РУХАНИЯТЫМЫЗДЫҢ АЛЫП БӘЙТЕРЕКТЕРІ

Руханият
1 338 Views

2015 жылдан бастау алған бұл байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы облыстық байқау қазақ халқының жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғандарына 125 жыл толуына және балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 95 жыл толуына орай Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында «Руханиятымыздың алып бәйтеректері»» атты облыстық байқау өткізілді.      

Сарапшылар алқасына Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, мәдениет қайраткері, журналист, жазушы, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, «Әлемді кітап арқылы танимын» атты байқау идеясының авторы Күлия Смайылханқызы Айдарбекова (төрайым), «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, Түркістан облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің басшысы Эльдар Темірханұлы, балалар ақыны, «Алтын қалам» балалар шығармасы бойынша «Жылдың үздік жүлдегері» Дәркен Өміртайұлы Танабаев, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Біржан Байтуов, балаларға арналған республикалық «Ақылдым» журналының бас редакторы Бейсенкүл Жақсыбекқызы Нарымбетова енді.

Байқауға облыс көлеміндегі оқырмандар арасынан 29 үміткер қатысып, сарапшылар алқасы байқауға қатысушылардың сөйлеу мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетіне назар аударып, өнерін бағалап әділ бағасын берді. Нәтижесінде, байқауға қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

БАС ЖҮЛДЕ

7-10 жас аралығындағылардан Жанель Сапарәлі (Арыс ауданы), 11-15 жас аралығындағылардан Зухра Тұрсынбай (Шардара ауданы).

БІРІНШІ ОРЫН

7-10 жас аралығындағылардан Аянат Есенқабыл (Созақ ауданы), 11-15 жас аралығындағылардан Арайлым Қалдыбек (Келес ауданы).

ЕКІНШІ ОРЫН

7-10 жас аралығындағылардан Рақымжан Қошқарбай, 11-15 жас аралығындағылардан Шұғыла Аманалды (екеуі де – Түлкібас ауданынан).

ҮШІНШІ ОРЫН

7-10 жас аралығындағылардан Алина Нахишман (Мақтаарал ауданы), 11-15 жас аралығындағылардан Медет Мұратбек (Шымкент қаласы).

ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҚТАРЫ

7-10 жас аралығындағылардан Шыңғыс Заттыбек (Сайрам ауданы), Аружан Жұмабек (Отырар ауданы), 11-15 жас аралығындағылардан Еңлік Мәден (Ордабасы ауданы), Ақбота Пазылбек (Созақ ауданы).

Әсия СӘБДЕНҚҰЛОВА,

Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық

балалар кітапханасының

екінші дәрежелі кітапханашысы.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *