САСТӨБЕДЕ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Спорт
868 Views

Түлкібас ауданының Састөбе кентіндегі жаңа спорт кешені спорт күні мерекесіне орай пайдалануға берілетін болады.

Састөбелік жастар жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақшы. Себебі тамыз айының үшінші жексенбісі, яғни спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген су жаңа спорт кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.

454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған спорт орталығында бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес, тағы басқа да сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған.

Қазіргі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт мектебі мен 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Соның ішінде 1 облыстық, 3 аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 29,6 пайызға жетті. Жыл соңына дейін аудан жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы аудандағы тұрақты спортпен шұғылданушылар саның 30 пайыздан асыру жоспарда бар.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *