ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БОЙЫНША ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Қоғам
369 Views

Түркістан қаласыәкімінің ашық алаңда сектор тұрғындарымен кездесуі – Отырар секторында жалғасты. Отырар секторында өткен сәуір айындағы басқосуда 103 тапсырмажүктелген болатын. Оның 83-і орындалды, 20 тапсырма аясында жұмыстаратқарылуда.

Бүгінде аталған секторда бірқатар тірліктер тындырылған.

Секторға қарасты 11 көшеге (15 шқ) көшеге тас, 2 көшеге асфальт төселді.

Сондай-ақ, 5 шақырымды құрайтын 4 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып, мөлтек ауданда 45 аялдама жасақталды. № 6, 10 бағыттағы автобустары жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды.

Одан бөлек, инфрақұрылым саласы бойынша арнайы дайындалған жобалар жүйелі жүзеге асуда. Бүгінде аталған секторға 25 шақырымға созылған кәріз жүйесі тартылуда. Жарық саласына келер болсақ, 10 жаңа трансформатор ауыстырылып, тағы қосымша 10 трансформатор ауыстыру жоспарлануда.

Және жоспар бойынша аталған секторда 2000 орындықты жайлы мектеп құрылысын басталмақ.

Жиын соңында қала әкімі алаб тұрғындарымен бірқатар мәселелерді талқылап, азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері бойынша бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

Түркістан облысының аудан және қала әкімдерінің жергілікті тұрғындармен кездесуі бекітілген кестеге сәйкес өтіп жатыр. Облыс орталығының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті рет «Сауран» секторының тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар жарықтандыру және қала тазалығы бойынша мәселелерді қозғап, үйлерінің аулаларында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Нұрбол Тұрашбеков қаланы дамыту жолында тұрғындарды бірге жұмыс атқаруға шақырды.

– Сіздер айтыңыздар. Біз жоспарлап, жүзеге асырайық. Ақылдасу – тірліктің ақсауына жол бермейді. Қаланың дамуына белсенділікпен, жанашырлықпен сіздерді де атсалысуға шақырамын, – деді қала басшысы.

Тұрғындармен кездесулерде көтерілген мәселелер шешімін тауып келеді. Қала әкімінің сәуір айындағы аталған сектор тұрғындарымен кездесуінде бірқатар мәселелер көтеріліп, тиісті бөлімдерге 133 тапсырма жүктелген еді. Бүгінде оның 116-сы жүзеге асырылып, 17 тапсырма орындалу үстінде. Тапсырма бойынша 22 шақырымды құрайтын 34 көшеге тас төселсе, 31 көшеде жарықшамдар орнатылып, кезең-кезеңімен іске қосылуда. Одан бөлек, 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 24 аялдама орнатылды. 9 шақырымды құрайтын 10 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.

Инфрақұрылым жүйелерін жақсарту бойынша 110 шақырымдық ауыз су желісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының 75% жұмысы атқарылды. 9 дана трансформатор күрделі жөндеуден өтіп, Әл-Фараби, Ататүрік, С.Ерубаев көшелерінің бойында 10-0,4 кВ кабель желісі құрылысы жүріп жатыр.

I және II мөлтек аудандарына ауқымды абаттандыру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар секторда тұрғындар жайлылығы үшін екі демалыс орны: Төле би,»Отбасы» саябағы салынып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, мектеп тапшылығын азайту мақсатында Баянауыл елдімекенінде 900 орындық мектеп құрылысы басталады.

514 БАСПАНАНЫҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Сәуір айындағы Түркістан қаласы әкімінің Бекзат секторының тұрғындарымен кездесуінде 67 мәселе көтерілді. Бүгінде оның 55-і орындалып, 12 тапсырма бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, секторда 3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселді, 49 көшеге жарықшаммен қамтылды. Сондай-ақ, 2,2 шақырым жолға жаяу жүргінші жолы салынып, сектор 5 аялдамамен толықты.

Сонымен қатар тұрғын алабында өзекті деген жарықпен қамту жұмыстары бойынша бірқатар жобалар аяқталған. 4 жаңа трансформатор орнатылып, 514 тұрғын үйде ескірген электр желілері жаңартылуда.

100 шақырымды кәріз жүйесінің құрылысы қарқынды жүруде.

Жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту жобасы әзірленуде.

Ал, мектеп тапшылығы мәселесі бойынша тұрғын алабында 2,2 гектар арнайы жер белгіленіп, құрылыс жобасы дайындалуда.

БІРЛІКТЕ 600 ОРЫНДЫҚТЫ МЕКТЕП САЛЫНУДА

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Бірлік тұрғын алабы тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Атқарылған жұмыстар сараланып, жаңа міндеттер белгіленді.

Жалпы, сектордағы сәуір айында өткен кездесуде 85 мәселеле көтерілді. Оның 72-і орындалса, 13-і орындалу үстінде.

Атап айтқанда, аталған алабта 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселіп, 9 көшеге (12 шқ) жаяу жүргінші жолы салынуда, сондай-ақ 8 аялдаманың құрылысы жүргізілуде. № 6, 10 бағыттағы автобустар жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы жаңа №16 бағыт іске қосылады.

Бірлік мөлтек ауданында Керейхан көшесі, Бірлік стадионы аумағына балалар ойын алаңы жасақталуда.

Сонымен қатар, секторда жыл басынан бері 5 жаңа трансформатор орнатылған.

Одан бөлек, 85 шақырым жолға кәріз жүйесі тартылуда.

Және де 600 орындықты мектептің құрылысы жүйелі жүргізілуде.

ӘКІМНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Түркістан қаласының Шауғар секторындағы ашық алаңда өткен кездесуде бірқатар мәселе айтылды. Жалпы, Шауғар секторында сәуір айындағы кездесуде 98 тапсырма берілген еді. Оның 80 тапсырмасы орындалып, 18 мәселе бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Шауғар секторында жыл басынан бері 31 көшеге (20 шқ) тас төселіп, 22 аялдама орнатылды.

Сонымен қатар, №6, 10 бағыттағы автобустар жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыты іске қосылады.

Тұрғындар өтініші бойынша Абылайхан көшесі мен Ғ.Мұратбаев мектебі жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасы салынуда.

Одан бөлек, сектордың 105 шақырымына кәріз жүйесі құрылысы жүргізілуде.

Және де тұрғын алабтағы ауыз су тартылмаған көшелерге арнайы жоба әзірленіп, қазан айында құрылысын бастау жұмыстарын бастау жоспарлануда.

АШЫҚ АЛАҢДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков сектор тұрғындарымен ашық алаңда кезекті кездесуін өткізді. Шаһар басшысы Яссы секторы тұрғындарының өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Тұрғындардың сауалдарының көпшілігі кәріз жүйесі жайында болды.

«Яссы» мөлтек ауданында бүгінде 180 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда, 86% жұмысы аяқталған.

Сектордағы жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жобасының 75% жұмысы атқарылған.

Жол саласы бойынша да бірқатар жұмыстар жүзеге асқан. Атап айтқанда, 21 шақырым құрайтын 23 көшеге тас, 5 (6,3 шқ) көшеге асфальт төселді. Одан бөлек, 64 көшеге жарықшамдар орнатылып, 4,4 шақырымды 5 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.

Сондай-ақ, №6, 10 бағыттағы автобустар жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыт іске қосылмақ.

Басқосу соңында тұрғындар өтініштері бойынша орталық басшысы тиісті мамандарға бірқатар тапсырма жүктеді. Тапсырмалар орындалу кестесіне қойылып, жүзеге асатынын жеткізілді.

Жалпы, қала әкімінің Яссы секторындағы соңғы кездесуінде 84 мәселе көтеріліп, оның 65-і орындалды. Қалған өтініштер орындалу үстінде.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарамұрт ауыл округіндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелермен танысты. Ауыл округінде тиісті жұмыстар атқарылып жатқанымен шешімін қажет ететін маңызды мәселелер де жоқ емес. Олардың әрбірімен жіті танысып шыққан аудан басшысы оның шешу жолдары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Мысалы, биылғы қыста «ҚарамұртГаз» ЖШС-нен газ тұтынушы 600-ге тұрғын жылусыз қалған болатын. Осы мәселені шешу үшін ауыл тұрғындары арасында «ҚазТрансГаз» АҚ-на тұтынушы ретінде өту қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Одан бөлек, осыған дейін Төле би ауданы шекарасындағы күл-қоқыс полигонына қатысты тұрғындар тарапынан арыз жиі түскен болатын. Бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Аталған проблеманы заң аясында тездетіп шешу қажет.

Сондай-ақ, өрт сөндіру бекетін салу мәселесі жиі көтеріліп келуде. Себебі, тілсіз жау – өрт болған жағдайда өрт сөндіруші көліктер Төле би ауданынан келеді. Жайылым жерлерді қайтару, жаңақұрылыс аумағына инфрақұрылым жүргізу бойынша да ауыл әкімі мен салалық бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

ӘКІМ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындар көкейкесті мәселелерінің соңғы жылдары шешімі табылмай, күрделі мәселеге айналып отырғанын жеткізді.

Бірінші кезекте көлкенттіктер ауылдық округі әкімінің іс-әрекетіне және жер учаскесін қайтару, заңдастыру мәселелерін көтерді.

Кейінгі кезекте ақбұлақтықтар Ақсу өзенінің бойындағы жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына, оның ішінде үлкен жүк көліктерінің ауылға кіріп-шығуынан, жолдардың бұзылуына және қоршаған ортаға зиянын тигізіп отырғанын тілге тиек етті.

Ақсукенттіктер 10,0 гектар көлемінде жер телімін қарастыру, Ақсукент ауылдық округінде санитарлық тазалығын сақтау, қоғамдық көліктерде адамдарға қажетті жағдай жасау, арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету, «Тең қоғам» атты орталық ашу мәселелерін заң аясында қарастырылуын ұсынды.

Қайнарбұлақ ауылдық округінің белсенділері Қасымбек Датқа ауылындағы жайылым жерді қайтару, ауыз су және электр жарығымен тұрақты қамтуды сұранды.

Қарасулық және өзге аудан-қаладан келген бір топ тұрғын Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақбай ауылына қарасты 50,0 гектарды құрайтын жаңақұрылыс аумағынан жер алғанын айтып, құжаттарын және жер учаскелерін заңдастыруға ықпал етуін өтінді.

Соңғы кезекте «Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тазартқыш имараттарын қайта құру» нысанын іске қосу мәселесі талқыланды.

Қабылдау барысында аудан басшысы Арман Сәбитұлы аудан тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдап, шешілу жолдарын заң аясында түсіндірді. Сонан соң, аталған салаларға жауапты басшылар мен тиісті ауылдық округтерінің әкімдеріне тапсырмалар жүктелді.

АБАТТАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту бойынша арнайы аралап көрді. Алдымен С.Дүйсебаев көшесі мен Майлықожа көшелерінің қиылысындағы алаңшада болып, абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Айта кетсек, бүгінгі таңда алаңшаны көгалдандыру мақсатында Рамадан каналынан суару жүйесі тартылып, су бұрқақтары құрылғылары арқылы бүркіп суғару жүргізілген. Суғару жүйесі автоматтандырылған болып, тәуліктің белгіленген уақыттарында суару жүйесі өздігінен іске қосылып, аумақты ылғалдандырып отырады. Сонымен қатар, дәл осындай жүйені А-15 тас жолының бойындағы «Ер-Ай-Би» жекеменшік мектеп маңында да жүргізіліп, бүгінде осы орында егілген жасыл екпелерді тұрақты суғару жүргізілуде.

Одан әрі аудан әкімі Арман Абдуллаев А-15 тас жолының бойындағы жасыл екпелерді орталық суғару жүйесін құру жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінгі таңда аталған жерде суғару құбырларының орнын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, көшелер мен кәсіпкерлік нысандарға кіру бөлігінде техникалар өткен уақытта құбырларға зақым келтірмеу үшін арнайы темір құбырлармен қаптау арқылы полиэтиленді құбырлар жүргізілуде.

Айта кетсек, ағымдағы жылғы А-15 тас жолының темір жол көпірінен бастап, «Ана мен бала» аллеясына дейінгі аралықта жол бойындағы жасыл екпелерді суғару жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қала аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстарды саралаған аудан басшысы Арман Абдуллаев қаланың көркі жасыл желектер екенін, оларды күтіп ұстаудың тиімді әрі оңтайландырылған жүйесімен жұмыс атқару қажеттігін айтып өтіп, қала әкімі мен мердігер мекеме өкіліне арнайы тапсырмалар жүктеді.

ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНЫП, НАҚТЫ ЖАУАПТАР БЕРІЛДІ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың жеке қабылдауында алдын ала жазылған 20 тұрғынның өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер қозғалды.

Дәлірек айтсақ, жеңілдетілген несие, фельдшерлік амбулаториялық пунктын салу, жолға шағал және асфальт төсеу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жер учаскесін құжаттандыру, коммуналдық тұрғын үйден пәтер беру, қоқыс, тұрғын үй кезегі мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Сондай-ақ, аудан әкімі жеке қабылдауға келген ерекше қажеттілігі бар азаматты арнайы 1-қабатқа түсіп, арнайы қабылдады. Аталған тұрғын коммуналдық-арендалық тұрғын үй мәселесі бойынша келгенін баяндады.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдауға келген азаматтар тарапынан айтылған арыз-шағымдар мен өтініштерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты заң аясында жауап берді.

Сондай-ақ, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДЕ ЖҮЙЕЛІЛІК НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиында алғашқы болып Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Оспановтың қала аумағында атқарылып жатқан жол құрылыстары туралы баяндады.

Кентау қаласының ішкі жолдарын ретке келтіру бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы жолдарды күтіп ұстау жұмыстары есебінен қаланың орталық А.Яссауи Сейфуллин, Қонаев, Құрманғазы, Абылайхан, Абай және Болашақ м.а Жұлдыз м.а ішкі көшелеріне ағымдағы жөндеу (шұңқырларды жамау) жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Д.Нүрпейсова, Сейфуллина, Мұратбаев, Абылайхан, Құралбаев көшелерінде пайда болған ақауларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Сонымен қатар, Дулатов, Құрманғазы, Абылай хан көшелеріндегі төмен түсіп кеткен су құдық қақпақтарын жол деңгейіне дейін көтеру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар алдағы уақытта Төле би, Момышұлы, Панфилов, Тоқтаров, Пушкин, Логинов көшелерінде жүргізілетін болады.

Қалалық ветеринария мекемесінің басшысы Ш.Ирисбаев ветеринариялық іс-шаралар бойынша (эпизоотия, энзоотия, қан сынамаларын алу, вакцина егу, қаңғыбас ит-мысықтарды аулау) жұмыстарының барысы жайында мәлімдеді.

Қала басшысы баяндамашыларды тыңдап, сала басшыларына жиында тек баяндама оқып қана қоймай, мәселені шешуде жүйелілікті назарға алуды атап өтті. Жұмысына салғырт қарайтын қызметкерлерге шара көрілетінін ескертті. Сондай-ақ жиын барысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен жыл басында кездескен болатын. Сол кездесуде тұрғындар Өзбекстан Республикасынан бастау алатын В-15 және В-24 ағын су каналдары мен шекараның бейтарап аймағын механикалық тазалаудан өткізу мәселесі көтерілген болатын. Бүгінгі таңға қажетті қаржы қарастырылып, бұл каналдар тазалануда. Тұрғындар көтерген мәселелер бойынша арнайы іс шара жоспары істеліп, жүйелі шаралар атқарылуда.

Аудан әкімі Жәнібек Есенұлы бекітілген кестеге сәйкес Ұшқын ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Алдымен кездесу барысында өткен жиында көтерілген түйткілдердің шешім жолына тоқталған аудан басшысы алдағы міндеттерге тоқталып өтті.

— Тұрғындар көтерген мәселелерді шешу біздің басты міндетіміз. Сіздер қозғаған мәселенің бірі Ұшқын елді мекеніндегі ауыз су алаңшасын жаңарту болатын. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Тиісті қаржысын бөлдіруге жергілікті бюджетке ұсыныс берілген. Сонымен қатар, Достық елді мекеніндегі ауыз су ұңғымасының насосын ауыстыру бойынша, қазіргі таңда қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, жеңімпаз анықталды. Алдағы аптада ауыз су ұңғымасының насосы ауыстырылатын болады. Ал Достық және Қоралас елді мекендеріне табиғи газ тарту бойынша көтерген мәселе бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, қаржы қарастыруға ұсыныс берілді. Бүгінгі таңда республикалық бюджеттік комиссияда қаралуда, — деді аудан әкімі.

Кездесуге аудан әкімімен қатар аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының бөлімше басшылары, дербес және құрылымдық бөлімдердің басшылары қатысты. Тұрғындар бұл жолғы кездесуде каналдарды механикалық тазалау, көпірлерді реттеу, әлеуметтік ғимараттарды жөндеуден өткізу бағытында өз сұрақтарын жолдады. Көтерілген мәселелер бойынша арнайы хаттамалық тапсырма түзіліп, орындалуы бақылауға қойылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *