ЖЫЛҚЫ БАСЫН КӨБЕЙТУГЕ НЕСИЕ АЛДЫ

Қоғам
506 Views

Қазақ халқы үшін жылқы – төрт түлік малдың патшасы. Мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын болған жылқы көшпелі халықтың баркерегіне жараған. Заман өте келе бұл төлге деген ерекше сүйіспеншілік пенқадірлеу әлі де сақталып келеді. Киелі жануардың еті, қазы-қарта, жал менжаясы, қымызы дастархан төрінен орын алатыны белгілі.

Өздеріңізге белгілі Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылығы саласына өте қолайлы аймақтардың бірі болып, алдағы орында ілгерілеп келе жатыр десекте еш қате болмас. Аудан халқыда шағын өнеркәсіп, шаруашылық салаларына да өте бейім. Нақтылап тоқталар болсақ Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті тұрғыны Рысбаев Болатбек «Ырыс» микроқаржы ұйымынан Жылқы бордақылау бойынша жеңілтетілген несие иегері атанып, қазіргі таңда аудан эканомикасына азда болсын өз үлесін қосуда. Жеке кәсіпкер Болатбек мырза өзіне дұрыс бағыт көрсетіп, кәсіпкерлік саласына шақырып, қажетті кеңестерін беріп сүйемелдегені үшін «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандарына өз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, Ордабасы ауданына қарасты Берген ауылының тұрғыны Мусаев Қанат орталықтың қызмет көрсетуімен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан несиеге қол жеткізіп, несие қаражатына 14 саумалы бие сатып алды. Кәсіпкердің мақсаты жылқы санын арттырып, мал шаруашылығына өзінің үлесін қосу.

Несие мерзімі — 10 жыл. Жылдық сыйақысы — 17%. Субсидия қарастырылған. Негізгі борыш бойынша 2 жыл, ал сыйақы бойынша 12 айжеңілдік мерзімі тағы бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *