АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚТЕХНОЛОГИЯЛАР – БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫ

Білім
608 Views

Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік деңгейде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және дамыту бойынша көптеген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде. Мұндай қайта құрулар экономиканың барлық салаларына, соның ішінде білім саласына да қатысты. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жоғары білікті кадрларды даярлау қажет, бұл бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болы отыр.

Орталық Азия Инновациялық Университеті бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және математика, физика салалары бойынша мамандар даярлауда. Университеттің «Халықаралық гуманитарлық техникалық институты» құрамында «Техника және ақпараттандыру» кафедрасы бар. Осы кафедраның тікелей басқаруымен 6В01509 – Математика, 6В01506 – Математика-Информатика, 6В01512 – Математика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 6В01507 – Физика-Информатика, 6В01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау, 6В06106 – Компьютерлік ғылымдар, 6В06102 – Ақпараттық жүйелер, 6В06103 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 6В06104 – Информатика, 6В07501 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламалары дайындау жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, бүгінгі таңға сәйкес жалпы білім беретін мектептерге «Информатика және Робототехника» бағыты бойынша мұғалімдер қажеттілігі туындағандықтан, жаңа білім беру бағдарламасы даярлануда.

Біздің университетіміздің миссиясы – инновациялық білім беру технологияларын дамыту және жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Кафедрада педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және стандарттау, сертификаттау бағыттары бойынша білім алушылар мамандықты игеруде.

Кафедрада ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлер, аға оқытушылары отызға таман ғылыми педагогикалық құрам өздерінің білікті тәжірибесі барысында, болашақ педагог мамандарын заманауи білім нәрімен сусындатып отыр.

«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша білім алатын білім алушылар қолданбалы қосымшалар мен компьютерлік жүйелер арасындағы қарым-қатынасты нақты түсінетін, IT-инновациялық технологияларды меңгерген, практикалық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар, ақпараттық технологиялардың теориялық және математикалық перспективалары тұрғысынан жұмыс істей алатын, қазіргі заманғы технологиялық қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандықты игеріп шығады.

«Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының мақсаты — еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін, тауар өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, индустриялық-инновациялық проблемаларды шешуге сәйкес келетін халықаралық стандарттар деңгейінде тиімді жұмыс істейтін жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Педагогикалық бағыт бойынша кафедрада физика, математика, информатика білім беру бағдарламалары бойынша, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары білікті, көшбасшылық қасиеттеріне ие, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана алатын, оқу үдерісін заман талабына сай ұйымдастыра алатын физика, математика және информатика бойынша бəсекеге қабілетті жаңа форматтағы мұғалімдерді даярлау жұмысы жүргізілуде.

Университетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша маман даярлау үшін жаңа буындағы компьютерлер мен электрондық құрылғылар толығымен қамтамасыз етілген. Барлығы 15-тен астам арнайыландырылған компьютерлік сыныптар бар. Физика бағыты бойынша заманауи талаптарға сай 2 зертханалық сынып жабдықталған.

Оқу барысында білім алушылар болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын, олардың қызметінің нақты саласын анықтайтын пәндердің негізгі мәселелерін және олардың тұтас білім жүйесіндегі өзара байланысын біледі. Білім алушыларға қоғамдағы және олардың жеке өміріндегі нақты жағдай өзгерген кезде олардың кәсіби қызметінің түрі мен сипатын өзгертуге әдістемелік және психологиялық дайындық қабілеті үйретіледі.

Кафедра жылда жаңа оқытудың техникалық құралдарымен толықтырылуда. Сонымен қатар білім алушыларға университеттің компьютерлік орталығымен жұмыс істеуге толық мүмкіндік жасалған. Білім алушыларға INTERNET-ті пайдалануға мүмкіндік берілген. Барлық компьютерлік сыныптарда шектеусіз интернет желісінде жұмыс жасау қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, университет корпустарының ішінде тегін Wi-Fi жүйесі жұмыс жасайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – бұл бүгінгі заман талабына сай негізгі салалардың бірі екенін айтып өткен жөн деп санаймын.

Нұрзақ ДҮЙСЕНОВ,

техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Орталық Азия Инновациялық Университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *