ЖЕТІСАЙДЫҢ ҚАУЫНЫ САМАРАДА САТЫЛУДА

Экономика
296 Views

Жетісай ауданының шаруалары үшін биылғы жыл қолайлы боп тұр. Табиғат та жергілікті шаруаларға оңынан қарасып тұрғандай. Аудандағы суармалы жердің көлемі 78 мың гектар болса, оның 49,5 мың гектарына мақта шиті себілген.

Ал 17 мың гектар жерге бақша өнімдері егілген. Жазы жаймашуақ өңірде маусым басында қауын-қарбыз пісіп үлгерді, ол тіпті тұтынушыларға ұсыныла бастады. Жетісайлық диқандардың алғашқы өнімдері Ресейге де экспортталуда.

Жетісай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғыны Қобыланды Түймешев «Әділет» шаруа қожалығын ашып, 150 гектар жерге әртүрлі дақылдарды еккен. Жер тырмалап, диқаншылықтан нәпақа тауып жүргеніне 30 жыл болыпты. Қобыланды Түймешев биыл да өнімдерін өңірдегі алғашқылардың бірі болып, нарыққа шығарды.

Диқан 100 гектар жерге қауынның 4 сұрпын еккен екен.Сұранысқа орай, алғашқы қауындары Ресейдің Мәскеу, Самара қалаларына жөнелтілді.

Қ. Түймешев өнімді ешқандай делдалсыз, егістік басынан өздері көліктерге тиеп, жөнелтіп жатқандарын айтты. Бұл сатушы үшін де, алушы үшін де тиімді тәсіл екені анық.

Ауыл әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың айтуынша, округте 7 мың гектардан астам суармалы жер бар. Оның 5 мыңнан астам гектарына мақта шиті, 45,5 гектарға көкөніс, 1163 гектарға бақша дақылдары (220 гектарға қарбыз) егілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *