РЕСЕЙ-УКРАИНА: СОҒЫС ҰЗАҚҚА СОЗЫЛУЫ МҮМКІН…

Саясат
394 Views

КӨКТЕМ ШЫҒА ШАБУЫЛ БАСТАЛАДЫ

2022 жылы 24 ақпанда басталған Ресей Украина соғысы екінші жылға аяқ басты.

Жаңа жыл қарсаңында, яғни 2023 жылдың басында Ресей армиясы Украина қалаларына тағы да жойқын шабуыл жасауы мүмкін деген болжам айтылып еді. Міне, екі елдің қиянкескі шайқасына бір жыл аунады. Алайда Ресей әскері шабуыл жасай алмады. Тек Бахмуд төңірегінде болған шабуылда аздап жетістікке жетті. Кремль Бахмуд қаласын басып алдық деп мәлімдеме жасаған болатын. Алайда ержүрек украин сарбаздары оларға әлденеше рет тойтарыс берді.

Жалпы батыс БАҚ мәліметтеріне қарағанда соңғы бір апта ішінде Украин қарулы күштеріне Ресей армиясының зымыранмен төпелеуі азайған. Бұл сөзімізге Британия барлаушылары таратқан мына ақпарат дәлел, яғни Ресей армиясын Ираннан алған ұшақтарымен шабуыл жасауды сиретті. Соған қарағанда Ираннан сатып алынған ұшақтар Ресейде таусылуы мүмкін.

Тағы бір негіздеме, Украина қарулы күштері «Біз Иран ұшақтарын жиі атып түсірдік» деп мәлімдеме жасағаны шындыққа саяды.

Сондай-ақ АҚШ және Британия барлаушылары Ресейге салған санкциялар сол елдің өнеркәсібіне ауыр соққы болды дейді. Қазір әскерге қару жетіспей жатыр. Қос мемлекет арасындағы текетірес әлі жалғасуда. Дегенмен, бұрынғыдай қайта-қайта шабуыл жоқ. Басты мәселе — қару жарақ екі жақтың да бас ауыртар түйіні болып отыр. Украина көктемге қарай шабылуға шығамыз деп отыр және арнайы мәлімдеме жасады да. Батыстан келетін қарумен Қырым өңіріне соққы бермек. Украин қарулы күштерінің ерте ме, кеш пе Қырымға шабуыл жасайтыны белгілі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *