздің «Мәдени мұра», «Халық тарихтолқынында», «Мәңгілік Ел», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «ҰлыДаланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларыңызды негізге алып, Тұлғатанубағытына сәйкес гуманитарлы-педагогика саласын дамытып, келешек ұрпаққа ұлытұлғалардың есімін мәңгі есте сақтату мақсатында 2020 жылдың 13 наурызындаМұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен бірлесіп қазақтыңкөрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғалым, этнограф, журналист,мәдениеттанушы Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығына арналған «Ақселеу Сейдімбекшығармашылығы: әдебиет, журналистика, өнердің өзекті мәселелері» аттыХалықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отырмыз.

Арқада туып, Алашқа ортақ тұлғаға айналған, қазақтың рухани қазынасын сабақты жібіне дейін түгендеуді мұрат тұтқан ұлтжанды азамат «Күй шежіре» кітабында: «Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан азапты өмірді тәңірдің сыбағасына балай жүріп өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ», ─ дейді.

Жазушы, публицист, этнограф ғалымның еңбектерінен қазақ руханиятына Сарыарқаның саф самалын, еркін тынысын ала келгендей әсер аласыз. Қазақтың қат-қабат тарихын терең қаузаған ғұлама ғалым, сұңғыла білімпаз Ақселеу Сейдімбек «Елтұтқа» кітабында: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоятын патриот және ұлт тағдырының жалпы адамзаттық дамумен шендесіп жатқанын терең түсінетін көреген саясаткер ретінде халық алдында сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын парықталып, бағасы арта түсетін болады», ─ деп ғылыми мағлұмат берген.

Бұл Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізудегі мақсатымыз жас ұрпақты ұлтжандылық рухта тәрбиелеу ғана емес, Сіздің замандасыңыз, идеялас досыңыз Ақселеу Сейдімбектің есімін келер ұрпаққа ұлықтау, Шымкент қаласында орналасқан №80 мектеп-лицейіне оның ұлы есімін берсек деген ниетіміз бар.

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздің осы бастамамызды Сіздің де қолдайтыныңызға бексенеміз.

Сізге зор денсаулық тілей отырып, мемлекет ісіндегі ерен еңбегіңізге құрметпен қараймыз.

Құрметпен,

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты

№80 мектеп-лицейінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *