КЕНТАУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ЖАУҺАРЫНА АЙНАЛАДЫ

Экономика
1 046 Views

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласы Қаратауқорығының жанындағы Хантағы туристік нысаны аумағында экологиялық және белсендітуризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Жаңажобалар дайындалып, әлеуетті инвесторларға ұсынылуда.

Жалпы ауданы 230 гектар жер телімі анықталып, оның 50 гектарына туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Бұл Кентау қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін, туристер мен келуші қонақтардың санын арттыруға және жаңа туристік бағыттарының дамуына тың серпіліс бермек.

Жалпы, Қаратау қорығының аумағы 34 мың гектар. Онда Қазақстан қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жан-жануарлар мекен етеді. Кентау қаласы әкімдігі биыл Хантағы туристік аумағына апарар 8 шақырым жолды реттеп, веложолақ салып, жарықтандырмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *