2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР № 202-VI заңы заңды күшіне енді. Осы актіге сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдары мемлекеттік сатып алуды неғұрлым нақты регламенттеуге себепші болған өзгерістерге ұшырады.
ШАРТТЫ ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ ҚАТЕ ЕСЕПТЕУ
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 207-бабының 6-тармағының (бұдан әрі – ӘҚБтК) жаңа редакциясында мысалы, келесі белгіленген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды қолданбау бөлiгiнде бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу – лауазымды адамдарға 50 айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Осы бөліктегі лауазымды тұлғалар деп конкурстық/аукциондық комиссияның төрағасын, сондай-ақ конкурстық/аукциондық комиссияның мүшелерін түсіну керек.
Назар аударыңыз! Осылайша, конкурстық / аукциондық комиссия енді бұрын болжанған тікелей ниет болған жағдайда ғана емес, жанама болған жағдайда, яғни комиссия төрағасы мен мүшелері білмеген, бірақ олар шартты жеңілдіктерді дұрыс есептемейтіні туралы білуі тиіс болған жағдайда әкімшілік жауаптылықта болады.
ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ СОТҚА ЖҮГІНБЕУІ НЕМЕСЕ УАҚЫТЫЛЫ ЖҮГІНБЕУІ
ӘҚБтК 207-бабының 10-тармағы өзгерістерге ұшырады, ол бойынша тапсырыс берушінің:
әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген;
өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындамаған;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі – лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ол туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының (бұдан әрі – заң) 12-бабының 4-тармағында көрсетілген.
Заңның 12-бабы 4-тармағының 1-бөлігі:
«Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі:
1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің;
2) жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;
3) өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді».
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тапсырыс беруші өздеріне әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, сотқа осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгінуге міндетті.
Назар аударыңыз! Осылайша ӘҚБтК 207-бабының 10-тармағының жаңа редакциясында және заңның 12-бабымен тапсырыс берушінің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап егер ол шарт жасалғаннан кейін ғана емес, сондай-ақ дейін жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілігі туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені немесе оған шартты жеңілдік заңсыз беруге мүмкіндік берген құжаттарды бергені анықталса, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге жаңа міндеті көзделген.
Бұл ретте заң тапсырыс беруші үшін ғана емес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы үшін де сотқа талап арызбен жүгіну міндетін көздейді, өйткені, егер ол тапсырыс берушімен бір тұлғада сәйкес келмесе бірінші кезекте тапсырыс беруші шартты жасасқанға дейін жеңімпаз ұсынған дәйексіз мәліметтер туралы белгілі болады.
Назар аударыңыз! 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап заңның 12-бабы 4-тармағына сәйкес өнім беруші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші сотқа талап арызбен жүгінбеуге құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, жиынтығында мынадай талаптарды қанағаттандыратын барлық талаптарды өнім берушілердің сақталуы болып табылады:
– өнім берушінің тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуі;
– шарттық міндеттемелерді толық орындау;
– тапсырыс берушіге келтірілген залалдың болмауы.
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ЖОСПАРЛАУ
ӘҚБтК 207-бабының 11-тармағы енді Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда тапсырыс беруші үшін жауапкершілікті қарастырады, яғни бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу лауазымды адамдарға 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Сәйкесінше тапсырыс беруші заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер жылдық жоспарда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көзделмесе, веб-порталда мемлекеттік сатып алу жоспарының тармағын қалыптастыруға және сатып алуды жүргізуге құқығы жоқ.
Тапсырыс беруші енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар веб-порталында мемлекеттік сатып алуды қоспағанда ҚР Үкіметі айқындаған мемлекеттік құпиялар және (немесе) таратылуы шектелген қызметтік ақпарат туралы ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдаған күннен бастап өзгерістер енгізу туралы және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (алдын ала мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары) орналастыруға міндетті.
ӘҚБтК бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырудың жоғарыда көрсетілген бес күндік мерзімін бұзғаны үшін 207-бабы 13-тармағының жаңа редакциясына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау немесе уақытылы орналастырмау, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау) лауазымды адамдарға 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
ӨТІНІМДЕРДІ ҚАРАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛА РҰҚСАТ БЕРУ
Конкурс немесе аукцион өткізу кезінде өтінімдерді қарау мерзімдерін сақтамағаны үшін конкурстық/аукциондық комиссия үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді де атап өткен жөн.
Осылайша, ӘҚБтК 207-бабының 14-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерін уақтылы қарамаған, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақытылы орналастырмаған жағдайда лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.
Осы бөліктегі лауазымды адамдар деп конкурстық/аукциондық комиссияның төрағасын, сондай-ақ конкурстық/аукциондық комиссияның мүшелері мен хатшысын түсінген жөн.
Осылайша, мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық құрамдарымен қамтылатын жағдайлар санының артуы олардың өсіп келе жатқан әлеуметтік маңыздылығын және осының салдарынан қоғамдық қатынастардың осы саласының әкімшілік заңнамасымен одан әрі кезең-кезеңімен неғұрлым нақты регламенттелгенін, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін, сондай-ақ жауаптылыққа тартуға жататын субъектілер аясын кеңейтуді куәландырады.
У. УМИРБЕКОВ,
Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық
бақылау бөлімінің басшысы.