ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНАЙЫҚ

Білім
1 021 Views

«Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады. Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа студенттердің ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсаты мен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады. Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс-сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатыны анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:

— мультимедия (бейне, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

— компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

— анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

— интернет және тағы басқа көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – студенттердің білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екені анықталған. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану студенттің іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

XXI ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен студенттер арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал студенттердің білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.

Мұхтар НӘЛІБАЕВ,

Шымкент политехникалық колледжінің электроника және ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *