Түркістан облысының әкімі ДарханСатыбалды кезекті көшпелі мәжілісін Сарыағаш ауданында өткізді. Шипажайы менқұнарлы жерімен, еңбекқор тұрғындарымен әйгілі аймақтың өткір мәселелерін ашықталқылап, ауданды дамыту жөнінде кеңесті. Өз саласы бойынша индикаторлардыорындай алмай жүрген басшылар мен жауаптыларға жұмысты сапалы атқару керектігін айтты.
– Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздіңәлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді. Солжиында басшыларға, мемлекеттік қызметшілерге нақты міндеттер жүктеді.Күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмей, мемлекетшіл-реформаторболуды, аймақтарды жан-жақты дамытуды тапсырды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту,отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, байыптымакроэкономикалық саясат жүргізу, инфрақұрылымды одан әрі дамыту, өндірісорындарын ашу керектігін айтты. Облысымызда осы бағыттар бойынша жұмысты жандандыруымыз керек, – деген Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданының ерекшелігінетоқталды.
– Сарыағаш – туризмді дамытуға өте қолайлы аймақ. Мұндағы шипажайлар, минералды су бүкіл Қазақстанға әйгілі. Сондықтан жауапты басқармалармен бірлесіп, туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Жаңа жұмыс орындарын ашу – аудан әкімі жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар бар. Аудан әкімдігі бұл мүмкіндіктерді толық пайдалана алмаған. Осы бағытта жұмысты күшейту керек. «Жұмыс істеп жатырмыз» деген сырғытпа есеп пен көзбояушылық емес, нақты іс керек. Сарыағаш – көрші мемлекетпен шекаралас аудан. Сауда-саттықты, өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндіктер мол. Бірақ тамақ өнімдерін өндіру, туризм саласына тартылған инвестициялардың көлемі бойынша жоспарлар былтыр орындалмаған. Елді-мекендердің айналасы күл-қоқысқа тола. Тазалық бойынша жұмыс күшейтілсін. Тазалық болған жерде – талап болады. Арман Айдарұлы, сіз бұл қызметке жақында кірістіңіз. Ауданды дамыту жоспарын назарда ұстап, инвестиция тарту, өнеркәсіп көлемі бойынша осы жылға бекітілген жоспарларға қол жеткізу үшін тиісті басқармалармен бірлесе қажетті шараларды қабылдаңыз, – деді облыс әкімі.
Көшпелі мәжілісте аудан әкімі Арман Абдуллаев 2022 жылы қол жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарлар бойынша баяндады.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды дамыту барысындағы кемшіліктер мен мәселелерге тоқталды. Зерделеу жұмыстары көрсеткендей, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция 72,5 пайызға, туризм саласына тартылған инвестиция 71,1 пайызға ғана орындалды. Егін шаруашылығының нақты көлемі индексі 14,6 пайызға кеміген. Ірі қара мал, қой басында өсім байқалмаған. Осыған байланысты өңір басшысы тарапынан Сарыағаш ауданы әкімдігіне «Ауыл аманаты» бағдарламасын талапқа сай жүзеге асыру, жылыжайлар шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіп кешенінде жұмысты ширату тапсырылды.
Облыс әкімі аудандардағы ішкі жолдарды стандарттауды, бірыңғай талапқа сай салуды жүктеді. Сапасын арттыруды міндеттеді. Бюджеттің жергілікті кірістерін, түсімдерін арттыру жөнінде де нақты тапсырма берілді. Сарыағаш ауданында 1125 салық салу нысаны мүліктерін 5 млрд. 824 млн. теңгеге бағалаған. Бірақ аталған нысандардың нарықтық бағалау құны 85 млрд. теңгені құрап отыр, яғни 17 есе жоғары. Бұл – салықтың төмендеуіне әкеліп соғуда.
Денсаулық сақтау және білім саласының деңгейін көтеру, ауданның инфрақұрылымын жетілдіру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру жұмыстарын күшейту, жер дауларын шешу және өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, міндеттер жүктелді.
АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Сарыағаш ауданының орталығы – Сарыағаш қаласын дамыту жоспарына сәйкес абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев қала аумағындағы гүлдер отырғызу, қураған ағаш бұталарды ретке келтіру, жол жиегіндегі ағаш қоршауларды ауыстыру, аяқжолдарды жаңарту, жарықшам жүйелерін күтіп ұстау, көшеттерге суғару жүйелерін тарту жұмыстарымен танысты.
Аралау барысында қала тазалығын үнемі бақылауда ұстауды және биыл қала аумағындағы орталық көшелердегі істен шыққан жарықшамдарды толығымен жаңартып, өзге де ішкі көшелердегі жарықшам жүйесінде орын алған ақаулықтарды ретке келтіруді ескертті. Сонымен қатар абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшыларына жұмыстарды сапалы, белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеп, қала әкіміне жүріп жатқан жұмысты ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.
– Қала аумағында жыл өткен сайын тұрғын үйлер саны көбейіп, құрылыс жұмыстары да қала тазалығына өз әсерін тигізіп отырғаны рас. Дегенмен, біз қала тұрғындарының таза әрі әдемі табиғат аясында демалысын тиімді өткізулері үшін бар жағдайды жасауымыз қажет. Ол үшін көше бойларын абаттандыру керек. Қала тұрғындары мен сырттан келетін қонақтардың түнгі мезгілде де қауіпсіз жүруі үшін көше шамдарын уақтылы ауыстырып отыру керек. Қала тазалығын сақтау – тұрғындардың ортақ міндеті, – деді аудан басшысы.
САРЫҒАШТА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына спорт кешенін салу үшін инвесторлар тарту мәселесі бойынша кездесу өткізді.
Аталған кездесуде спорт кешенін салуға инвестор тарту мәселесі жан-жақты талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. М.Асилов спорт кешенін салуда инвестор болуға келісім берген азаматтардың бар екендігін айтып, спорт кешенінің дайын жобасымен таныстырды. Жоба бойынша спорт кешенінде заман талабына сай жатақхана, асхана, спортпен шұғылдануға арналған арнайы зал қарастырылған. Спорт кешенінің жобасымен танысқан аудан әкімі қала әкімі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысына спорт кешеніне арнайы жерді заңдастырып беруді тапсырды.
Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.
САРЫАҒАШТА 13 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Биыл маусым айында Сарыағаш қаласында 585 пәтерлі 13 көпқабат-ты тұрғын үй толық пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 600-ге жуық баспанаға мұқтаж отбасы үйлі болмақ. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мәлім етті.
Арман Айдарұлының айтуынша, ауданда 2022 жылы 31 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген.
«Биыл өнеркәсіп өнім көлемін 34,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 26,8 млрд. теңгені құрады. Ал 2023 жылдың қорытындысымен инвестиция көлемін 35,8 млрд. теңгеге жеткізу көзделген. Ал бөлшек сауда көлемі 50,7 млрд. теңгеге жетті. 2023 жылдың қорытындысымен сауда көлемін 52 млрд. теңгеге жеткізу межеленген», — деді аудан әкімі.
Ауданда 2023 жылы 500 жаңа жұмыс орнын ашып, мүмкіндігі шектеулі 278 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған. «Еңбек» бағдарламасына 9703 азамат қатыстырылмақ. Сондай-ақ, биыл 12 455 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау көзделіп отыр.
Брифинг барысында аудан басшы-сы инфрақұрылыммен қамту жұмыс-тары да қарқынды екенін жеткізді.
«Өңірдегі 68 елдімекеннің 42-сі, яғни 61,8%-ы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Аймақты табиғи газбен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 76,1 пайызды құрайды. Сапалы электрмен қамту бойынша 2022 жылы жалпы 18,3 шақырым электр желілері, 1043 электр бағаналары, 15 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген. Жол саласы бойынша былтыр 38 ішкі жолға (40 шақырым) орта жөндеу және 22 ішкі жолға шағал тас төсеу (43 шақырым) жұмыстары жүргізілген. 2023 жылы 26,5 шақырымды құрайтын 17 ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — деді аудан әкімі.
Бұдан өзге, 2022 жылы ауданда 4 мектептің құрылысы аяқталса, 3 мек-теп биыл пайдалануға берілмек. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бо-йынша 2023-2025 жылдарға 10 мек-тептің құрылысын жүргізу жоспарға енген. Атап айтсақ, олар: Сарыағаш қаласында 2000 орындық, 900 орын-дық және 300 орындық, Ынтымақ елді-мекенінде 900 орындық, Дербесек елдімекенінде 900 орындық, Жаскешу елдімекенінде 600 орындық, Еңкес елдімекенінде 1200 орындық, Ақ үй елдімекенінде 1200 орындық, Таскес-кен елдімекенінде 600 орындық және Көктерек кентінде 1200 орындық мек-теп бар. Бұл орайда, биыл 4 «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ЖЕР БЕРІЛЕТІН БОЛДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, елді мекендердегі өзекті мәселелер бойынша шешу жолдарын қарастырды.
Атап айтқанда Жаңатұрмыс елді мекенінде ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған дәрігерлік амбулаторияның орналасатын жерінің мәселесін шешу бойынша жер иелерімен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде елді мекен аумағынан 0,40 га жер учаскесі дәрігерлік амбулатория құрылысы үшін берілетін болды.
Айта кетсек, аталған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан соң 1 ауысымда 25 адамды қабылдауға мүмкіндік береді.
Мұнан соң аудан басшысы облыс әкімінің жеке қабылдауында аудан тұрғыны тарапынан айтылған өтініштер бойынша Зортөбе елді мекеніне арнайы барып, өзекті мәселелермен танысты. Мұнда елді мекендегі үй іргелік жерлер мен егістік жерлерге ағын су тапшылығы орын алған. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы тиісті мекеме басшысына «Зортөбе» каналынан елді мекенге келетін су көлемін арттырып, үй іргелік жерлерге ағын суды жеткізу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар елді мекендегі жайылым жер мәселесі де талқыланды. Бүгінгі таңда елді мекенде 40 гектар ортақ мал жайылым жерлері бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы елді мекенге қосымша ортақ мал жайылымға 160 гектар аумақ бекітіп беру жоспарлануда.
БАРЛЫҚ САЛАДА ДАМУДЫҢ ОҢ ДИНАМИКАСЫ БАР
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Есеп барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы баяндама жасады.
Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы өткен жылы барлық салада дамудың оң динамикасы қалыптасып, кейбір көрсеткіштер бойынша облыста көш ілгері тұрғанын жеткізді. Баяндама барысында әр саладағы жетістіктерге жеке-жеке тоқталып, елді мекендерде атқарылған жұмыстарды атап көрсетті.
Кеңес мүшелері тарапынан жиын барысында қоқыс тазалау, көпқабатты тұрғын үйлерге пандус орнату, электр жарығымен қамтамасыз ету, олимпиадалық мамандандырылған спорт мектебін ашу, шипажайлардың су қоры, жайылым жер мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, аудан әкімі тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Сонымен қатар, жиында аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ибрагимова, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімшесінің басшысы Е.Тастемиров, аудандық мәслихаттың бас маман заңгері Ж.Турсынбай шешім жобасы мен қаулы жобаларын талқылау мәселелері бойынша хабарлама жасады.
Баяндамашыларға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, сала басшылары тарапынан аталған сұрақтарға заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімінің алдағы қызметі берекелі болуына тілек білдірді.