Қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған сотталғандар арасындағы қылмыстардың алдын алу үшін ақпан айында жыл аралықта өтетін республикалық профилактикалық іс-шара жүргізіледі.
Аталмыш іс шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін, тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру болып табылады.
Бұл профилактикалық іс-шара барысында, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Шымкент қалалық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерлерін тексеріп, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда сотталғанға қатысты шаралар қолданылады.
Н.МАХАНОВ,
Шымкент қаласы Абай ауданы
Пробация қызметі бөлімінің инспекторы,
әділет капитаны