ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРДАСЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Білім
2 053 Views

Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен №125 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жаңа дәуірдің білім ордасы – жарқын болашақ кепілі» атты аймақтық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтыңкезекті Жолдауындағы «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамытубағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысыносы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осызаманғы ақпараттың тіліне айналдырады» деген тапсырмасын кең көлемденасихаттау. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалдысауаттылығын дамытуды жүзеге асыру деген сөз.

Семинарға Шымкент қаласы білім басқармасының ғылыми әдіскерлері – Бағила Ермекқызы мен Гүлмира Расулқызы, Созақ ауданының білім бөлімінен және Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің ұстаздары, аймақтық жалпы орта білім беретін мектептің басшылары мен ұстаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мектептің ата-аналар комитеті мен қамқоршы кеңес мүшелері қатысты.

Іс-шара «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» алаңында бастау алып, семинардың ашылуында Шымкент қаласы білім басқармасының ғылыми әдіскерлері – Бағила Ермекқызы мен Гүлмира Расулқызы, мектеп басшылығы сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып келген қонақтарға табыс тіледі. Бағдарлама барысында «Мектеп жетістіктері» атты презентация таныстырылымы болды. Әрі қарай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұ.Жанұзақова «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы», орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Алимова «Капитанская дочь», тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Тасқараева «Культурное наследие», физика пәнінің мұғалімі Қ.Түлесінов «Еркін және еріксіз тербелістер (Free and forced oscillations)», ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Досетова «Environmental probltms», бастауыш сынып мұғалімі Ғ.Мақұлбекова «Ұ» дыбысы мен әрпі, бастауыш сынып мұғалімі «Үйрен, білім жастықта», тарих пәні мұғалімі А.Байымбетова «1916 жылғы – ұлт-азаттық көтеріліс», бастауыш сынып мұғалімі Р.Ахметова «Город и село» ашық сабақтары мен сыныптан тыс бастауыш сынып мұғалімі Д.Түйтенова «Салт-дәстүр – асыл қазына», робототехника үйірме жетекшілері – Н.Тұрдиеваның «Экоқала – жасыл қала», Б.Жамантайдың «Айналмалы сахна» тақырыптарында дайындаған фойе таныстырылып, жалпы бастауыш сынып мұғалімдері атсалысқан табиғат бұрышы фойесімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, «Шебер қолдар» мектеп қолөнершілерінің жұмысымен таныстыруы, «Спорттық үйірме», «Кадет сыныбы», «Абай әлемі» бұрышы, «Цени, люби и знай русский язык», «Ертегілер еліне саяхат», «Ертегі әлемі», «Табиғат әлемі» бұрыштары, «Мектептің шығармашылық көрмесі мен оқушылардың ғылыми жұмыстары барысымен таныстырылды. Психологиялық тренинг өткізіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Іс-шара соңында қалалық білім басқармасының ғылыми әдіскерлері – Бағила Ермекқызы мен Гүлмира Расулқызы сөз алып, семинар ұйымдастырушылары мен келген қонақтарға алғыс білдірді.

Әсет САТЫБАЛДИЕВ,

№125 жалпы орта білім беретін мектептің директоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *