ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП БАСТАҒАН

Экономика
430 Views

Қайтарымсыз грант алып, кәсіп бастаған түлкібастықтардың қатары көбейіп келеді. Биыл Түлкібас ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 173 азамат жұмыспен қамтылады деп көзделіп отыр.

Қазіргі таңда 11 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін бастап кеткен. Осы бағдарлама бойынша былтыр 150-ге жуық жұмыссыз азамат мемлекеттің қолдауына ие болып, өз кәсіптерін ашқан. Олардың ішінде 57 грант асыл тұқымды мал өсіруге, қалғаны тоқыма, құс шаруашылығына, тігін және кондитер өнімдерін өндіруге, ағаш бұйымдарын жасап, құлпынай өсіруге бөлінген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *