Жаңа ХХІ ғасыр – ақпарат дәуірі деп дәріптелуде.Бүгінгі өмірді интернетсіз көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Адамдар үйде отырып-ақ бір-бірімен емін-еркін байланыса алады. Кез келген ақпаратпенедел-жедел танысуларына болады. Осы орайда күн өткен сайын қарқынды дамығанкомпьютерлік желілердің атқаратын қызметі орасан дер едік. Компьютер мен интернет адамға керемет көмекші екені даусыз. Көп жағдайда уақыт үнемдеуімізгесептігі тиетіні ақиқат.
Дей тұрғанмен,оның айналасындағыларға ақпараттық қоқыс әкелетінін де әсте ұмытпауымыз керек.Жасөспірімдер арасындағы интернетке тәуелділік – өзекті мәселеге айналғаныжасырын емес. Былайша айтқанда, интернетке тәуелділік – адам өміріне залал келтіреді. Денсаулыққа кері әсер етіп, адамның психикасы, ой-қиялы, мінез-құлқының өзгеруіне ықпал етуі мүмкін.
Интернетке тәуелділік дегеніміз не? Бұл – интернет пен компьютерді шектен тыс пайдалану деген сөз. Адамға қанша игі әсер еткенімен, психологиялық дерт.
Бұл терминді алғаш рет 1994 жылы америкалық психиатр Айвен Голдберг айналымға енгізген. Алайда ол мұны адамның миы мен психикасына психологиялық әсер ететін маскүнемдік пен нашақорлыққа теңемеген екен. Алкоголь мен нашаны қолдану – адамның бауыры, жүрегі мен қан айналымы жүйесіне орасан залал келтіреді. Ал интернетке тәуелділік – адамды күйзеліске түсіріп, өзін артық немесе кем бағалауға алып келеді.
Интернетте адамға қызығушылық оятатын нәрсенің бәрі бар. Алғашында жай әуесқойлық (хобби) болып көрінгенімен ол бара-бара адамды өзіне баурап алады. Ерік-жігері мықты адамға интернет оншалықты қауіп-қатер тудырмайды. Кітапты көп оқимын деп ғаламторға ұзақ уақыт телміре беруге болмайды. Тіпті электрондық нұсқадағы кітапты оқыған кезде де ауық-ауық үзіліс жасап, кішігірім дене жаттығуларымен шұғылданған жөн. Интернетке тәуелділік әлеуметтік желілерге жіпсіз байлануға алып келеді.
Енді интернеттің пайдасы мен зияны жайлы сөз қозғап көрейік. Интернет – достармен, ағайын-туыстармен, басқа да адамдармен байланысуда таптырмас құрал екені даусыз. Бүгінде адамдар әлемнің кез келген жеріне мәтіндік хабарлама жіберумен қоса-қабат оларды аудио, бейнехабарлама ретінде жазып алуларына да болады.
Интернет арқылы жаңа таныстар мен достар, тіпті өмірлік серіктерін де табуға болады. Шығармашылық адамдары оқыған кітаптары мен көрген фильмдері мен сериалдары жайлы пікірталас ұйымдастыра алады.
Кез келген ақпаратты тез әрі оңай табуға болады. Интернет ресурстары арқылы адамдар өздерінің ой-өрісін кеңейтіп, сан түрлі курстар мен сабақтарға қатыса алады.
Интернет – көңіл-күйді көтеру құралы. Ондағы әзіл-қалжыңдар, жұмбақтар шешу мен сан түрлі ойындар адамдардың логикасы мен ойлау жүйесінің дамуына ықпал етеді.
Қашықтан оқуға көмектеседі. Университеттерде онлайн режимінде оқып, емтихан тапсырып, диплом алуға болады. Домбыра мен гитара тартып, сурет салға машықтана алады. Кез келген тілді, кәсіпті меңгеруге де болады.
Интернетпен сауда жасап, кез келген банктік операцияларды жасауға болады. Сіздер интернет арқылы өз өнімдеріңізді саудалап, әжептеуір табыс таба аласыздар. Мәселен, мақала, әңгіме, өлең жазып, сурет салып дегендей. Белгілі бір оқиға жайлы сауатты жазылған сценарий де оның авторына кәдімгідей кішігірім кіріс келтіреді. Сонымен қатар кез келген қымбат және естелік құжаттарды, фотосуреттер мен бейнебаяндарды сақтауға болады.
Енді жағымсыз жақтарына тоқталар болсақ, интернет пен компьютерді шектен тыс қолдану денсаулыққа едеуір залал келтіруі мүмкін. Адамдардың есте сақтау қабілеттерін төмендетеді. Көзіне көзілдірік тағуға алып келеді. Музыканы шамадан тыс көп тыңдау құлақ дертіне шалдықтырады.
Интернет арқылы алдау мен арбауға түсіп қалудан сақтану керек. Әсіресе оңай жолмен денсаулықты жақсарту, ақша мен бақыт табу дегендердің бәрі – бос сөз.
Компьютерарқылы сан түрлі вирустар тарауы мүмкін. Бұл – әлемдік деңгейдегі өте қатерліәрі өзекті проблема. Мемлекеттің бүкіл банктік жүйесіне қауіп төндіріп, халықпен Үкіметтің қомақты қаржысын қолды еткенінен бәріміз де хабардармыз. Америка банктерінің барлық банкоматтарын істен шығарып, ұшақтардың ұшу кестесін бұзу нәтижесінде1,2 миллиард доллар залал келтірген. Банк жүйесін бұзатын компьютерлік құрттар10,5 миллиард доллар залал келтірген. Осылайша алаяқтар сіздің де жекемәліметтеріңізді біліп алып, оны жағымсыз мәнде пайдалануы әбден мүмкін.
Компьютерлік ойындарға деген тәуелділік те теріс және ыңғайсыз жағдаяттарға алып келетін өте жаман фактор. Кейбір ойындар жасөспірімдерді өзіне қол жұмсауға, ақшаны босқа шашуға итермелейді.
Әлеуметтік желілерге деген тәуелділік. Адамдар күнделікті жаңалықтар тізбегін көру үшін әлеуметтік желілерде ұзақ уақытын жұмсайды. Ондағы хабарлардың басым бөлігі жағымсыз болып келетіні жасырын емес.
Буллинг – тым қатерлі құбылыс. Бұл күнделікті өмірде, оқу орындарында жиі көрініс береді. Кейбір адамдар өздері жайлы жазылған жалған ақпарат, өсек-аяң мен жаланың құрбандарына айналып жатады.
Интернет арқылы таралған ақпараттың бәрі ақиқат, шынайы деуге келмейді. Әсіресе жұлдыздардың, танымал тұлғалардың өмірі жайлы деректерді дәлме-дәл деп айту қиын. Интернетті қолданатын адамдар тым сенгіш келетіндіктен, оларды алдау мен арбау оңай. Сол себепті әрбір материалды жіті тексеру қажет.
Компьютерді көп қолданатындар оның қызығына беріліп кетіп, кішігірім үзіліс жасауды да ұмытып жатады. Бір орында тапжылмай ұзақ уақыт отыру семіздікке, аяқ пен қолдың шамадан тыс әлсіреуіне алып келеді. Осылайша адамдардың айнала-төңірегіндегілермен жанды байланыс, қарым-қатынас жасауының үзілуіне алып келеді. Сөйтіп, әлеуметтенуден арылады.
Интернетке тәуелділік. Күн сайын адамдар таңертең ұйқыдан тұрғанда душ пен асханаға барудың орнына гаджетіне үңіліп, әлеуметтік жүйе, жаңалықтар тізбегі мен мессенджерлер жайлы білгісі келіп тұрады. Психологтар адамдармен ұялы телефон арқылы емес, жанды түрде байланыс орнатуға шақырады. Интернет адамның көзіне де көп залал келтіреді. Ұйықтардан алдын екі сағат бұрын ұялы телефонды мүлде қолдануға болмайды.
Қорытаайтқанда, интернетке тәуелділіктің пайдасынан гөрі залалы басымдау екенінайтуымыз керек. Шаршау себебімен адамдардың бойындағы көптеген жақсықасиеттерін жоғалтуға алып келеді. Сол себепті оны тиімді пайдалана білу керек.Егер олай болмаған жағдайда интернетке тәуелділік туындауы бек мүмкін.Теледидарға тәуелділікке қарағанда интернетке тәуелділіктің қауіп-қатері көп. Сондықтан да іс жүзінде интернет тәуелділікті психологиялық дерт деп те жатады.Демек, ғаламторға тәуелділіктен арылуымыз қажет.
Нұрлан БАХТОРАЗОВ,
ОҚУ колледжінің оқытушысы,
Жастар ісі жөніндегі инспекторы.