МӘМС ТӨЛЕМДЕРІН ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДА ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ?

Денсаулық Қоғам
481 Views

«Жүйеге қосылу қиын емес. Қазір Қормен жұмыс істейтін клиникалар мен емханалар «Qiwi», «Касса24» терминалдарын орнатып жатыр. Жарнаны«Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы да төлеуге болады. Жарна төленгеннен кейін 5 минуттың ішінде пациентке «сақтандырылған» деген статус беріледі. Содан кейін ол сақтандыру пакетіне енетін қызметтерді пайдалана алады.

«Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Бұл бағдарламаны бүгінде кез келген азаматтан табылатын смартфонға жүктеп алуға болады. Ол үшін аталған банктің төлем картасының иесі болуыңыз қажет. МӘМС жарнасын төлеудің тағы бір оңай жолы – «Касса 24» терминалдары арқылы төлеу. Өз қалаңыздағы кез келген «Касса 24» терминалында Медициналық сақтандыру қорының төлем жүйелері орнатылған.

Төлем жөніндегі нұсқаулық:

1.Терминал мәзірінен «Қызметтерді төлеу» бөлімін таңдаңыз,

2.«Өзге төлемдер» бөліміне өтіңіз,

3.«Медициналық сақтандыру қоры сервисін» таңдаңыз,

4.ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіңіз,

5.Тізімнен кезеңді таңдаңыз,

6.Төлеңіз және «төлеу» дегенді басыңыз,

7.Чекті поштаңызға жіберіңіз немесе басып шығарыңыз.

МӘМС жарнасын төлеудің тағы бір жолы – «Qiwi» терминалдары арқылы төлеу. Аталған төлем терминалдары МСҚ жүйесіне енген барлық клиникалар мен емханаларда орналасқан.

Төлем жөніндегі нұсқаулық:

1. «Айыппұлдар, салықтар, мемлекеттік қызметтер» бөлімін таңдаңыз,

2. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» бөліміне өтіңіз,

3. ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіңіз,

4. Тізімнен кезеңді таңдаңыз,

5. Төлеңіз және «төлеу» дегенді басыңыз,

6. Чекті поштаңызға жіберіңіз немесе басып шығарыңыз.

Ескерту! Төлемді төлем иесінің өзі де, сондай-ақ, үшінші тұлғалар да жасай алады

Бұлбұл БЕКТЕМІС,

әлеуметтік қызметкер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *