КЕНТАУДА ПОЛИЭТИЛЕНДІ ҚҰБЫР ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

Экономика
484 Views

Кентау қаласында «АБН Альянс» ЖШС-нің полиэтиленді труба шығару цехі өз жұмысын бастады. Жобаның құны 600 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 1500 тонна труба шығаруға қауқарлы. Онда бүгінде 50 адам жұмыспен қамтылған. Аталған цех қаладағы тоқтап тұрған бұрынғы «Бетонзавод» ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орнату жұмыстарын жүргізіп, жобаны іске қосқан. Алдағы уақытта аталған ғимараттың ішінде «АБН Альянс» ЖШС радиатор шығару цехын іске қосу жоспарлануда. Жобаның құны – 1 млрд 200 млн теңгені құрамақ. Жоба толық іске асса, жылына 600 мың дана радиатор шығарылады деп күтілуде. Мұнда да 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, мұнда темірбетон шығару цехын ашу көзделуде. Жобаның құны 200 миллион теңге. Кәсіпорында жылына 13500 мың дана темірбетон шығарылмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *