БОСТАНДЫҚ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Қоғам Құқық
333 Views

Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің баптарында бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жаза түрлері де атқарылуда. Мұның ең басты мәселесі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың өмір салтын және мінез-құлқын бақылап, олардың тарапынан қайта қылмыс жасау әрекеттеріне жол бермеу. Осыған орай пробация қызметі мен ішкі істер органдарымен бірлесіп, заңнамаларға сәйкес қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың өмір салтын және мінез-құлқын бақылауда біршама жұмыстар атқарып, сотталғандармен қайта қылмыс жасаудың алдын-алу іс-шаралары жүргізілуде. Пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталып, жазаны өтеу барысында өздерінің түзелгендерін дәлелдеп ҚР ҚК-нің 64-бабының 1-бөлігі және 72 бабының 3-бөлігі негізінде мерзімнен бұрын қылмыстық жазадан босатылғандар да, ал көрсетілген сотталғандармен қайта қылмыс жасау деректері де орын алып, бас бостандығынан айырылып отырғандар да бар. Қоғамымызда тәртіптің билік етуі бір қалада, бір облыста, бір елде тұрғанымыздықтан баршамызға мұндай мәселе ортақ болғай. Сондықтан мемлекеттік тәртіпті сақтау-бәрімізге ортақ міндет. Еліміздің игілігіне бағышталған заңдарды құрметпен мәнді де сәнді өмір сүруге күш салайық. Өйткені бостандық – бәрінен қымбат.

Е.ЕРЕЖЕПОВ,

Шымкент қаласы Абай ауданы

Пробация қызметі бөлімінің бастығы,

әділет капитаны

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *