ТҮЙЕСІ БАРДЫҢ КИЕСІ БАР

Қоғам
407 Views

Түркістандық Қоңырбаевтар әулеті сонау атадан балаға жалғасып келе жатқан тіршілік көзі – қасиетті түйе тұқымын жоғалтпауды мақсат тұтқан. «Түйесі бардың киесі бар», «түйе байлық, сән-салтанат» деп бағалайды қазақ.

Неге десеңіз, түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен асып түседі. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәрлі дәрумендер жеткілікті. Түйе сүтінен дайындалған шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір ем және адам бойындағы қанды толықтырады. Кейінгі кезде шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны анықталды. Түйе жүні мен шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады.

Міне, осыншама пайдасы бар түйенің қадірін білген Қоңырбаевтар отбасылық кәсіпті кеңейту және жандандыру мақсатында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде несие алған еді. Бұл күндері Қордабай қарттың сүт кенжесі Абзал Қоңырбаев түйе бағады. Түйелер қысы-жазы Сырдың бойында. Он жеті сауын түйе бар, үш мезгіл сауылып, күніне жетпіс литрдей сүт алынады.

Абзал Қонысбаев:

– Қазіргі таңда шұбатын, етін Түркістан қаласының жергілікті дүкендеріне, базарларына ұсынып, сатып отырмыз. Арнайы сүт пен ет сақтайтын мұздатқышымыз бар. Мұсылман қауымның бес парызының бірі – ережеп айы ораза ауызашарға шұбат сусындары жақсы өтеді. Жазыгүндері той-томалақтың дастарханына қымыран алдыртатын адамдар көп, — дейді. – Ісіміз ақырындап алға басып келе жатыр. «Еңбек» бағдарламасының үлкен пайдасы тиді.

Абзалдың түйе шаруашылығында екі жұмысшысы бар. Бірі сауыншы, бірі бақташы. Оларға жалақы төленеді. Жеке кәсіпкер Абзал Қонысбаев секілді кәсібін өркендетіп отырған жандар көп. Олар жұмыссыздар қатарына тіркеліп, жұмыс орнында жалақы төленеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *