КЕДЕН КОДЕКСІН БІЛЕ ЖҮРІҢІЗДЕР

Қоғам Құқық
1 043 Views

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (әрі қарай – ЕУЭО кодексі) «тауар» ол кез келген жылжымалы мүлік, соның ішінде мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 115-бабының, 2 тармағына сәйкес мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң нысанға айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен тағы басқа да мүлiк жатады делінген.

Сонымен қатар ЕУЭО кодексі 5 бабының 1 тармағында одақтың кедендік аумағын мүше мемлекеттердің аумағы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтары шегінен тысқары орналасқан жасанды аралдар, құрылыс жайлар, қондырғылар және оларға қатысты мүше мемлекеттердің айрықша юрисдикциясы бар өзге де объектілер құрайды деп белгіленген.

Аталған кодексте одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу – ол тауарларды Одақтың кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды Одақтың кедендік аумағынан әкету көрсетілген.

Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау Одақ туралы Шартқа сәйкес көзделген тауарлардың шығарылған жерін анықтау мақсаттарында және қағидалары бойынша жүргізіледі.

Одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау, егер Одақ шеңберіндегі Халықаралық шарттарда, Одақтың үшінші тараппен Халықаралық шарттарында немесе мүше мемлекеттің үшінші тараппен Халықаралық шарттарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, Комиссия белгілеген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

Кедендік-тарифтік реттеу шараларын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану тауарлардың шығарылған жеріне байланысты болған кезде барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған жері расталады.

Тауарлардың шығарылған жерін растау:

  • Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған;
  • Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген жеке пайдалануға арналған тауарларды;
  • Әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.
  • Егер кеден органы тауарлар:
  • Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге байланысты Одақтың кедендік аумағына немесе мүше мемлекеттің аумағына әкелуге;
  • Одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге байланысты Одақтың кедендік аумағынан немесе мүше мемлекеттің аумағынан әкетуге;
  • мүше мемлекеттің аумағына, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес әкелуге;
  • мүше мемлекеттің аумағы бойынша осы мүше мемлекеттің үшінші тараппен Халықаралық шарттарына сәйкес транзиттеуге тыйым салынған елден (елдер тобынан, елдердің кедендік одағынан, елдің өңірінен немесе бір бөлігінен) шыққан тауарлардың осындай елден шығарылғандығының белгісі анықталса, осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан тауарлардың шығарылған жері расталады.

Егер жоғарыдағы көрсетілген жағдайларға сәйкес мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мүше мемлекеттің аумағына әкелуге тыйым салынған тауарлар, аумағына мұндай тауарларды әкелуге тыйым салынбаған мүше мемлекетке Одақтың кедендік аумағы арқылы тасу (тасымалдау) үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылса, тауарлардың шығарылған жерін растау талап етілмейді.

Басқа мүше мемлекетке Одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды қоспағанда, сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген мүше мемлекет заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында мүше мемлекеттің кеден органдары осы мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен тауарлардың шығарылған жерін растауды талап етуге құқылы.

Тауардың шығарылған жері туралы құжат тауардың шығарылған жері туралы декларация немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификат болып табылады. Тауардың шығарылған жері әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларына немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы декларациямен немесе тауардың шығарылған жері туралы сертификатпен расталады.

Тауарлардың шығарылған жері туралы декларация – ол тауарға қатысы бар және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) немесе тауар әкетілетін елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) дайындаушысы, сатушысы немесе жөнелтушісі мәлімдеген тауардың шығарылған жері туралы мәліметтер қамтылған коммерциялық немесе кез келген басқа құжат.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат – ол тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін – тауардың әкетілетін елін (елдер тобын, елдердің кедендік одағы, ел өңірі немесе бір бөлігін) анықтау қағидаларында белгіленген жағдайларда берілген белгілі бір нысандағы құжат.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *