ӘР ЕЛДІҢ САЯСАТЫ БАСҚА, БІЗДІҢ МӘЖІЛІСМЕНДЕР МҮЛДЕМ БАСҚА…

Саясат
159 Views

Әр мемлекет өз қотырын өзі қаситын кез, ал біздің мәжілістегі кей депутат Путиннің қотырын қасуға кіріскен бе?

Осыдан бірер күн алдын мәжіліс депутаты Путиннің жүргізіп жатқан саясатынқолдаймын, оның соғыс тактикалары, ұстанған бағыты дұрыс деп елдің назарынаілікті. Елді шулатып қызу талқыға түскен мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтыңбұл қай сасқаны? Әлде қазіргі заманша айтқанда хайптың артынан қуды ма? Хайпқуамын деп айыпқа ілініп қалмаса игі… Сасқан үйрек артымен сүңгиді. Сонда біздің депутаттар кремль басшысын қолдап, етегіне тығылғаны ма? Әлде Ресей әскеріУкраинадан ойсырап жеңіліп бара жатқанын байқап біздің мәжілісмендер қолдаутанытқысы келді ме? Ресей әскері Украинадан бас тартып біздің елге бет бұруымүмкін бе? Осыны алдын алу үшін Путинді мақтап-мадақтау депутатқа қаншалықтымаңызды?

Иә, ресейліктер кезінде елімізді жоққа шығарып, халықты отаршыл депжеріміздің топографиялық картасы жоқ деуі біздің билік басындағыларға сабақболмай тұрғандай, ресейдің саясатын қолдаулары несі тағы. Храпуновты тойдырыпоның сандырағын естісек те депутат мырзаларымыз Путинге қолдау танытып, қасқырдың терісін жамылғаны ма дерсің. Тыныш жатқан жыланның құйрығын басқан еленді жыланның ордасына түсіп кетті. Украина әскері Ресей сарбаздарын елдеріненқуып шығып жатыр. Солтүстіктің суық аязына ресейлік сарбаздар шыдас бере алмайтоңып бірінің етін бірі жеп жатқанын көре тұрса да Азамат мырза азаматтылығын танытып Ресей әскерінің күші мығым жаз айларына дейін Украинаны толығымен басыпалып Зеленскийді халқының өзі соттайды деп шегелеп айтуы нені меңзеп отыр. Әлемдік рейтингте 23-ші орында тұрған Украина әскерін бағындыру ресейліктерүшін оңайға соқпасы анық. Батыс елдері Зеленскийге қару жарақтар мен әскеритехникаларын беріп қолдарынан келгенше көмегін көрсетіп тұрғанда Путин бастағанәскер Ұлы Отан соғысында пайдаланған әскери техникалар мен сол заманның қаружарақтарын қолдарына алып, Украинаны тізе бүктіреді деген пікір келмеске кеткенсекілді. Алайда бұл пікірді біздің депутат мырза жоққа шығарып отыр. Сондақалай жетпіс жылдан астам уақыт саясатын жүргізіп келген Ресей мемлекетінқолдауымыз қаншалықты қажет? Әлде Путин қарулы күштерінің нысанасын түбі біздіңелге қарай бұру мүмкін бе? Украинаның қалаларына бомбаларымен атқылап,жеңілмеудің әрекетін жасап жатқан Ресей әскері енді әскер қатарына адамдардыкүштеп әкетіп жатыр деген ақпарат өз елдерінде қаптап жатыр.Былтырда дәл осыжағдай басталған. Елін жерін қорғайды деген ресей азаматтары әлемніңтүкпір-түкпір елдеріне қоныс аударып, соның ішінде Ресейге жақын біздің елге деорыстар ағылып кірді. Бұл жайт әлі күнге дейін жалғасып келуде. Ал, билікшекарамыздан ресейден келген адамдарды өткізбей елдеріне қайтарсақ Путинніңқаһарын тудырып аламыз ба деп қорықса керек. Алайда елге бейбіт заман қажет. Әрелдің салты басқа депутаттары қара қасқа. Біздің депутаттар мүлдем басқа.Азамат Әбілдаевтың бұл ойы өзінде қалсын елге бұлай ақпарат таныту елдің ызасын тудыратындығын ұмытып кетпесе екен. Себебі еліміз еңсесін тіктей алмай жатқандажантақ үстіне тікенді қадамаса деген ойымыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *