МҮГЕДЕКТІКТІ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Денсаулық Құқық
791 Views

Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңына сәйкес адамның мүгедектiгi мен еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң медициналық-әлеуметтiк сараптама (бұдан әрі — МӘС) жүргiзуi жолымен жүзеге асырылады.

МӘС-ны жүргізу тәртібі «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағида) реттелген. Осы Қағиданың талаптарына сай медициналық ұйымдар адамдарды, тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін МӘС-ке жібереді.

№10 мамандандырылған МӘС бөлімі Түркістан облысы халқына психикалық және туберкулез аураларына мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ, куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау бойынша мемлекеттік қызметті көрсетеді.

Жоғарыда аталған заңнамалармен бекітілген тәртіптеріне сәйкес, 2022 жылдың 6 айында №10 мамандандырылған МӘС бөлімімен жалпы облыс бойынша 1922 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 223 яғни 11,7%-пайызы алғашқы рет мүгедектікті белгілеу болса, қалғаны 1689 яғни 88,3% мүгедектікті қайта куәландыру және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу немесе түзету болып табылды.

Алғашқы рет куәландырылғандардың саны 223, оның ішінде 217 қызмет алушы мүгедек деп танылған, 6 науқас негізсіз жіберілген. Мүгедек деп танылғандардан 127 ересектер болып (58,5 пайыз), 18 жасқа дейін мүгедек деп танылғандардың саны – 90 (41,5 пайыз) құрайды.

Осы жерде «Мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы айтып өту керек. Пилоттық жоба 2021 жылдың 1 қазанын бастап жүзе асырылып жатыр. Пациент динамикалық бақылаудан, диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларының кешенінен өтеді, ол деректерді медициналық қызметкерлер пациенттің денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді қамтитын медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне енгізеді. 031/у нысаны толтырылып, енгізілген соң, МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшылары түскен құжаттарды қарайды және МӘС актісі жобасының нөмірі түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптамалық шешім шығарады. Сырттай куәландыру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның заңды өкіліне мынадай құжаттар:

мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектігі туралы анықтама; ОЖБ-ның әлеуметтік/кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме; Еңбекке қабілеттілігінің жалпы айырылу дәрежесі туралы анықтама; мүгедек деп танылмаған жағдайда – МӘС қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес толық оңалту туралы хабарлама; алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайда, ОЖБ-ны әзірлеуге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдердің болмауына байланысты ОЖБ әзірлеуге немесе оны түзетуге негізсіз жіберген жағдайларда — № 031/е нысанындағы «МӘС-тің сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама» беріледі.

Пилоттық режимде сырттай куәландыру өткізілетін нозологиялық нысандардың тізбесіне басқа ауру түрлерімен қатар барлық локализациядағы туберкулез, психикалық ауру, оның ішінде ақыл-ойдың кемістігі, балалық аутизм аурулары жатады. 2022 жылдың 1-жартысында №10 мамандандырылған МӘС бөлімі бойынша 355 науқас сырттай куәландырудан өткен, оның ішінде 1 топ мүгедектігі – 55, 2 топ – 45, 3 топ – 21, мүгедек бала – 19, мүгедек бала 1 топ – 158, мүгедек бала 2 топ – 22 науқасқа тағайындалған. 148 науқас толық оңалтылған. Сырттай куәландырудың жақсы тараптары медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілу барысында құжаттар жинауды қажет етпейді, керекті ақпараттар цифрлеген түрде ақпараттық жүйелері арқылы дәлелденіп алынады. Қызмет алушы тек қана медициналық мекемеге жүктеледі, әртүрлі мекемелерге барып құжат жинау деген болмайды. МӘС бөліміне бармай, мемлекеттік қызмет алу сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдік болмайды.

М.К.ИГЛИКОВА,

Түркістан облысы бойынша департаменті РММ №10 мамандандырылған МӘС бөлімі басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *