«ПРОБАЦИЯ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Құқық
408 Views

ІІМ-нің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 166 бұйрығыменбекітілген ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған Операциялық жоспарының 115-тармағын орындау үшін, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробацияқызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2022 жылғы наурыздың 14-23 аралығында өткізілетін республикалық «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандар жағынан құқық бұзушылық және қайталанды қылмыстар профилактикасы, іздеу салынған сотталғандарды анықтау. Осыған байланысты Шымкент қалалық Еңбекші аудандық әкімдігі, Шымкент қалалық жергілікті учаскелік полиция инспекторлары және Шымкент қалалық №1 пробация қызметі бөлімінің инспекторлары арасында дөңгелек үстел жиналысы өткізіліп, хаттама түзілді. Мақсаты – қайта қылмыстың алдын-алу, сот үкімінде жүктелген міндеттерді орындау және оны орындау.

Пробация қызметі Қазақстанда 2012 жылы ҚАЖ құрамындақұрылған. Біздің міндет бұрынғы тұтқынға қоғамда бейiмделуге, туындаған әлеуметтiк мәселелердi шешуге көмектесетiн мамандандырылған орган болыптабылады. Бүгiнгi таңда Қазақстанда пробация қызметiн құру қылмыстық-атқаружүйесiн iзгiлендiруге байланысты ерекше өзектi болып отыр. Сонымен қатар,сотталғандарды қоғамнан оқшаулаусыз жазаларды қолдану аясын кеңейтуэкономикалық тұрғыдан мемлекеттiк бюджетке түсетiн жүктеменi азайтуға мүмкiндiкбередi.

Д. ПОШАХАЕВ,

Шымкент қалалық №1 ПҚ бөлімінің

аға инспекторы, әділет капитаны.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *