«ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛУІ ТИІС»

Саясат Қоғам
360 Views

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы мемлекет шекарасының 913 шақырымы Түркістан облысының аумағы арқылыөтеді. Осы аумақтағы Шекара бөлімшелері нысандарының инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыстар жанданады. Бұл түйткілТүркістан облысының шекара мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесініңмәжілісінде кеңінен талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте өңір басшысы шекаралық бөлімшелердің инфрақұрылымын жақсарту аса маңызды міндет екенін айтты.

– Түркістан облысындашекара қорғанысын күшейту және мемлекеттік шекараны қорғау бойынша жұмыстаратқарылуда. Шекара қызметі бөлімшелерінің инфрақұрылымдық мәселелерін шешужөніндегі Жол картасы 2020 жылы қыркүйекте бекітілген. Нақтылауды тапсырамын.Бүгінгі үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысымен Шекара қызметі бөлімшелерінің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасы мұқият зерделеніп, жаңаредакцияда бекітілуі тиіс. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысындағы 25 шекара бөлімшесінің инфрақұрылымы, газ жүйелері құрылысына 2023 жылы облыстықжәне республикалық бюджеттерден қаржы бөлінген нысандар құрылысының сапалыжүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Мақтааралдағы – 3, Жетісайдағы 2нысанның құрылысы сапалы атқарылуы керек. Келес өзенінің жағалауындағы су бұзыпөткен аумақтарды қалпына келтіру, өзен арналарын реттеу, өзен жағалауларынбекіту және нығайту жұмыстарын жүргізуге жұмыстар жедел зерделенгені жөн, –деді Дархан Сатыбалды.

Жиында ҚазақстанРеспубликасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысыбойынша департаментінің бастығы Мадияр Жұмәділов Түркістан облысының шекарамәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің 2023 жылға арналған жұмысжоспарын бекіту жөнінде ой қозғады. Оның айтуынша, Жол картасының іс-шараларыніске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың балансына Мақтаарал,Сарыағаш және Төлеби аудандары бойынша шекара басқармаларының 25 нысаныберіліп, 42 іс-шара бекітілген. Осы арқылы 16 нысанды газдандыру, 6 нысанды электрмен, 20 нысанды сумен қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі таңда 5 іс-шараорындалған. 18 мәселе бойынша жұмыс жүруде.

Голодностеп коллекторының және Келес өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу мәселесі де көтерілді. Келес шекаралық өзенінің жағалауын бекіту бойынша және Голодностеп коллекторының 60 шақырым учаскесіне және оған құятын 36 каналға тазалау жұмыстарын жүргізу қажет екені айтылды. Аталған мәселенің барлығы хаттамаға енгізілді. Шекаралық бөлімшелерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша Жол картасының орындалуын қамтамасыз ету жұмысы қатаң бақылауға алынды. Шекаралық бөлімшелердің инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін түпкілікті шешу үшін Үкіметке ұсыныстар енгізілетін болды.

Дархан Сатыбалды үйлестіру кеңесінің отырысында көтерілген мәселелермен тікелей танысу мақсатында «Қайрат» шекарасында болып, әскерилермен кездесті. Мәселелерін тыңдады. Шекарашы сарбаздармен түскі ас ішіп, еркін пікір алмасты.

Шекара бөлімшелерінің инфрақұрылымын жақсарту бағытында биыл облыстық бюджет есебінен 3 нысанның құрылысына 432,3 млн. теңге қарастырылған. Жұмысты биыл аяқтау жоспарлануда. Ал республикалық бюджеттен 2 нысанның құрылысына қаржы бөлінген. 2024 жылға өтпелі.

«КӨҢІЛСІЗ БАСТАЛҒАН ІС КҮРЕК ҰСТАҒАННАН-АҚ БЕЛГІЛІ»

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аралауды «Парасат» саябағындағы қайта жаңғырту құрылысынан бастады. Сондай-ақ, «Бірлік» аумағындағы сарқынды су жүйесінің, І-ІІ мөлтек аудандарын ауыз су құбырымен қамту құрылыстарының барысын бақылап, тиісті бөлім басшысы мен мердігерлерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.

М.Мәметова мен М.Әуезов атындағы көшелерде төселген, жаяу жүргіншілерге арналған жолды аралап, кемшіліктер бойынша ескерту жасады. Балақаев көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй, Төле би, Жүсіп Қадыр көшесінің қиылысындағы көп қабатты тұрғын үйлер, Төле Байтерекұлы көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру барысына қатысты да сын-ескертпелер айтылып, жұмысты ширату тапсырылды.

Аралау нәтижесімен Нұрбол Әбдісаттарұлы лездемелік мәжіліс өткізіп, сектор жетекшілеріне өз аумақтарындағы құрылыс нысандарына қоғамдық бақылау ұйымдастыруды тапсырды.

Қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің, инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшыларына кемшіліктерді жоюға мерзім белгілеп, құрылыс бөлімі басшысына техникалық қадағалаушы және авторлық бақылаушы мекемелерімен тығыз жұмыс жасауды тапсырды.

«Көңілсіз басталған іс күрек ұстағаннан-ақ белгілі. Өз салаларыңызға қатысты нысан құрылысының сапасын қатаң бақылауда ұстаңыздар. Кемшілік жіберілген жағдайда, мердігердің жауапкершілігі заң аясында шешілетіні белгілі. Сол кемшілікті көрмеген бөлім басшыларының да жауапкершілігі назардан тыс қалмайтынын ескертемін» деді шаһар басшысы өз сөзінде.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БОЙЫНША КЕНТАУ 78% ҚАМТЫЛҒАН

Кентау қаласына өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 29,7 млрд. теңгені құрады. Бұдан бөлек, өнеркәсіп өнімі – 41,3 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы өнім көлемі — 11,8 млрд.теңге, ал жалпы өңірдегі өнім көлемі — 70,3 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мәлім етті.

Былтыр шаһарда құны 3 млрд. теңгені құрайтын жаңа 2 инвестициялық жоба – кірпіш зауыты мен темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылып, 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы екі жылда 2 инвестициялық жобаны іске аспақ.

«Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 943 адамды жұмыспен қамтитын 2 жобаны ашу жоспарланған. Олар — «Ансай кең орнының кендерінен барит концентратын өндіру» жобасы және бұрынғы Кентау кен байыту фабрикасының өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу өндірісін іске қосу жобасы. Қазіргі таңда Кентау қаласындағы индустриалды аймақта құны 3,3 млрд.теңгелік 250 жұмыс орнын қамтитын 6 жоба іске асырылған», — деді шаһар басшысы.

Инфрақұрылым бойынша Кентау қаласы кәріз жүйесімен 78% қамтылған. Орталықтандырылған электр желісімен шаһар толық қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда қаланы табиғи газбен қамту көрсеткіші — 14%-ды (2461 абонент) құраса, 2023 жылы 52%-ға жеткізу жоспарланған.

2023 жылы Кентау қаласының барлық көшелерін толық жарықтандыру жоспарланған. Өткен жылдың қорытындысымен қаладағы ішкі жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 86,7%-ға жетті. Биыл қаланың 3 көшесін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, былтыр Кентауда және қалаға қарасты елдімекендерде 53 көше жөндеуден өтті. Электр жүйелерін жаңғырту және инфрақұрылымға қатысты өзге де жұмыстар қолға алынды. Қаланы дамыту жұмыстары жалғаса береді.

ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Түркістан қаласында жалпы саны 1300-ге жуық трансформатор бар. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың тапсырмасына сәйкес, 2021-2022 жылдары жаңа 95 трансформатор қойылды. Сондай-ақ 100 трансформаторға жөндеу, жаңарту жұмыстары атқарылды. Биыл аталған сала бойынша 46 жаңа трансформатор қою жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері жоспар аясында 8 жаңа трансформатор қойылып, 20 трансформаторға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласында 34 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну -48,8МВТ). Бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде 94,7% құрайды.

2023 жылғы жоспарға сәйкес, аталған көрсеткішті 95,2% арттыру көзделген. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін бүгінде 4 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда.

Оның бір нысанында жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту жүргізілсе, 3 нысанда әуе электр желі-лері кабельдік желіге ауыстырылуда.

Жеке тұрғын үйлерге арналған нысан құрылысы аяқталғанда 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН АУЫЛДАР САНЫ АРТАДЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, оның ішінде ауыз су мәселесін жеделдете шешуді тапсырған болатын. Өңірде осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.

Қала, кент, ауылдық округтерге қарасты 112 елді мекеннің 105-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Оларда 83 дана ауыз су ұңғысы мен 85 дана су мұнарасы, 24 су сақтағыш пен санитарлық қорғау аймақтары талапқа сай жұмыс істеп тұр. Бір елді мекенде ауыз су құбыры жоқ.

Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына өткен жылы – 272 млн. 289 мың теңге, Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атақоныс елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу нысанына республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар Қазыбек би ауылдық округінің 2678 тұрғыны бар Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 422 млн. 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округінің 1967 тұрғыны бар Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 610 млн. 613 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, Мақталы ауылдық округінің Сарқырама, Дархан, Тың, Алтынсарин, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жазықсай, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекендерінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға аудандық бюджеттен 136 млн. 652 мың теңге, «Мембрана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52 млн. 670 мың теңге бөлінген. Бұл жұмыстар Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бақылауында.

Атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына қарай аудандағы орталықтандырылған су құбырымен қамтылған елді мекендердің санын 105-ке жеткізу жоспарланып отыр.

АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылының Астана даңғылы бойындағы «Торнада» су ұңғысындағы су сорғысының ағымдағы жылдың 23 сәуір күні түнгі уақытта істен шығу жағдайы орын алған.

Аталған ауылдық округі аумағындағы ауыз су жүйесіндегі құрылғысында апатты жағдай орын алу салдарынан, Ш.Уәлиханов, Мұса Жәліл, Беруни, Әл-Фараби, М.Мәметова, Құрбанов секілді көшелердегі 540 ауыз су тұтынушы уақытша ауыз сусыз қалған болатын.

Аудан әкімдігі бақылауға алынып, қазіргі уақытта «Сайрам тазалық» ЖШС мекемесінің тарапынан 2 техника және 8 адам жұмылдырылып, су сорғысын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Мекеме тарапынан бүгін таңертең сағат 12:00-ге дейін ауыз су қайта қосылатын болады.

Айта кетелік, аталған нысанға биылғы жылы су ұңғымасын жөндеу жұмыстары үшін аудандық бюджет есебінен 28,7 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Конкурс нәтижесімен мердігер мекеме «Elorda-Kurilis» ЖШС жеңімпаз болып танылған.

ӘКІМ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов еліміздің оңтүстік шекарасын бойлай орналасқан Жетісай ауданында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында 2019-2020 жылдары құрылысы басталған 5 қабатты 20 пәтерлі 4 тұрғын үй және 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылыстарымен танысып, мамандармен жүздесті.

Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га жер телімінде орналасқан 5 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарының 85 пайызға жуығы аяқталып, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жер теліміне ауыз су, газ жүйесі, электр желілері мен кәріз жүйелерін жүргізіп, КТП орнату секілді инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысы толығымен аяқталғанымен, биылғы жылы 110/35/10 кВ қосалқы станция құрылысын салу үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынын жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сметалық құны 1 млрд. 300 млн теңгені құрайтын жобаны іске асыру мақсатында тиісті салалық басқармалардан қорытындылар алынып, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қарастыру үшін құжаттар топтамасы Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасына тапсырылған.

110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысына қаржы қаралып, пайдалануға тапсырылған жағдайда 80 га жер телімі электр кернеуімен қамтамасыз етіліп, аталған 5 қабатты 6 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру мүмкіндігі туады.

Аудан басшысы жауапты мамандарына жұмыстарды тездетуді тапсырып, қажет болған жағдайда салалық басқармаларға хат жолданатынын айтты.

ЖЕТІСАЙДА 100-ДЕН АСТАМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Жетісай ауданындағы 1200 ішкі көшенің жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 60 пайыздан 100 пайызға жеткізу бойынша арнайы жобалар жүзеге асырылуда. 2022 жылы 1 млрд. 418 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 65,7 шақырымды құрайтын 77 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 1 млрд. 735 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1 млрд. 111 млн. теңгеге Атамекен, Қызылқұм, Арай, Сұлубұлақ, Жылы су ауылдық округінің Сейфуллин елді мекендерінде жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге, жергілікті бюджет пен субвенция есебінен 624 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу жұмыcтары жүргізіледі.

55,1 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу), аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін күтіп-ұстауға бөлінген 30 млн. теңгеге ішкі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 17 мекенжайға стандартқа сай 150 метр жасанды жол кедергілері мен 80 жол белгілері орнатылады. Оған қоса, 23 мекенжайға жаяу жүргінші өткелдері мен 18,1 шақырым қарама-қарсы бағытты айқындайтын жол сызбаларын таңбалау жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті бюджет есебінен 10,9 млн. теңгеге Қызылқұм ауылдық округі Түркебай елді мекеніндегі облыстық маңызы бар КХ-75 және КХ-27 автомобиль жолдарының қиылысына бағдаршамдар орнатылып, жол сызбалары таңбаланып, аудандағы бағдаршамдар мен бейнебақылау камераларын күтіп-ұстау жұмыстарына 6 млн. теңге бөлініп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *