Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің көптеген елінде оныңсаяси дамуына байланыссыз, соның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретіндежалғасып келеді. Ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын,инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси жәнеқоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді. Елдің дамуына елеулі қауіп төндіреді.Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы».
Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің Халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану.
Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі – пара алу не беру болып табылады.
Басқа да көптеген мемлекеттер сияқты біздің еліміз де сыбайласжемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау жолында қарқынды жұмыс жүргізіпкеледі. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгіпринциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтыңтүрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққабайланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардыңзардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарынқорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілгентұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жергетамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдерсияқты біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Мемлекеттікқызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқықбұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білімдеңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кеймемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсібиәдептілігінің жетіспеуі, жеке басының қамын ойлауы парақорлықтың дендеуінесептігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтыңтамырын тереңдете түседі. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шарақолданудың негізі – азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез келгеназаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқаадамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеугеміндетті. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында берілген тапсырмалардың, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санап, қоғамдыжегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз біркісідей атсалысып, күресуіміз қажет.
С.РЫСҚҰЛОВА,
Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.