«ӘДІЛЕТ» КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ӨЗ МЕЖЕСІНЕ ЖЕҢІСПЕН ЖЕТТІ

Мәселе
987 Views

Газеттің журналисттері зерттеген мәселе қазақ елінің ақпарат айдынында Ресей азаматтығыбар шенеуніктің заңсыз әрекеттері туралы бірнеше сыни мақалалар жариялады.Талқыланды. Соңғы нүктені Әл-Фараби аудандық соты шешім шығарып, соның негізінде Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов өз өкімімен жұмыстан шығаруға мәжбүр болды. 2021 жылдың 25 ақпанындағы №40-к өкімі төмендегі суретте.

Еске салайық, шымкенттік шенеуніктің, сотқа берген талапарызы бұған дейін қанағаттандырылмап еді. Лауазымды тұлға, ол кезде қос елдіңазаматтығы бар деген ақпарат таратқан полицияның әрекетін заңсыз деп танудысұраған болатын. Алайда, арызды қараған Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Нұрғали Исмайлов Олег Почиваловтың Ресей Федерациясының азаматы екеніндәлелдеген еді. Соттың дерегінше басқарма басшысы Почивалов 2005 жылы РесейФедерациясының азаматтығын алып, 2007 жылы паспорт иемденген.

Ендігі мәселе осы заңсыз әрекеті үшін О.Почивалов заң алдында қалай жауап береді? Оған мүдделі басшылықтағы мемлекеттік қызметкерлер заң алдында жауап беруі тиіс. Осы арада Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұловтың тосыннан жұмыстан кетуі нені меңзеп тұр? Бұл жерде «Еркек тоқты құрбандық» деген аталы сөздің кебін киді-ау! Бұған дейін ол 5 әкіммен қызметтес болған, яғни табандылықпен жұмыс атқарып келген. Асылы Почиваловтың міндетін атқарушы қызметінен көп өтпей басшылық қызметіне тағайындалуы қала әкімінің асығыс шығарған шешім екенін «Әділет» дәлелдеді. Ресей азаматының Қазақстанда жүріп қалталыға айналған, бай-манаптардың көшбасшысының бірі болатын дәрежеге жетуі жылжымайтын мүліктерді бағасына қарамай сатып алуы осы спортымызға жасалған үлкен қиянат десек қателеспейміз. О.Почивалов өз сөзінде – «Үш атадан Қазақстанда тұрамыз дегені бар еді». Алайда, мемлекеттік тілімізді мүлдем сыйламайтын, қазақтың ақшасы жақсы да, өзі мен тілін ұнатпайтын емеурін танытқаны ерсі болды. Қасиетті қазақтың киесі соқты. Көріп тұрғандарыңыздай соңы осылай аяқталды. Осы орайда, біздің осындай жеңіске жетуімізге білікті заңгер, ғұмырын құқық қорғау саласына арнаған адал жан, спорт жанашыры, елім дейтін азаматтың бірі Жиембай Пралиев ағамызға ерекше алғысымызды айтқымыз келеді.

Мемлекетіміздің қолданыстағы заңдарына сүйенсек О.Почивалов Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексінің 496-бабының 1-тармақшасына сәйкес 100 АЕК мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бұл бастамасы. Ал, қылмыстық деңгейіне сәйкес О.В.Почиваловтың 2005 жылдан бері Ресей елінің азаматы болуына байланысты, 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алған барлық мүліктері, елімізге тиесілі жер, су, тау, демалыс орындарына қатысты түзілген мәмілелер, жергілікті атқарушы органдардың актілері, қаулылар жарамсыз деп танылып, бюджеттен алған айлық жалақылары, субсидиялары, ашқан фирмалары арестке алынып, сот арқылы арнайы айыппұлымен мемлекет меншігіне қайтарылуы қажет. Бұл Заңның талабы. Алдағы уақытта біз мәселені де Үкімет назарына жеткізетін боламыз.

Ал енді спортымызды биік шыңдарға көтеру өз қолымызда. Қазақ елінің туын көкке көтеріп әлемге танытқан чемпион батырларымыз арамызда жүр. Оларға мансап, қызмет керек емес, оларға керегі көк тудың желбірегені менқазақтың намысы. Бұл басқармаға осындай азаматтарымызды тағайындау бүгінгікүннің талабы. Ұлттық рухымызды асқақтататын уақыт жетті. Ол бізде жоқ емес,бар!

Қуанышбек БОТАБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *