Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында бас бостандығынан айыружазасынан бөлек қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлері деатқарылуда. Мұның ең басты мәселесі – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емесжазаға сотталғандардың өмір салтын және мінез-құлқын бақылап, олардың тарапынанқайта қылмыс жасау әрекеттеріне жол бермеу болып табылады. Осыған орай пробацияқызметі мен ішкі істер органдарымен бірлесіп қолданыстағы заңнамаларға сәйкесқоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың өмір салтын жәнемінез-құлқын бақылауда біршама жұмыстар атқарып, сотталғандармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу іс-шаралары жүйелі жүргізілуде.
Шымкент қалалық №1 Пробациялық қадағалау басқармасы бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Атап айтқанда, мына бейбіт өмірде жазатайым қадам жасап, темір тордың арғы жағына барып қайтқан азаматтардың бәрінің тұрғылықты жері бойынша тізімі жасақталған. Оларды жұмысқа орналастыру мәселесі де оңтайлы шешімін табуда. Көше тазалау, абаттандыру шараларына қатыстыру, тағы басқа да қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Сөйтіп, бейбіт өмірге оралғандарды үйде де, түзде де қоғамдық тәртіпті бұзбауына, тағы басқа да қылмыстық әрекеттерге бармауына ықпал жасаудамыз.
Пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталып, жазаны өтеу барысында өздерінің түзелгендерін дәлелдеп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 64-бабының 1-бөлігі және 72 бабының 3-бөлігі негізінде мерзімнен бұрын қылмыстық жазадан босатылғандар да, ал көрсетілген сотталғандармен қайта қылмыс жасау деректері де орын алып, бас бостандығынан айырылып отырғандар да бар. Қоғамымызда тәртіптің билік етуі бір қалада, бір облыста, бір елде тұрғанымыздықтан, мұндай маңызды мәселе баршамызға ортақ болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тәртіпті сақтау – бәріміз үшін басты міндет. Еліміздің игілігіне бағышталған заңдарды құрметтеп, мәнді де сәнді өмір сүруге күш салайық. Өйткені, бостандық – бәрінен қымбат.
Е.ЕРЕЖЕПОВ,
Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №1 Пробациялық қызмет бөлімінің инспекторы, әділет капитаны.