ПАРАЛИМПИАДАШЫЛАР ТАБЫСЫ

Спорт
772 Views

Биылғы 11-16 тамыз күндері Алматыда тірек-қимыл мүшесі зақымдалған спортшылар арасында садақ атудан Қазақстан Республикасының кезекті чемпионатыөтті. Оған қатысқан Жахангир Исақұлы Аблаев басшылық жасайтын Шымкенттегі №19мүгедектерге арналған спорт клубының өкілдері жоғары нәтижеге жетісті. Атапайтқанда, Айбек Есқараев бір алтын, бір күміс, Қайратбек Толымбеков алтын,Дмитрий Кудин қола медальді жеңіп алды.

15-18 тамыз аралығында Ақтөбеде Қазақстан Республикасы V жазғы паралимпиадалық ойындарының бағдарламасына енген суға жүзуден жарыс өткізілді. Тірек-қимыл мүшесі зақымдалған және көзі нашар көретін және көрмейтін спортшылар арасындағы сайысқа қатысқан аталмыш спорт клубының өкілдері 18 алтын, 10 күміс, 2 қола медаль иемденіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынды еншіледі. Ұжымдық табысқа Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Сания Шарафовна Асулова мен Аясбек Бижігітов қосқан үлес мол.

Дәл сол күндері Қостанайда құлағы нашар еститін және естімейтін спортшылар арасында грек-рим және еркін күрестен Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты өтті. Онда аталмыш спорт клубының өкілдері Шадияр Пернеш алтын, Сабыржан Рсалы, Жақсылық Досымжан, Әділ Тілектес күміс медальға ие болды. Балуандарды жауапты жарысқа жоғарғы санатты жаттықтырушы Ғалымжан Омар дайындады.

«Әділет-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *