«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, праймеризжеңімпазы, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қалыйма Жантөрееваәлеуметтік желіде тікелей эфирде «Nur Otan» партиясының сайлауалдыбағдарламасын түсіндірді.
Тікелей эфир барысында Қалыйма Жантөреқызы партияның 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын жан-жақты баяндап, түйінді түйткілдердің шешу жолдарына тоқталды.
Эфир барысында әлеуметтік желі қолданушылары Қалыйма Жантөреқызына сәттілік тілеп, ыстық лебіздермен қатар, сауалдарды да көптеп жолдап отырды. Мәселен, Кентау қаласының тұрғыны Бейсен Самметов өзін ғана емес бүкіл Кентау халқының ойында жүрген мәселені көтерді. Ол: «Кентау қаласы қашан Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен экологиялық дағдарыс аймағына енеді?» – деп нақты сауал қойды.
«Құрметті Бейсен мырза, маңызды сұрағыңыз үшін көп рахмет. Түркістан облысы құрылған кезде Түркістан қаласына қарасты 12 елдімекен Кентау қаласының құрамына кірген болатын. Сол 12 елдімекен экологиялық дағдарыс аймағына енген күйі қалды да, Кентау қаласы және қала аумағындағы 4 ауыл яғни, Қарнақ, Хантағы, Байылдыр, Ащысай экологиялық дағдарыс аймағына енбеген күйінше қалып қойды. Бұл мәселе бойынша біраз жұмыстар атқарылған. Кентау қаласының экологиялық статусын анықтау үшін талдау жұмыстары жүргізілген. Жақында қоғамдық тыңдау өткізіліп, ұсыным қабылданатын болады», – деді Қалыйма Жантөреқызы.
Ол сондай-ақ, аталған ұсыным алдағы уақытта еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, экология министрліктеріне жолданатынын жеткізді.
Эфир кезінде желі қолданушылары Түркістанның дамуы, Кентау қаласының өсіп, өркендеуі, әлеуметтік көмек түрлері, жалақы, жұмыссыздықты жою, азық-түлік бағаларына да қатысты сауалдар жолдап, тұшымды жауаптарын алды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.