ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

Қоғам Құқық
654 Views

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданыПолиция басқармасының кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторыполиция капитаны Хурсан Атажанов Терешкова атындағы №93 жалпы орта білімберетін мектеп оқушыларына «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында сабақ өткізді.Онда оқушылардың сабаққа толығымен қатысуын және түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында ойынханалар, мешіттер,көңіл көтеретін орындарға рейд жүргізілетіні айтылды.

Жасөспірім балалардың туыстарына айтпай, үйден жыраққа шығып кету жайттарының соңы баланың жоғалуына әкеп соғуда.

«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек», – дейді ювеналды полиция өкілдері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *