Республикалық «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті редакциясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойыншадепартаментімен бірлесе отырып 2019-2020 жылдардағы Шымкент қаласының Білімбасқармасында орын алған заңсыздықтарға байланысты журналистік зерттеуді қолғаалды. Атап айтқанда қаладағы 64 мектептің 344 педагог маманы аттестаттаудыңбірінші кезеңінде, ұлттық біліктілік тестілеуден өтпегендіктен, аттестациялықкомиссиямен берілген «педагог-модератор», «педагог-сарапшы»,«педагог-зерттеуші» санаттары негізсіз берілуіне байланысты, ҚР Үкіметінің«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатынұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақытөлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы 4-қосымшасыныңталаптары сақталмай, жалпы сомасы – 194 399 810 теңгенің қаржылық бұзушылығыанықталған.
Одан да сорақысы Шымкент қаласының білім басқармасы қазіргі таңда «РИАНА жалпы орта білім беретін мектебі» ЖШС 1107 орындық 2019 жылы Шымкент қаласы Білім басқармасынан, ал 2020 жылы АО Қаржы орталығынан қаржыланған. 04.12.2020 жылы №117 аудиторлық есебі процессуалдық шешім қабылдау үшін келіп түскен №207900131000092 қылмыстық іс шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мемлекеттің миллиардтан астам қаржысы құмға сіңген судай жоқ болып, талан-таражға түскен. Жауаптылар әлі күні жазаға тартылмай, бостандықта жүргені көңілге күдік ұялатуда. Газетіміздің алдағы сандарында осы тақырыпта зерттеу материалдарды оқитын боласыздар.
«Әділет-ақпарат»