ОРЫНБАСАР – ОҢ ҚОЛЫҢ, ҚОЛҒАНАТЫҢ

Кездейсоқ жаңалықтар
949 Views

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға және Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелер туралы» Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен Қайрат Нұртай қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлық қамтамасыз ету департаментінде, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мұнай өнеркәсібі департаментінде, ҚР Президенті Кеңсесінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарған. 2015 жылдың 26 қаңтарынан Шымкент қаласы әкімінің идеология саласы жөніндегі орынбасары болып абыройлы қызмет жасады. Мемлекеттік басқару ісінде жоғары тәжірибелі маманға жаңа қызметінде табыс тілейміз!

Сонымен қатар Бауыржан Мамыталиев, Данат Жумин, Нұрсадық Ергешбек және Гүлжан Құрманбекова да Шымкент қаласы әкімінің салалық орынбасарлары қызметіне тағайындалды.

«Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демекші, Ғабидолла Рахметоллаұлының таңдауы міне, осындай білікті мамандарға түсіп отыр. Қайрат Нұртай – әкімнің оң қолы болса, қалған орынбасарлары қолғанаты болып, ел игілігі жолында еселі еңбек етеді деген сенімдеміз.

«Әділет — ақпарат».

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *