ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Білім
105 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындау керек» деп Үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Елбасы қорының «Ел үміті» таланттарды анықтауға және қолдауға арналған бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасын орындау аясында аймақтарда дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтарын ашу тапсырылған болатын. Сондықтан облыс әкімі Ө.Шөкеевтің 2020 жылдың 13-қаңтардағы №2 қаулысы негізінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылған. Орталықта 3 бөлім жұмыс жасайды:
Дарынды балаларды анықтау және қолдау зертханасы;
Ақпараттық технологиялар және аналитикалық бөлімі;
Инновациялық даму зертханасы.
Мекеме қызметінің негізгі мақсаты – дарынды мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің әлеуетін одан әрі дамытып, интеллектуалды дені сау, физикалық тұрғыда және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Орталық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығының тізіміне енген 30-ға жуық олимпиадалар мен конкурстардың облыстық кезеңін ұйымдастырып өткізеді.
2023-2024 оқу жылында халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқаулардың облыстық кезеңіне жалпы 3293 оқушы қатысып, 1481 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Республикалық кезеңіне 286 оқушы жіберілді. Нәтижесінде 144 оқушы жүлде алды. Халықаралық олимпиадаларға 24 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға қол жеткізді.
Түркістан облысының оқушылары 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасында 2022-2023 оқу жылында республикалық кезеңге 65 оқушы қатысып, олардың 19-ы, 2023-2024 оқу жылында 74 оқушы қатысып, олардың 30-ы жүлделі орынға ие болды.
Бүгінгі уақыт талабы мәдени мен шығармашылыққа қабілеті жоғары оқушыны қолдау. Сондықтан да оқушыларымыздың ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек, олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап-жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі, қабілетті оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.
Алдымен қабілетті оқушы, ол өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ерекше қабілетті, талантты балалардың эмоциялық энергиясы, белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек, балалардың да ынталылығы, әскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн.
Жас жеткіншектің бойында табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу де оңай шаруа емес. Демек оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуына қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті.
ХХІ ғасыр мұғалімі білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы, оқыту мен тәрбиенің соңғы жетістіктерін меңгерген педагогикалық-психологиялық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл болуды қажет етеді.
«Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады» — деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, шәкірттерімізді тарихи саналы, құқықты тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу, шығармашылыққа шыңдау міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу басты парызымыз.
Дарын – адам бойындағы асқан талант ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы асқан алғырлық, зеректік. Бүгінгі таңдағы қоғам және ұстаз алдында тұрған ең жауапты міндеттің бірі — дарынды балаларды іздеу, оларды анықтау және қолдау.

Маулида КЕНЖЕТАЕВА,
Түркістан облыстық білім басқармасының “Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің педагог-психологы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *