КӨЛІК-ЛОГИСТИКА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ –ЗАМАН ТАЛАБЫ

Экономика
1 286 Views

Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы – Руслан Пернебекұлы Бексейітовпен аталмыш мекеме жұмысы жайлы әңгімелескен болатынбыз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында:

Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді. Бұл туралы көп айтылды. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді.

Жүк қозғалысын онлайн режимінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет.

Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Үлкен деректерді» (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервін анықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады.

Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет. Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады. Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек. Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек, — деген болатын.

Инспекцияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының автомобиль, темір жол, су көліктері туралы заңнама талаптарының, Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттардың сақталуын, автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының сақталуын және олармен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан да әрдайым осы мәселелерге Инспекция аса зор көңіл аударады.

АВТОКӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР:

Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының 2019 жылға қарастырылған алым жоспары 200 миллион құрайды, ал 9 айдың жоспары 154 миллион теңгені құраған.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 157 миллион теңге мемлекеттік бюджетке төленді, яғни 102 пайызға орындалды.

Жыл басынан бүгінге дейін 2032 әкімшілік іс қозғалды, соның ішінде: 1887 авто, 70 теміржол және 75 су көлігінде.

Түркістан облысы бойынша Инспекция қарамағында үш жылжымалы көліктік бақылау бекеті қызмет атқаруда.

ӨЗІ АУДАРҒЫШ (САМОСВАЛ) АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ:

Түркістан облысы әкімшілік полициясының мәліметіне сәйкес 1242 самосвал тіркелген. Инспекция күнделікті жұмыс барысында Түркістан облысы бойынша өзі аударғыш (самосвал) автокөліктеріне байланысты іс-шаралар жүргізуде. Соның аясында Хово, Шахман, Маз, Фау, Фотон, Шансиман, Шанхи, Дунг фенг және тағы басқа маркалы барлық автокөлік құралдары тексеріліп және ҚР заңнамасын бұзу анықталған жағдайда барлық қажетті шаралар, соның ішінде әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылуда.

Аталған іс-шара барысында көрсетілген мерзімде 460 өзі аударғыш (самосвал) автокөліктері тексерілді, 502 әкімшілік іс қозғалып, 18 миллион 685 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, соның ішінде 17 миллион 850 мың теңгесі төленді, яғни 95 пайыз, өткен жыл үшін 5 миллион 462 мың теңге көлемінде алым өндірілді.

ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ:

2019 жылдың өткен мерзімінде 4595 шетелдік автокөліктері тексерілді, 800 әкімшілік іс қозғалып, 10 миллион 100 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, соның ішінде 10 миллион 100 мың теңгесі төленді, яғни 100 пайыз.

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫМЕН ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ:

Көрсетілген мерзімде жолаушы тасымалдайтын 150 автокөлік құралдары тексерілді. Жолаушы тасымалдауға қатыстары бар тұлғаларға байланысты 29 әкімшілік іс қозғалып, 252500 теңге әкімшілік айыппұл салынып, соның ішінде 252500 теңге төленді, яғни 100 пайыз.

Жылдың басынан 20 бірлескен рейдтік шаралар жүргізілді, нәтижесінде 7 жалған диагностикалық карталар анықталды, бұл жөнінде Түркістан облысы бойынша Департамент полициясына хат жолданды.

Қазіргі уақытта «Назар аудар, жолаушы» акциясы және «Автобус» бірлескен операциясы жүргізілуде.

Сонымен қатар Түркістан облысы аймағында автовокзалдар, автостансалар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметін көрсететін нысандардың ҚР Ұлттық Стандарт «Автовокзалдар, автостансалар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттер қызметтері» (СТ РК 2271-2012) мен заңнамалардың талаптарына сәйкес келу сұрақтары, көліктегі уәкілетті орган ретінде Инспекцияның басты назарында.

Атап өту керек, Инспекция Кәсіпкерлік кодекстің талабына сәйкес автобекеттерді кез келген уақытта тексере алмайды. Ол заңды және жеке тұлғалардың арызы негізінде немесе мемлекеттік органдардың және прокуратураның сұранымы бойынша жүргізіледі.

Инспекция өз тарапынан осы талаптардың орындалуына әртүрлі шаралар қолдануда. Атап айтқанда, барлық автовокзал, автобекет иелеріне ұсынымдар жіберілді, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес айыппұлдар салынды.

Бұдан басқа тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға, яғни «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не заң талаптарына сәйкес шара қолдану үшін бес рет хат жолданды (шығыс №20-14-05/1083; №20-14-05/2135; №28-17-04-05/31; №28-17-04-05/49; №28-17-04-03/1425). Себебі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрнің 2015 жылдың 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының» 366-тармақшасында сәйкес, автовокзалдар, автостансалар және жолаушыларға қызмет көрсету пунктері өз қызметін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша тоқтатады деп көрсетілген.

Алайда, жолданған бес хатқа Әкімдік тарапынан жауап келмегендіктен, осы көрсетілген шаралар өзінің оң нәтижесін бермегендіктен, Инспекция мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексі 8-бабының 2-бөліміне сәйкес сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Анықталған заңбұзушылықтардың адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерін төндіріп тұрғанын ескеріп, Түркістан облысы аймағында орналасқан 13 автовокзал, автостансаларға қатысты жұмыстарын тоқтату туралы талап арыздар сотқа жіберілді.

ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ СУ КӨЛІКТЕРІНДЕ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР:

1. Бақылауда тұрған шаруашылық нысандардың жалпы саны 123, соның ішінде:

— су көлігіндегі шаруашылық нысандар -12

— темір жол көлігіндегі нысандар -111

2. Тексерілген нысандар саны–14 (28 – 2018 жыл), соның ішінде: 3-жоспардан тыс тексеру (3 – 2018 жыл), 7 жоспардан тыс бақылау (13 – 2018 жыл), 4 жоспарлы (0 – 2018 жыл), 0 ішінара (10 – 2018 жыл) және 0 – өзге (2 – 2018 жыл) тексерістер.

3. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың саны – 686, соның ішінде:

— су көлігі бойынша – 75

— темір жол көлігіндегі тексерулер бойынша – 611

ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІ САЛАСЫ БОЙЫНША

Шымкент магистральдық желісі инфрақұрылымы:

— Магистральдық жолдардың ұзындығы –383,3 шақырым.

— Бас жолдардың жазылмалы ұзындығы – 710,9 шақырым.

— Стансалық жолдар – 297,9 шақырым.

— Кірме темір жолдардың жалпы ұзындығы -132,2 шақырым.

Шымкент жол бөлімшесінде орналасқан нысандар мен құрылғылар:

— Темір жол стансалар саны-31

— Көпірлер -210

— Өткелдер – 24, соның ішінде, күзетпелі өткелдер – 13.

Бақылауда тұрған шаруашылық нысандардың жалпы саны – 111.

Шамалған стансасында орын алған қақтығысты болдырмау мақсатында Инспекция тарапынан тиісті шаралар қолданылып келеді. Атап айтқанда, жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы тарапынан тексерілген шаруашылық субъектілер саны – 15

Соның ішінде жоспардан тыс тексеру – 4

Жоспардан тыс бақылау тексерісі – 7

Бару арқылы профилактикалық бақылау(жоспарлы) – 4

Тексерілген кірме жолдар ұзындығы – 15,439 (шақырым)

Тексерілген магистралдық жолдардың ұзындығы – 710,9 (шақырым)

Тексерілген станциялық жолдардың ұзындығы – 297,9 (шақырым)

Кірме жолдардың пайдалануы уақытша тоқтатылды (дана) – 1

Жолдарда жолдардың пайдалануы уақытша тоқтатылды (дана) – 2

Кірме жолдарда бағыттамалы бұрмалардың пайдалануы тоқтатылды (дана) – 1

Стансалық жолдарда бағыттаушы бұрмаларды пайдалану уақытша тоқтатылды (дана) – 10

Жүк жылжымалы құрамы тексерілді (бірлік) – 12

Тартқыш жылжымалы құрамы тексерілді (бірлік) – 2

Арнайы жылжымалы құрам тексерілді (бірлік) – 14

Арнайы жылжымалы құрамның пайдалануы уақытша тоқтатылды (бірлік) – 1

Әкімшілік құқық бұзушылық қарастыру бойынша ақпарат (салынған айыппұл теңге) – 545 400

Тексерілген пойыздар саны – 85

Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау Қағида талаптарының бұзылуы;

Соның ішінде – Жолаушылар билетсіз тасымалдау – 57

Өртке қарсы қауіпсіздік – 3

Қағида талаптарының өзге бұзушылықтары – 1219

Әкімшілік құқық бұзушылық қарастыру бойынша ақпарат (салынған айыппұл теңге) – 546 662,5

Жоспардан тыс тексерілген «АДЕА» ЖШС-не тексеру барысында анықталған ҚР Теміржол көлігіндегі техникалық пайдалану қағидасының 80,94,95,103 тармақтары бұзылған үшін, жалпы бұзушылықтар – 61 (Кірме жолдың пайдалануы уақытша тоқтатылды – 1, кірме жолда жолдың пайдалануы уақытша тоқтатылды – 2, бағыттамалы бұрмалардың пайдалануы тоқтатылды – 1), ҚР ӘҚБтК 559 б. 6 б. 1 т. бойынша 10 100 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жоспардан тыс тексерілген «КАС-Бетон бұзушылық» ЖШС-не тексеру барысында кірме жолдың пайдалануы уақытша тоқтатылған, ҚР ӘҚБтК 559 б. 6 б. 1 т. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды – 12 625 теңгеге.

Жеке кәсіпкер Сүлейменов – ҚР Теміржол көлігіндегі техникалық пайдалану қағидасының 80,92,94 тармақтары бұзылған үшін ҚР ӘҚБтК 559 б. 6 б. 1 т. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды – 10 100 теңгеге.

ЖК «Нұрлы жол» – ҚР Теміржол көлігіндегі техникалық пайдалану қағидасының 80,92 тармақтары бұзылған үшін ҚР ӘҚБтК 559 б. 6 б. 1 т. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды – 10 100 теңгеге.

«SGM Group» ЖШC – ҚР Теміржол көлігіндегі техникалық пайдалану қағидасының бұзылған үшін ҚР ӘҚБтК 559 б. 6 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды – 12625 теңгеге

Жоспардан тыс бақылау тексерілген кезде «SGM Group»ЖШC нұсқамада берілген талаптардың кейбір пункттері орындалмағаны анықталып, сот арқылы ҚР ӘҚБтК 462 б. 3 б. бойынша 505 000 теңге өндірілді.

ТЕКСЕРІЛГЕН ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАР

2019 жылдың 9 айында 14 нысандарға тексерулер жүргізілген, соның ішінде: 3-еуі жоспардан тыс, 7-еуі жоспардан тыс бақылау, 4-еуі жоспарлы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Тексерулер нәтижесінде Қазақстан Республикасы көлік саласындағы заңнама талаптарының сақталмауына байланысты 611 бұзушылықтар анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 7 нұсқама берілді. 4 әкімшілік хаттамалар түзілді және де 535300 мың тенге айыппұл салынып өндірілді, (2018 жылы 35 хаттама және 1459835 мың теңге айыппұл салынған).

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫН ТЕКСЕРУ

Түркістан облысы аумағында 30 жұп жолаушылар пойызы және 2 жұп қаламаңындағы жолаушылар пойызы қатынайды.

Соның ішінде 9 жолаушылар пойызы халықаралық (Өзбекстан мен Қырғыстан мемлекеттеріне қарасты), 12 жолаушылар пойызы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қарасты, 7 жолаушылар пойызы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның филиалы «Экспресс» ( Тальго), 2 бағыттағы жолаушылар пойызы жекеменшік («Арлан Транс Астана» және «Nomadas») және 2 бағытта «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ға қарасты.

Ағымдағы жылдың 22 ақпандағы Көлік комитетінің Төраға орынбасары С.Ғилымовтың №28-01-28-2/481 хатына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында, құқық қорғаушы органдармен бірлесіп, соның ішінде Арыс көліктік прокуратурасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан стансасы желілік полиция бөлімімен жолаушылар пойыздарын бақылау бойынша жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі таңда жолаушылар пойыздарын тексеру, тек қана құқық қорғаушы органдарының өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде.

2019 жылдың 9 айында инспекция тарапынан 81 жолаушылар пойызына тексерулер жүргізіліп (2018 жылы – 80), нәтижесінде 2015 жылы 30 сәуірде министрдің №545 бұйрығымен бекітілген жолаушылар, багаж және жүк-багаж тасымалдау қағидасы талаптарының орындалмауына байланысты 1087 бұзушылықтар анықталды (2018 жылы – 1205).

Тексеру барысында, 57 жолаушыларды билетсіз тасымалдау фактілері анықталды (2018 жылы 84 билетсіз тасымалдау), рәсімделмеген жүк тасымалдау 45 келі анықталған, (2018 жылы 1200 келі рәсімделмеген жүк), 40 әкімшілік хаттамалар түзілді (29-571 бап 4б, 9-623 бап 3б, 2-623 бап 4б) және де 464,6 мың теңге айыппұл салынды, (2018 жылы 43 хаттама және 364,4 мың теңге айыппұл салынған).

Жолаушылар пойыздарын бақылау бойынша жұмыс тобының атқарылған жұмыстары бойынша анықталған кемшіліктер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлері «ontustikato.kz», «ernur.kz», «yassy-tur.kz» электронды сайттарға мақала жарияланған.

СУ КӨЛІГІ САЛАСЫНДАҒЫ 9 АЙЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1. Пайдалыныстағы кемелер бойынша:

Жалпы 2019 жылы тіркелген кемелердің саны 616 бірлікті құрайды, соның ішінде;

— 24 бірлік өзен кемелері;

— 528 бірлік өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер;

— 64 бірлік өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер.

2. 2019 жылдың 9 айында 4 нысанға жоспардан тыс тексерулер жүргізілген, Тексерулер нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы 3 нұсқама берілді. 3 әкімшілік хаттамалар түзілді және де 56,8 мың теңге айыппұл салынып, 56,8 мың теңге өндірілді, (2018 жылы – 0).

Пайдалану кезіндегі қаралған шағын көлемді кемелердің саны 204 бірлік.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

«Автомобиль көлігі саласында» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР ИДМ-ң 2015 жылғы 30 сәуірдегі №557 ҚР ИДМ-ң, 2015 жылғы 30 сәуірдегі №556, ҚР ИДМ-ң 2015 жылғы 30 сәуірдегі №555 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарының түрлері бойынша Түркістан облысы бойынша КБИ есепті кезеңде жеке және заңды тұлғаларға жалпы – 867 қызмет көрсеткен, заңмен қарастырылған негіздер бойынша 244 өтініш орындалудан бас тартылған.

1. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру – 41, бас тарту – 13;

2. Қазақстан Республиксының аумағы арқылы ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру – 190, бас тарту – 36 (арыздағы мәліметтердің толық еместігі, тиісиі жол жүру алымдарының төленбеуі);

3. Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу – 9;

4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат – 578, бас тарту – 183;

5. 1,6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру – 19, бас тарту – 4.

«Теміржол және су көлігі саласында» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР ИДМ-ң 2018 жыл 30 сәуірдегі №556 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының түрлері бойынша Түркістан облысы бойынша КБИ есепті кезеңде жеке және заңды тұлғаларға жалпы 35 қызмет көрсеткен, заңмен қарастырылған негіздер бойынша 4 өтініш орындалудан бас тартылған. Соның ішінде:

1. Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу – 27, бас тарту – 1;

2. Теміржол жылжымалды құрамды мемлекеттік тіркеу – 6, бас тарту – 3;

3. Теміржол жылжымалды құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу – 1, бас тарту – 0;

4. Теміржол саласындағы жүктерді тасымалдау лицензиясы – 1.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын, стандарт талаптарының және тиісті мерзімдерінің бұзу жағдайлары орын алмаған, көрсетілген қызметтер бекітілген регламентке сай атқарылған.

ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ФУНКЦИЯСЫН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРҒА БЕРУ ТУРАЛЫ

Қазіргі таңда Түркістан қаласына ауыр жүк автокөліктерінің кіру қарқындылығы төмен, тек құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялар техникасы пайдаланылады.

Арыс қаласында жарылыстан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты ауыр жүк тасымалдау автокөліктері жұмылдырылған. Қарқындылығы күніне 5-6 ауыр жүк автокөлігі. Инспекция мамандары жол және жолаушыларды тасымалдау саласындағы құзыретті орган, яғни «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқармасымен тығыз және тұрақты түрде жұмыс атқаруда.

Қазіргі таңда 42 мемлекетпен Халықаралық келісімшарттар бекітілген. Халықаралық келісімшарттарда мемлекет атынан тек көлік саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер қарастырылған. Егер функциялар жергілікті атқарушы органына берілетін болса, барлық халықаралық шарттарды қайта қарастыру қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көптеген заңнамалық актілеріне өзгеріс енгізу қажеттілігі туындайды.

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛДАУ САЛАСЫ БОЙЫНША

Түркістан облысында 991 тұрақты бағыттардағы автобустар мен шағын автобустар қызмет атқарады. Сонымен қтара 34 тұрақты емес бағытта қызмет көрсетуге лицензия рұқсат берілген. Осыдан қорытынды, күнделікті жолаушылардың жол жүру қарқындылығы орташа алғанда 41 000 адам.

Түркістан облысы аймағында 6 автовокзал, 23 автобекет қызмет атқарады. Сонымен қатар облыста 1300 автобус тіркелген, соның ішінде 50 Сарыағаш-Алматы бағытында қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, Түркістан облысында 36 стихиялық орындар анықталған. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлерді қолдау палатасы, тағы басқа да ізгілендіруге бағытталған шаралардың нәтижесінде жолаушыларды тасымалдау саласынла мемлекеттік бақылаудың үлесі азайды.

Мысалы, хабарлама негізінде қызметін бастайтын техникалық байқау орталықтары автобекеттер және таксимен тасымалдау қызметі кәсіпкерлік кодекске енгізілген соңғы өзгеріске дейін міндетті тексеруге жататын. Алайда 2018 жылы мамыр айында енгізілген өзгерістерден кейін міндетті тексеру алынып тасталды.

Қазіргі уақытта кез келген жеке кәсіпкер электронды түрде хабарлама беру арқылы ешбір тексерусіз қызмтеін бастай береді. Осындай жағдай теміржол және су саласынада қатысты. Сондықтан, стихиялық орындардың көбеюі орын алады. Бұл жағдай жергілікті атқарушы органдардың да құзыретіне кіретінін ескерту қажет. Стихиялық орындардың ең көбі Сарыағаш және Сайрам аудандарында орналасқанын айтып өткен жөн. Инспекция басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, стихиялық орындарды анықтады. Анықталған стихиялық орындар жайлы ақпаратты және ол жерлерге тиісті жол белгілерін орнату қажеттілігі жайлы сұранымды ішкі істер органдарына жолдаған.

Автобустардың ең көбі Сарыағаш ауданынан Ресей Федерациясына жол жүреді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жолаушыларды тасымалдау үшін автобустарға рұқсат қағазы (дозвол) тапшы болып отыр. Бұл рұқсат қағаз паритетті негізде берілгендіктен Ресей тарапынан бланкілерді шығару тоқталған. Келесі жылға сұраныс тиісті дәрежеде жасалып, электронды түрде сұраным жіберіледі. Сондықтан алдағы жылда тапшылық болмайды деп күтілуде.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *