МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АЯСЫНДА 740 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Қоғам
326 Views

Түркістан облысы, Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласының «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің 2022 жылдың 9-айында атқарылған жұмыстары туралы аудан, қала бөлім басшыларының қатысуымен көшпелі есептік басқосу жиыны болып өтті. Басқосуға Түркістан облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Иманқұлов арнайы қатысты.

Орталыққа жалпы 5 341 азамат өз жоспары негізінде жүгінген. Оның ішінде 1 454 шағын және орта бизнес өкілдері, 3 886 жеке тұлғалар.

Берілген кеңес – 23 070;

— көрсетілген қызметтер – 1 437;

— әзірленген бизнес-жоспар – 1 189;

— сүйемелденген жобалар – 740 болып келеді.

Консалтинг және жобаларды сүйемелдеу бөлімі: мемлекеттік бағдарламалар аясында 740 жоба сүйемелденіп қаржыландырылды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 335 жоба;

— егін шаруашылығы бойынша – 180 жоба;

— өндіріс саласы бойынша – 40 жоба;

— қызмет көрсету бойынша – 122 жоба;

— айналым қаражатын толтыру – 57 жоба;

— субсидиялау — 4 жоба; жалпы сүйемелденген жобалар сомасы – 6 004 717 007 теңгені құрап отыр.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5 жоба сүйемелденіп қаржыландырылды.

Рұқсат құжаттарын алу бойынша қызмет көрсету бөлімі:

— Жер мәселесі бойынша – 449 қызмет;

— Инфрақұрылым саласы бойынша – 180 қызмет;

— Сәулет және қала құрлысы бойынша – 80 қызмет;

— Басқада құжаттар бойынша – 728 қызмет көрсетілді.

Бұл көрсеткіштер 2021 жылдың 9-айлық есебімен салыстырғанда едәуір ілгерілеушілік байқалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *