«ӘРБІР КЕШІККЕН ҚҰРЫЛЫСТЫҢ АРТЫНДА ЕЛДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТҰР»

Саясат Қоғам
125 Views

Түркістан облысыныңәкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, өзекті мәселелерібар инфрақұрылым нысандары мен ғимараттардың жай-күйімен танысты. Алдымен Шолаққорғандағы Созақ аудандық орталық ауруханасының ғимаратын көрді. Нысан2009 жылы пайдалануға берілген. Кәріз және жылу жүйесіне 2021 жылы күрделіжөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделіжөндеу жұмыстары қажет.

Жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Сондай-ақ аурухананы қосымша электр желісімен қамтамасыз етуді қажет. Өңір басшысы жауаптыларға мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Жастарды ауыл ауруханаларына жұмысқа тарту мәселесіне басымдық беру керектігін айтты.

Одан кейін облыс әкімі АГТС бар магистральды газ құбырының құрылысымен танысты. Шолаққорған ауылдық округі мен Жеткіншек елді мекенін «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету мақсаты көзделген нысанның құрылысы 2018 жылы басталған. 2019 жылдан осы уақытқа дейін 3 615 974,0 мың теңге игерілген. Биыл АГТС қондырғыларын орнатып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық аяқтау үшін қаражат қажет.

– Өңірде құрылысы бірнеше жылға созылып келе жатқан нысандар бар. Бұл мәселеге нүкте қоятын кез келді. Енді мұндай кемшілікке жол берілмеуі тиіс. Қаржысы бөлінсе, жер анықталса, мердігер жұмысты уақытында аяқтауы керек. Әрбір кешіккен құрылыстың артында елдің мәселесі тұрғанын естен шығармайық,– деген Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Созақтағы АГТС бар магистральды газ құбырын толық аяқтауға қолдау көрсетіледі. Газ құбырының ұзындығы 200 мың метрден асады. Жалпы бүгінде Шолаққорған елдімекенінде 20 мыңға жуық халық тұрады.

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖЕДЕЛ ШЕШІЛУІ ТИІС

Ғимараттары мен оның аумағының тазалығы сын көтермейтін, күл-қоқысқа толған білім ұяларының директорлары қызметімен кетуі мүмкін. Санитарлық талаптар сақталмаған мектептердің жай-күйі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кезекті көшпелі мәжілісінде ортаға салынды. Отырыста барлық саладағы кемшіліктер талқыланды. Облыс әкімі білім, денсаулық сақтау, санитарлық тазалық, елді мекендерді абаттандыру саласындағы мәселелерді де шешуді тапсырды. Аудан әкімі мен жауапты басқармаларға жұмысты жандандыруды тапсырды.

– Жанашырлық болмаса, тірлік – осы. Әлеуметтік нысандарды күтіп әрі таза ұстауға қосымша қаржының қажеті жоқ. Ниет пен талап керек. Өзі басқаратын мекеменің тазалығын сақтай алмайтын директорлар мен басшылардың қызметтік жауапкершілігі қаралуы тиіс. Мәдениет үйінің маңының өзінен кемшілік анықталып отыр. Ауданда инфрақұрылым мен елді мекендерді абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өз деңгейінде емес. Көрсетілген кемшіліктерді жою үшін 15-ші маусымға дейін уақыт береміз. Ауданда жалпы 12 қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орын бар. Оның 6-ауы экологиялық талаптарға сай келмейді. Күл-қоқыстарды қысқа мерзімде жойып, полигондарды ретке келтіру, сондай-ақ, тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу керек. Ұзаққа созылған құрылыс нысандарының да мәселесін жедел шешкен жөн. 2018 жылдан бері индустриалды аймақта жобалар іске аспаған. Осыған байланысты ауданда инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін кемінде жаңа инвестициялық жобаларды ұсынып, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, – деді Дархан Сатыбалды.

Көшпелі мәжілісте Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданды дамыту бағытында кездескен әрі қордаланған мәселелер жөнінде баяндады. Әр сала бойынша атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерді мәлімдеп, жұмысты ширату жөнінде нақты ұсыныстар берді.

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы есеп берді. Жыл басынан бергі 4 айдағы экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. Жергілікті бюджет кірістеріне 2022 жылы 17 млрд. 736 млн. теңге қаржы түсіп, жоспар 100,8 пайызға немесе 132 млн. теңгеге артығымен орындалды. Биылғы жылдың I тоқсанында жергілікті бюджет кірістеріне 3 млрд. 799 млн. теңге қаржы түсіп, жоспар 141,3 пайызға жеткен немесе 1 млрд. 110 млн. 534 мың теңгеге артқан. Бірінші тоқсанда ауданда 121 млрд. 967 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі, ауыл шаруашылығы саласындағы 3 млрд. 867 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Мәжілісте облыс әкімі тарапынан аудан әкімі мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуы қатаң бақылауда болады. Созақ ауданының инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарының өмір сапасын көтеру жұмыстары жалғасын табады.

23 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ АЛАҢЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мақтаарал өңірінде өткен жылы 80,9 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында – 65,1 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 15,7 млрд. теңге, ауыл шаруашылық қызметі саласында – 52,1 млн. теңге. Бұл жайында брифингте аудан басшысы Бақыт Асанов мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймақтың негізгі капиталына салынған инвестицияның көлемі былтыр 22,5 млрд. теңгені құрап, алдынғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға өскен.

– 2022 жылдың қорытындысымен аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 16 млрд. теңгеге жетсе, өңдеу өнеркәсібі саласында 13,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Сонымен қатар, былтыр өңірде 23 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы іске қосылды. Инфрақұрылымды дамыту бойынша аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі, яғни 97,1%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда 49 елді мекенге 24 сағат, 18 елді мекенде кестемен ауыз су берілуде. Бұдан өзге, 69 елді мекеннің 36-сы табиғи газбен қамтылған. Бұл аудандағы елдімекендердің жалпы санының 52,1%-ын құрайды. 2022 жылы 53,4 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар мен 46,5 шақырымдық елдімекендердің ішкі көшелері орташа және ағымдағы жөндеуден өтті, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауданда 2022 жылы 8 172 адам түрлі жұмыстарға тартылған. Қоғамдық жұмыс орындарына 2 042 адам жолданып, оның 1633-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Әлеуметтік жұмыс орындарына 369 адам жолданып, оның 331-і тұрақты жұмысқа орналасты. Ал жастар практикасынан 655 адам өтіп, оның 46-сы тұрақты жұмысқа орналасқан.

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қала аумағында орналасқан Самал шағын ауданындағы бірқатар мәселелері бойынша қала әкімі М.Доспуловпен бірге аумақты аралады.

Алдымен шағын аудандағы жауынды маусым кезінде су басу қаупі бар аумақтарына арнайы барып, мәселенің шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, шағын аудандағы «Жеңістің 65 жылдығы» атты көшенің бүгінгі таңдағы жағдайымен танысқан аудан басшысы, көшені орташа жөндеу жұмыстары бойынша қала әкімі М.Доспуловқа қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетсек, Сарыағаш қаласы «Жеңістің 65 жылдығы» көшесінің ұзындығы 700 метрге жуық жолын орташа жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттамасы әзірленіп, бүгінгі таңда бюджеттік өтінім берілген. Бюджеттен тиісті қаржысы қаралса, алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарда.

АУДАНДА БІЛІМ ОШАҚТАРЫН АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жеке кәсіпкер Бахтияр Нарбаевты қабылдады. Жеке кәсіпкер өзінің Құркелес ауылдық округі, Келес ауылынан 11 жылдық мектеп салу бойынша жобасын аудан басшысына таныстырды.

Қабылдауда жеке кәсіпкер Б.Нарбаевтың өз қаражаты есебінен 11 жылдық мектеп салып беру бастамасын аудан әкімі Арман Абдуллаев қолдап, келесі кезекте жер мен өзге де құжаттандыру мәселесіне қатысты түйінді мәселелер талқыланды.

Қазіргі таңда, Келес ауылында «№47 С.Көбеев» атындағы шағын жинақты 60 орындық бастауыш мектеп қана бар. Ол жерде 1-4 сынып аралығындағы 105 бала білім алады. Ал 5-11 сынып аралығындағы 95 бала көрші ауылдардағы мектептерге тасымалданып оқуда.

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛАДЫ

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Қарақоңыр, Отырар ауыл округтерінде болып, ауыл халқының талап-тілегін тыңдады. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Ұзақов Уәлихан Жамалханұлы, жауапты сала басшылары да қатысты. Кездесуді Ұлы сазгер Шәмші есімімен аталған ауылдан бастаған аудан басшысы елді мекендегі көгалдандыру жұмыстарымен танысып, жаңадан салынатын спорт кешенінің құрылыс жобасын пысықтады. Аралау кезінде ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, алда атқарылатын жұмыстарды баяндады.

Ағымдағы жылы елді мекенде орналасқан Ш.Ерманов, Азаттық, Әділет және Шәмші ауылына кіре беріс көшелерді жарықтандыру, Ш.Қалдаяқов ауылы мен Қарақоңыр станциясы аралығына аяқ жол салу, балалар ойын алаңшасын салу, Арыс елді мекені Ш.Әбілқасымов және У.Илясов көшелерін орта жөндеу, Сырдария елді мекенін газдандыру жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасын табады деп күтілуде.

Кездесуде ауыл тұрғыны Балтабек Әбдешбек пен Жәнібек Жаппар ауыз су мәселесі бойынша өз өтініштерін айтып, ауыл халқына ауыз су 24 сағат бойы берілсе деген сауалын жолдады. Бұл мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар беріліп, тиісті жұмыстарды үйлестіруді жүктеді.

Мұнан соң Отырар ауыл округіндегі «Ернұр» шаруа қожалығында болып, бау-бақша ісінің барысымен танысты. Шаруашылық төрағасы Қуандық Маябасов 6 га жерге қауын-қарбыз егіп, мол өнім алуды көздеп отыр. «Биыл ауа райының құбылмалы болуына байланысты қауын-қарбызды подкленка арқылы егіп, өсіріп отырмыз» – дейді берекелі істің көзін тапқан кәсіпкер. Аудан әкімі кәсіпкердің ісіне оң бағасын беріп, қолдауға дайын екенін айтты.

Одан әрі М.Шойманов ауылындағы саябақта көгалдандыру жұмыстары аясында егілген көшеттерді аралап көрді. Аталған жасыл аймақта 1000-нан аса көшет егілсе бүгінде оның 60 пайызы ғана өнген. Аудан әкімі көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру керектігін айтып, ауыл округінің әкіміне тапсырмалар жүктеді.

Саябақ алдында тұрғындармен кездескен аудан басшысы ағымдағы жылы ауыл округі бойынша атқарылатын жұмыстарды баяндады. Аудан әкімі атап өткендей биылғы жылы ауыл округіндегі М.Момбеков, С.Ағыбаев, Ә.Сержан көшелерін жарықтандыру, Арыс ауылынан спорт ойын алаңшасын салу, Қалыбеков, Ә.Смайлов, К.Момбеков, Бейбарыс-Сұлтан көшелерін орта жөндеу, Қорқыт ата, №14, Қ.Кизбаев көшелерін ағымдағы жөндеу, Арыс, М.Шойманов елді мекендерін газдандыру жұмыстары атқарылатын болады.

Кездесу барысында ауыл тұрғыны Өскен Сариев пен Ілес Жұмашов оман жағасындағы ыза суды азайту мақсатында Д.Алтынбеков каналының бетонмен қаптау жұмыстарын жөндеуден өткізу туралы өтінішін жеткізді. Аталған мәселеге байланысты аудан басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.

Кездесу жиындарынан соң аудан әкімі қос ауыл округтің тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, қабылдауда көтерілген көшелерге тас төсеу, ауыз су, суармалы жер және өзге де мәселелер бойынша заң аясында тиісті жұмыстар атқаратынын айтты.

АУЫЗ СУ, ЖОЛ, ЖАРЫҚ, ГАЗ – АУДАН ҮШІН БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Сауран ауданында инфрақұрылымды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстардың бірқатары жөнінде Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындарымен кездесуінде баяндады. Осы жылдың наурыз айында 13 көшеге көгілдір отын кіргізілді. Тағы 27 көшенің тұрғындары көмір тасып, күл шығарудың машақатынан арылмақ. Көптен күткен жасы мен жасамысы үшін қуаныш. Ауылдарды газбен қамту кезең-кезеңімен жүзеге асады.

– Ауыз су, жол, жарық, газ – аудан үшін басты мәселе. Біз жоспар жасап, сіздердің талаптарыңызды кезең-кезеңімен орындауды қолға алып жатырмыз, – деді аудан әкімі.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ескі Иқан ауыл округіндегі Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, Достық-2, Достық-4, М.Әуезов, Сұлтанқожа, Салауат көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына мердігер мекемелері анықталып, құрылыс жұмыстары басталады. Жоба құны – 149,1 млн. теңге. Ескі Иқан елді мекеніндегі су тазарту қондырғысына 45 шақырым су құбыры желісін тартуға ЖСҚ әзірленген.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қалаларды аралап, тұрғындармен кездесу барысында түрлі өтініштер тіркелген болатын. Өңірде осы өтініштерді орындау бойынша жұмыстар жалғасын табады.

20,5 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН

Шардара ауданында былтыр өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 135 млрд. теңгені құрады. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 35,5 млрд. теңгеге жетті. Биыл көрсеткішті 45,5 млн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбаев мәлімдеді.

«Ауданда 2022-2027 жылдары жалпы құны 40,8 млрд. теңгені құрайтын 23 жобаны іске қосып, 1 025 адамға жаңа жұмыс орнын ашу қолға алынды. Бүгінгі таңда 4 жоба іске асқан. Жыл соңына дейін құны 3,6 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асып, 187 адам жұмыспен қамтылады. Ал 2024-2027 жылдарда 13 жоба жүзеге асып, 675 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», – деді аудан басшысы.

Ауданда өткен жылы 20,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ, жалпы құны 412,1 млн. теңгені құрайтын 5 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, инфрақұрылыммен қамту бойынша ауданда 25 елді мекеннің 18-і ауыз сумен қамтылған. Ал көгілдір отынмен 24 елді мекеннің 9-ы қамтылған. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың соңына дейін 38,2 шақырымды құрайтын 51 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайға жолдардың үлесін 87%-ға жеткізу жоспарланған.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылы 3 998 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 161,5%-ға орындалған.

2023 жылға жоспар 2 796 азаматты құраса, 1-тоқсанға 1 362 жұмыссыз азамат бағдарламаға тартылып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *